Әл-ауқат және қауіпсіздік


Күтілетін нәтижелер Оқушылар



бет21/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:


    • адам өміріндегі эмоциялық және психикалық әл-ауқаттың маңыздылығын түсіндіреді;

    • эмоциялық және психикалық әл-ауқатты дамыту стратегияларын ұсынады.



Сабақ барысы

Оқушылармен эмоциялық және психикалық әл-ауқатқа не кіретінін талқылаңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:


      • Күйзелісті жеңу және өзіңізді еркін ұстау үшін қандай әдістерді қолданасыз?

      • Күйзелістік жағдайларда эмоцияларды басқару үшін қандай стратегияларды қолдануға болады?



  1. тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда ой-талқы әдісі арқылы эмоциялық және психикалық әл-ауқатты қалыптастыратын факторлардың тізімін жасауға шақырыңыз. Оқушылар әр факторды сипаттай отырып, эмоциялық және психикалық саулықты нығайту стратегияларын ұсынады.


Тапсырманы орындағаннан кейін эмоциялық және психикалық саулық факторларын талқылаңыз:

    • эмоциялық хабардарлық, эмоцияларыңызды білу және түсіну, сондай-ақ оларды сындарлы түрде білдіре алу;

    • эмоцияларды реттеу, эмоцияларды тиімді басқара білу, өзгермелі жағдайларға бейімделу, жағымды және жағымсыз эмоциялар арасындағы тепе-теңдікті табу;

    • позитивті ойлау, жағдайларды нық сеніммен және үмітпен көре білу, өмірдің жақсы жақтарына назар аудару және ойлауда икемді болу;

    • сапалы тұлғааралық қарым-қатынастар, жақын адамдармен, достармен, сыныптастармен салауатты қарым-қатынастар құру;

    • салауатты өмір салты, физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйықтау, демалу және қалпына келу үшін үзіліс жасау;

    • өмірдің мәні мен мақсаты, өмірге мән мен бағыт беретін құндылықтар, мүдделер мен мақсаттарды білу;

    • күйзелісті басқара білу, релаксация, медитация, жоспарлау және уақытты ұйымдастыру сияқты күйзелісті басқару стратегиялары мен дағдыларын дамыту;

    • жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдік: жұмыс немесе оқу талаптары мен демалу, қалпына келу және өзін-өзі күтуге арналған уақыт арасындағы тепе-теңдікті таба білу;

    • қанағаттану және өз қабілеттерін жүзеге асыру: өз іс-әрекетінен қанағаттану сезімі, сондай-ақ өз қабілеттеріне сену және қойған мақсаттарға жетуге деген сенімділік.

(Қосымша ресурстар: https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/mental- health-strengthening-our-response)
  1. тапсырма. «Даналыққа жету жолы» жаттығуы. Оқушыларды 3–4 адамнан тұратын топтарға бөлініп, әртүрлі ресурстарды қолдана отырып, оларды шабыттандыратын және позитивті көзқарас пен психикалық әл-ауқатты сақтауға көмектесетін 10 дәйексөзді, мақал-мәтелдерді немесе дана сөздерді жазуға шақырыңыз. Топтар тізімдерді оқып, олардың мағынасын түсіндіреді. Оқушыларды


қазіргі уақытта олар үшін ерекше маңызды бір дәйексөзді таңдап, неліктен маңызды екенін түсіндіруді сұраңыз.
  1. тапсырма. «Музыкадағы эмоциялар». Оқушыларды күшті эмоциялар тудыратын әнді таңдауға шақырыңыз. Бұл әнді тыңдағысы келетіндерден бұл ән олардың көңіл-күйі мен эмоцияларына қалай әсер ететінін сұраңыз. Оқушыларды олардың эмоцияларын реттеуге және психикалық әл-ауқатын нығайтуға көмектесетін әндердің тізімін жасауды сұраңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет