Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент


Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары



бет20/32
Дата03.04.2023
өлшемі142,35 Kb.
#78588
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
treatise206008

Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары:
Жас мамандар мектебі- жас мамандарға әдістемелік көмек беру, жас маманның кәсіби біліктілігін жетілдіру, тұлғалық кәсіби өсуіне ықпал ету әрі бұл бағыт бойынша мектепке жаңадан қабылданған мұғалімдерге тәлімгерлер тағайындалады.
Озық тәжірибе мектебі – білім мазмұнын жетілдірудегі озат тәжірибені жинақтау, зерттеу, тиімді әдістерді баспасөз беттерінде жариялау, семинарларда ой бөлісу. Оқушының тұлғалық дамуына назар аудару, білім сапасын арттыру, тиімді нәтижеге қол жеткізу.
Педагогикалық шеберлікті дамытуда оқу мен тәрбие сапасын көтеруде біліктілікті арттыру курстарына, семинар, конференцияларға, шығармашылық есеп беруге қатысу;
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ұстанымдары
Мектептегі біртұтас әдістемелік жүйені дамыту мақсаты оның сапасын және тиімділігін арттыру бірнеше аса маңызды талаптарға сай жүргізіледі.
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ұстанымдары:

  1. Мектептің даму міндеттерін практикада жүзеге асыра білу;

  2. Әдістемелік жұмыстың ғылыми сипатта болуы;

  3. Жүйелілік ұстанымының сақталуы;

Аттестация (фр. attestation, лат. attestаtio – куәгерлік, растау)-деген ұғымды білдіреді. Аттестаттау барысында ұжымдағы қызметкерлердің біліктілігін, білім деңгейін және атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтауды қарастырады. Аттестация білім туралы дипломда көрсетілген мамандыққа немесе атқаратын лауазымына сәйкес біліктілік берумен қайта даярлау туралы құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Аттестациялау жұмыс беруші үшін еңбек ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға, қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін қосымша ынталандыру шараларын құруға, жауапкершілік пен өндірістік тәртіпті күшейтуге, қызметтік талапқа сәйкес келмеген жағдайда еңбек шартын бұзуды міндеттейді.
Адамның еңбек және жеке қасиеттерін, оның еңбек жетістіктерін бағалауда жұмыс беруші құзыретті және жауапты қызметкерді жұмыста өзінің біліктілігін көтеруге үнемі ынталандырып отыруы керек. Қызметкерлердің әрқайсысының әлеуетін қоса, ұйымдастыру ресурстарын пайдалану тиімділігінен тұрады.
Білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының құжаттарының болуы;
Ұлттық білім беру деректер қорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректерге сәйкестігі;
Педагогтың лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын сақтауы( Өтініштер болған ағдайда тексереді);
Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының , педагогтардың және ғылыми қызметкерлерінің атқаратын лауазымы бойынша және оқытылатын пәні бойынша біліктілігін арттырғанын растайтын сертификаттарының болуы;
Білім алушылар контингеті бойынша білім беру ұйымдары бұйрықтарының болуы;
Үлгілік жоспарының инвариантты компоненттерінің растайтын жұмыс жоспарларының сәйкес келуі;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуы;
Оқу жоспары бойынша пәндердің үлгілік оқу жоспары, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкестігі;
Медициналық қызмет көрсетуге лицензия немесе денсаулық сақтау ұйымдарымен шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.
Жалпы білім берудің ішкі ерекшеліктері.
1. Білім беру үдерісінің негізгі жағдайларының сапасы:
- білім беру үдерісін басқару сапасы; - ғылыми-әдістемелік жұмыстың сапасы; - мамандармен қамтамасыз ету сапасы; - материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету сапасы; - оқушылардың жалпы және психологиялық денсаулығының сапасы; - педагогикалық еңбекке ынталандыру сапасы. 2. Білім беру үдерісін жүзеге асыру сапасы: - білім беру үдерісі мазмұнының сапасы; - пәндерді оқыту сапасы;
- өздігінен білім алуға ынталандыру сапасы. 3. Білім беру нәтижесінің сапасы: - білім, білік және дағдылардың сапасы; - шығармашылық жұмыспен айналысу білігінің сапасы; - тәрбиелілік деңгейінің сапасы; - тұлғаның даму сапасы т.б.
Сонымен, білім беру сапасын басқару тәжірибесі білім беру саясатымен, ұлттық құндылықтарымен т.б. тығыз байланысты қарастырылуы қажет. Ұлттық бірыңғай тестілеу – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілген, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау – бұл білім беру мекемесінен тәуелсіз, білім беру сапасының мониторингі Оқу жетістіктерін сыртқы бағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленген нұсқаулық анықтайды.
З.А.Исаева басқаруды барлық деңгейдегі субъектілердің білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын ұйымдастыруға бағытталған мақсатты қызметі дейді. Автордың ойынша, басқару қызметінің ерекшелігі - бірқатар объективті факторларды: қоғам жағдайын, басқару объектісінің даму ерекшеліктерін, адам мінез-құлқының заңдылықтарын түсінумен байланысты. Типі бойынша кәсіби басқару қызметі әлеуметтік-мәдени түрге жатады, ал «жалпыадамзаттық» құндылықтар негізі болып табылады. Басым құндылықтары ретінде әділдік, адалдық, абырой мен еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттері болуы тиіс. [26].
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін, кәсібт біліктілігін арттыруға дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру мәселесі өзекті болып табылады.. Сондықтан бүгінгі күні білім жүйесінде оқыту үдерісінде ерекше идеяға негізделген жаңа мазмұнда білім беруді қамтамасыз ету міндеті тұр. Түсіндірме сөздікте педагогикалық технология ұғымына: "Технология – бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" деп берілген. Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. Педагогикалық технологияның артықшылығы мектептің дамуын басқару мектеп іс-әрекетінің нәтижелерін арттыруда жаңашылдықтарды ендіруге байланысты қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үрдісінде көрінеді. Білім беру жүйесіндгі тенденция – білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы. Ол оқытуға бағытталған жеке басқа бағдарланған, өзіндік және білікті тәсілдерінің әдістемелік негіздері мен оны іске асыру тетіктерін, пән бойынша білім беру мазмұнының базалық, кәсіби деңгейін, өткізетін сабақтар мен бейіндік, бейін алдындағы курстарды әзірлеу әдістемелерін білу керек. Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай және ішкі бағалау әдістері арқылы өткізіледі. Тәуелсіз сыртқы бағалау лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу, мемлекеттік аралық бақылау, талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б. элементтерін қамтиды.
Қоғамдағы, экономикалық саладағы түбегейлі өзгерістер, заман талабына байланысты қойылып отырған талап, білім беру саласындағы реформа педагогикалық кадрдың сапалы қызметіне назар аударуды қажет етеді. Білімді жетілдірудегі негізгі міндетті шешу мқғалімге қойылатын жоғары екенін көрсетеді. Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндес. Қоғамның басқа салаларымен салыстырғанда білім беру жүйесіндегі жаңа сапалық деңгейге жету мақсатындағы жоспарланған өзгерістер бір сәттік, бір жылдық іс емес екені белгілі. Білім менеджерлерін даярлау бүгінгі заман талабы. Өйткені, білім беру мекемелерін басқарып, оның жұмысын нәтижелі бағытта ұйымдастыру тек қана білікті де, білімді менеджерлердің жетекшілігімен жүзеге асатынын ескеретін болсақ, білім беруді басқарудың қаншалықты маңызды екендігіне айқын көз жеткіземіз. Педагогика ғылымы мен тәжірибесінде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырылып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогикалық менджмент сынды күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет