Әл-ауқат және қауіпсіздік


Күтілетін нәтижелер Оқушылар



бет13/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:


    • адам өміріндегі эмоциялардың, сезімдердің құндылығын анықтайды;

    • өз сезімдері мен уайымдарын талдайды.



Сабақ барысы


Оқушылармен «Басқатырғыш» мультфильмінен үзінді қараңыз (Эмоциялармен танысу көрінісі – «Басқатырғыш» [2015] (1/5) Full HD https://www.youtube.com/watch?v=tHLjLIKTVM8).

Оқушылармен адам өміріндегі эмоциялардың маңыздылығын талқылаңыз. Оқушылардан сезімдер эмоциялардан қалай ерекшеленетінін сұраңыз.


Эмоциялар мен сезімдер – бұл адамның ішкі әлемінің тұстары, олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ айырмашылықтары бар. Эмоция – бұл әртүрлі оқиғаларға жауап ретінде пайда болатын қысқа және қарқынды күй. Сезім – бұл адамның жалпы эмоциялық бейімділігін көрсететін ұзақ және тұрақты күй. Эмоциялар көбінесе қозу мен толқу сияқты физиологиялық реакциялар арқылы, сондай-ақ мінез-құлықтық реакциялар арқылы көрінеді (мысалы, күлу, айқайлау). Сезімдер саналы түрде көрсетіледі, олар адамның ойлары мен түсініктерімен байланысты. Сезімдер тұрақты болып, ұзаққа созылуы мүмкін, олар ұзақ уақыт бойы адамның ішінде сақтала алады. Эмоциялар, керісінше, жағдайға байланысты тез пайда болып, тез жойылып кетуі мүмкін. Эмоциялар көбінесе белгілі бір оқиғалармен байланысты. Сезімдер жалпы түсініктер мен үміт күтумен байланысты.

Эмоциялар мен сезімдер бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне айтарлықтай әсер етеді. Эмоциялар сезімдерге негізделіп қалыптасады, сондай-ақ эмоциялық реакциялар адамның күйіне және сезімді көрсетуіне әсер етуі мүмкін.


(Қосымша ресурстар: https://psychology.sredaobuchenia.ru/felling)
  1. тапсырма. «Эмоция түрлері» ойыны. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда эмоциялық күйлердің тізімін жасауға шақырыңыз, ол барынша ұзақ болуы керек. Бұл жағымсыз немесе жағымды эмоциялар емес, аралық эмоциялар болуы мүмкін – мысалы, қызығушылық, шыдамсыздық, толқу. Әр топ жағымды және жағымсыз ойлардың элементтерін біріктіретін эмоциялардың тізімін жасайды. 10 минуттан кейін әр топ бір эмоциялық күйді атайды, оны сипаттайды және белгілерін атайды. Егер эмоциялық күйді басқа топ атаған болса, оны қайталауға болмайды. Тізімнің соңына жетсе, топ ойыннан шығарылады. Басқа топтар ойыннан шыққаннан кейін соңғы болып қалған топ жеңеді.


Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.

    • Эмоциялар мен сезімдер біздің дүниетанымымызға қалай әсер етеді?

    • Жағымсыз эмоцияларды басу керек пе?



Әр сезімнің ар жағында құштарлық жатыр. Біз оған ұмтыла бастаймыз. Сондықтан құштарлық қозудың басты көзі болып табылады. Бұл өмірімізде болып жатқан нәрселерді бір сөзбен атау тәсілі. Дене реакцияларыңызды, бейнелеріңізді, қиялдарыңызды, ойларыңызды, сезімдеріңізді, құндылықтарыңызды, өзіңіз туралы, басқа адамдар туралы ойларыңызды сипаттайтын бір сөз, сіздің өміріңізде болып


жатқан барлық нәрселер, оны бір сөзбен атауға болады. Мысалы, мен қуанып отырмын, мен ашуланып отырмын, мен ұялып отырмын және т. б.

Әр адамның өз қажеттіліктері бар. Сезімдер әрқашан қажеттілікке негізделеді және бұл қажеттіліктен қуат алады. Демек, біз қажеттілік бар екенін сеземіз және, қаласақ та, қаламасақ та, бұл қажеттілікті қанағаттандыра бастаймыз. Бала кезімізден бастап, кез келген жаста біз бір-ақ нәрсені істейміз. Және осы қажеттілікті қанағаттандыра бастаймыз. Бұл қажеттілікті қоршаған орта жылы ілтипатпен қабылдауы да, «Жоқ, олай болмайды», «Ашулануға болмайды», - деп қарсылықпен қабылдауы да мүмкін. Немесе: «Сен мұны жасауға қалай ұялмайсың?» - деуі де мүмкін.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет