Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент



бет21/32
Дата03.04.2023
өлшемі142,35 Kb.
#78588
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
treatise206008

Бақылау сұрақтары:

  1. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ұстанымдары қандай?

  2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру барысында қандай жұмыстар орындалуы қажет?

  3. Білім беру саалсындағы реформа туралы пікіріңіз қандай?

  4. Білім беру сапасын қамтамасыз етуде диагностиканың рөлі қандай?

  5. Мектепішілік басқарудың басты бағыттары қандай?.

  6. Педагогикалық диагностика мәні қандай?

  7. Басқару технологиясы туралы қандай түсінік бересіз?



3-ТАРАУ. МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМЫН БАСҚАРУ


3.1. Педагогикалық ұжымды басқарудың обьектісі мен субьектісі ретінде
Мақсаты:
Негізгі ұғымдар: басқарудың обьектісі, мектеп , ұжымды басқару.


Жоспар:

  1. Педагогикалық ұйым- басқару обьектісі ретінде.

  2. Педагогикалық ұжымды басқару мәні.



Ұжым – бір мақсатқа, белгілі бір әрекет барысында нәтижеге жетуге бағытталған адамдардың бірлестігі. Педагогикалық ұжымның тұтастығын сипаттайтын негізгі компоненттерге мұғалімнің кәсәби шеберлігі мен құзыреттілігі, ортақ көзқарасы жатады.
Мектептің тәжірибелік процесіне менеджментті ендіру бүгінгі білім беру процесін басқарудың, ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, жаңа жолды табуда өзекті болып табылады. Білім беру сапасын басқару – педагогикалық процесте шешімін табуды талап ететін өзекті мәселе. Кез келген қызмет саласы сияқты білім беру саласы да неғұрлым жоғары сапалық көрсеткіштерге жетуге ұмтылады. Мектеп ұжымының алдында тұрған ең басты міндет те – білім сапасын басқаруды жетілдіру. Педагогикалық ұжымды басқарудың обьектісі мен субьектісі ретінде сапалы білім беру арқылы неғұрлым уақытты аз пайдаланып жоғары нәтижелер алуға мүмкіндік беру басты міндет болып табылады.
Басшы – басқару объектісіне (бағынышты ұжымға) ықпал жасаушы және жеке дара басшылық жағдайында оның қызметі үшін жауап беретін тұлға. Ұжымды басқару жүйесінде басқарудың орны мен рөлі басшылықтың түріне байланысты Басшы: Шешім шығарады; Шешімнің орындалуын ұйымдастырады; Жұмыс барысын үйлестіреді; Шешімнің орындалуын қадағалайды. Басқару субекьтісі обьектіге берілген мақсатқа сай ықпалын жүргізеді. Мектепті менеджмент негізінде басқару жүйесіне оқушы, мұғалім (тәрбиеші), әкімшілік мүшелерінен тұратын адам ресурстары, оқу-тәрбие үрдісі, түрлі әдістемелік бірлестіктер, өзін-өзі басқару ұйымдары, шығармашылық топтар кіреді. Дәстүрлі басқаруда аталған құрылым "басқару субъектілері" және "басқару объектілері" сипатында болып, басқару "субъектіден-объектіге" қарай бағытталады және жүйенің ішкі құрылымдарына сәйкес субъектілік және объектілік сипаттары өзгеріп отырады.
Педагогикалық ұжымды басқарудағы мониторинг бұл міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады. Мониторингті енгізу барлық жалпы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады. Мектептің білім сапасын бағалау жүйесінің моделі бірнеше компоненттен тұрады: өзін-өзі бағалау; педагог кадрларды бағалау; оқушылардың жеке жетістіктерін бағалау.
Оқу қызметтерінің нәтижесін нақтылауда пән бойынша оқушылардың үлгерім сапасы; білім берудегі орын алған кемшіліктер; оқушылардың білім деңгейі; жалпы оқу қабілеті мен дағдыларының қалыптасу деңгейі қарастырылады. Оқушылардың оқу әрекеті нәтижесінің мониторингісі жалпы білім беру мекемелерінің нормативті-құқықтық құжаттарына сәйкес іске асырылады. Мониторинг бойынша оқушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау ережесі; Оқушылардың тоқсандық қорытынды және аралық бақылау ережесі, Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру тәртібінің ережесі; Мектептің аттестациялау комиссиясы, емтихан комиссиясы ережесі терсеріледі.
Оқу-тәрбие жұмысының сапасын басқарудағы негізгі бағыттар:
- тәрбие жұмысының жүзеге асырылуы;
- оқу пәндерін оқытудың сапасы;
- оқушылардың білім, білік, дағдыларының сапасы;
- педагогикалық кеңестердің, әдістемелік бірлестік отырыстарының шешімдерінің орындалуы;
- мектеп құжаттарының жүргізілу сапасы т.б.
Білім беру сапасын басқару жұмыстарын жүзеге асыруда мектепішілік бақылаудың да маңызы зор.
Жалпы орта білім берудің 12-жылдық жаңа мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған болғандықтан, басқару үрдісінде құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттарын орындауға ұмтылудың маңызы зор. Олар: ақпараттық құзыреттілік, кез келген мәселені шеше алу құзыреттілігі, коммуникативтік құзыреттілік. Менеджмент тұрғысынан басқарудың ерекшелігі - нақты адамдармен қарым-қатынас, оларды тұлғалық әрекеттерге тартудың ізгіліктік және демократиялық жолдары. Осы сипаттағы мотивация арқылы басқару адам баласының өзіндік мүмкіндіктерін түгелдей іске қосып, оны жүзеге асыру үшін өз қажеттігін қалыптастырады.

  1. Басқару мазмұны оқушылар мен мұғалімдердің түлғалық мүмкіндіктерін дамытуды көздейді.

  2. Басқарудың барлық тетіктеріне оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата- аналардың араласуы арқылы олардың субъектілік белсенділігі, жауапкершіліктері арттырылады.

  3. Басқару үрдісінде оқу-тәрбие процесі бірлікте қарастырылады.

Мектепті басқарудың мақсаты мен мазмұны, оның арнайы және жалпы қызметі, әдістері, формалары және құралдары қоғамдағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың, сондай-ақ экономикалық заңдардың тікелей ықпалымен қалыптасады. Мектептің қызмет етуінің негізгі мақсаты – тұлға бойында, өзіне де, қоғамға да қажетті белгілі қасиеттерді қалыптастыру, сондықтан да осы жүйені басқаруда әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық аспектінің ерекше рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.
Мектептi басқару теориясының нысанасы – барлық құрамды элементтерiмен алынған жүйе. Практиканың нысанасы – мектептiң әртүрлi құрамдық топтарының іс-әрекетi (ұжым, пән бірлестіктері, үйірмелер, жеке субъект).
Практикалық басқару іс-әрекетiнiң амал-тәсiлдерi – басқару әдiстерi. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң амал-тәсiлдерi – ғылымның нақты бiр нысанасын зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсiл, амалдар: мектептердi басқару бойынша бiлiм беру ұйымдарының жұмыс тәжiрибесiн қорытындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру.
Бiлiм беру жүйесiндегi немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетiнiң нәтижесi – тәжірибені жетілдіру, бұған оқу-тәрбие үдерісiнiң қорытындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесi – жаңа заңдар, практикалық іс-әрекетпен жүзеге асырылатын заңдар, қағидалар, ережелер, тұжырымдар.
Мектеп басшыларының басқарушылық қызметi, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк жүктеледі. Оқу-тәрбие жұмыстарымен қатар әдістемелік жұмыстар да басқару арқылы іске асырылады.
Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан, оның тұтастығын сақтаса, екінші жағынан, оның жекелеген компоненттеріне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен сипатталады. Мектеп менеджері қызметі адамға бағытталған және ол өз қызметін осы адамдар арқылы жүзеге асырады. Адамдармен жұмыс – адамзат қызметінің ең күрделі де қиын түрі. Педагогикалық ұжымды психологиялық-педагогикалық білімсіз басқару мүмкін емес: қарым-қатынас психологиясы, тұлға психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, педагогикалық психология, педагогика, білім философиясы. Жоғарыда айтылғандар бойынша, білім берудегі инновациялық технологияларды болжау мен ұйымдастыруды білетін, өз ісінің маманы болып табылатын мектеп менеджерлерін даярлау мәселесі еліміздегі білім беру реформаларының тиімділігін қамтамасыз етудің басты ресурстарының бірі болуда деген қорытынды жасауға болады.
Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі жасалып, жоғары білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Білімнің қызметі, білім берудің формасы, білім алушылар мен берушілердің рөлі, жалпы білімнің адам мен қоғам өміріндегі рөлі, білім мен адам және қоғамның байланысы біртіндеп өзгере бастады. Әлемдегі жетекші елдердің экономикалық дамуы, әлемдік қауымдастықтың білімді демократизациялауға ұмтылысы өзгерді. Адамзаттың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, ғылыми-технологиялық революцияның екпіні адамнан әр түрлі және жан-жақты дайындықты қажет етеді. Ол адамнан тез өзгермелі экономикалық, қоғамдық, саяси, мәдени өмірге бейімделуін талап етуде. Білім берудің ескі жүйесі мұндай күрт өзгерістерге, талаптарға жауап бере алмай қалды. Н.С. Әлқожаева бiлiм мeнeджeрлeрiн дaярлaу – бүгiнгi зaмaн тaлaбы дей келе - бiлiм бeру мeкeмeлeрiн бacқaрып, oның жұмыcын нәтижeлi бaғыттa ұйымдacтыру тeк қaнa бiлiктi дe, бiлiмдi мeнeджeрлeрдiң жeтeкшiлiгiмeн жүзeгe acaтынын ecкeрe отырып бiлiм бeрудi бacқaруға дайындау мaңызды eкeндiгiнe айтады [21]. Бұл бaғыт­тың ең тaнымaл өкіл­де­рі – A. Мaслоу, Д. Мaкг­ре­гор,
Ф. Герц­берг, Р. Лaйкерт, К. Aржи­рис. Олaр өз ең­бек­те­рін­де мо­тивaция мә­се­ле­ле­рі­не, бе­дел­ді, көшбaсшы­лық пен би­лік­ті зер­де­леуге, кә­сі­по­рын­ның ұйым­дық құ­ры­лы­мын тaлдaуғa жә­не ұйымдaрдың ком­му­никaция­лық түр­ле­рін aнықтaуға, яғ­ни өзaрa әлеу­мет­тік әре­кет­те­суге қaтыс­ты мә­се­ле­лер­ді тaлқылaды. Осы тә­сіл­дер­дің дaмуы қaзір­гі зaмaнғы ұйымдaрдa aрнaйы бaсқaру­шы­лық функ­цияны – пер­сонaлды бaсқaру­ды құ­руғa әкел­ді деп сaнaлaды. Ф. Генов басқарушылық болмысты қарастыруда мына түсініктерге сүйенеді: «мақсат қоя білу», «ұйымдастырушылық», «көшбасшылық». [27]

Сондықтан да, педагогикалық ұжымды басқаруда еліміздің қазіргі таңда әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі кәсіби білім берудің сапасын көтеруде оқыту процесінде инновациялық технологиялар мен жаңашыл оқыту әдістерін қолданудың маңызы ерекше. Оқыту процесінде коучинг элементтерін қолдану жолдарын нығайту басты міндеттердің бірі болып отыр. Себебі, мектептердің білім сапасын басқару жұмысында коучингті қолдану оқытудың сапасын арттыруға өзіндік үлес қосады. Коучинг – мұғалімнің іс- тәжірибесін жетілдіреді. Мұғалім өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг факторы болып табылады. Коучинг идеясын ежелгі грек философы Сократ (б.ғ.д. 470-399ж.) айтқан: “Мен ешкімді ештеңеге үйрете алмаймын, мен тек ойландыра аламын”. Сократ адамның өзін-өзі дамыту қабілетін көрсететін дұрыс жолды көре білген. Коучинг (ағылш. coaching – оқыту, жаттықтыру) – консалтинг және тренинг әдісі; классикалық консалтинг пен тренингтен айырмашылығы – коуч кеңес және қатаң ұсыныстар бермейді, ол шешімді клиентпен бірлесе отырып іздестіреді. Ал психологиядан айырмашылығы коучингтегі мотивацияның басымдылығында. Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір мақсатқа, өмірде және жұмыста жаңа, позитивті тұжырымдалған нәтижелерге жету ұйғарылады. Яғни, анықтаманы талдай кетер болсақ, коучинг адамға немесе компанияға мақсатқа, нәтижеге жетуге көмектеседі.


Коучинг білімді шешуде ізденуіне тиімді көмек беріп, өмірлік әрекеттерін жасауға бейімдейді. және өзіндік көзқарастарын дамытуға ықпал етеді.
Коучинг – оқушыны белгілі бір нәтижеге бағыттайтын, педагогикалық қолдау көрсету жұмысы. Оқушы мақсатына жету үшін іштей дайындалу, қажетті қабілеттерін дамыту, білім мен дағдыларын қалыптастыру. Коучинг бірнеше кезеңнен тұрады:

  • мақсат қою және оның шынайылығы туралы хабардар болу;

  • қол жетімді мүмкіндіктер арқылы табысқа жету;

  • іс-қимыл стратегиясын таңдау;

  • мақсатқа қол жеткізу мониторингі және нәтижелерді талдау.

Коучингтің өзіндік ерекшеліктері тәлімгерлік - оқыту - кеңес беру. Коучингтің басқа әдістерден айырмашылығы - ол оқушының білім алуға, көмектесуге бағытталған жеке дағдыларын жетілдіру.
Педагог-коучтың негізгі әдістері:

  • Белсенді тыңдайды.

  • Тиімді сұрақтар қояды.

  • Мақсатты анықтауға, жоспар құруға, шешім қабылдауға, идеялар жасауға, іс-әрекетке көшуге көмектеседі.

  • Нәтижеге назар аударады.

  • Мазасыздық пен стрессті шабыттандырады, ынталандырады, жеңілдетеді.

  • Кері байланыс орнатады.

«Коучинг - сана мен қабылдауды дамыту, адамның барлық мүмкіндіктерін ашу үшін қазіргі таңдағы тиімді технологиялардың бірі. Білім беру жағдайында студенттер үшін маңызды рөл байланыс орнатуға, белсенді тыңдауға және дамыған эмпатияға қабілеті бар коуч болып табылады. Білім берудегі коучинг студенттің сәтті өсу мүмкіндігін айқын көрсетеді. Осылайша, бұл технологяны бойынша жұмыс істеуі үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа әдістері мен практикаларын білетін жоғары деңгейдегі дайындықтағы оқытушылар қажет. Коучинг – оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оларды қолдану үдерісінде әріптестерді оқыту немесе бағыт-бағдар береді.»[28]
Осы бағытта, педагогикалық ұжымды басқарудың обьектісі мен субьектісі ретінде бүгінгі заман талабына сай озық білім мен адамгершілік мұраттарына негізделген оқытуды ізгілендіру, тәлім-тәрбие беру ісін жүйелі ұйымдастыра білу де өте маңызды. Білім беруді дамытуда білім беру жүйесіндегі өзгерістер білім берудің барлық деңгейінің қол жетімділігі мен сабақтастығы; нәтижеге бағдарланған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім беруді қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетілген. Осылайша, қоғамда болып жатқан оң өзгерістер, жаңа сападағы адамға деген сұранысқа сай адамды тәрбиелеу мен білім беруге қатысты құндылықтар мен ұғымдарды қалыптасқан жағдай тұрғысынан қайта қарастыра білетін кәсіби – дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімді талап етеді.
Білім беру жүйесіндегі жаңа сапалық деңгейге жету мақсатындағы жоспарланған өзгерістері, ғылым мен техниканың дамуы және тұлғаның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі бүгінгі таңда бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Сондықтан мектепке жаңаша бағыттағы, өзгеріс әкелетін менеджер керек.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет