5)Рефлексивті іскерлік- педагогтың өзіне бағытталған бақылау бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады.
“Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару – кез келгенін жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең білімді меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы – ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді.
1.3. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары, ұстанымдары
Мақсаты: Менеджмент негізінде мектепті басқару ұстанымдарын түсіндіру. Негізгі ұғымдар: менеджмент, мектеп , басқару, басқару ұстанымы.
Жоспар: Менеджмент негізінде мектепті басқару қызметінің мазмұны.
Менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері (ұстанымдары).
Мазмұны Менеджмент негізінде мектепті басқару қызметінің мазмұны оның ықпал ететін объектісіне қатысты және олар басқару жүйесін құрастыру барысында жүргізілетін қызметтік әрекеттерге байланысты өзгереді. Басқару қызметіне сай басқару міндеттері қойылады, басқару қызметі "нені орындау қажет? " деген сұрақтарға жауап берсе, басқару міндеттері оған қоса басқаруды іске асырудың шарттарын қарастырады, ол шарттар бір мерзім аралығында белгілі бір қызметті орындауға бағытталады. Әлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етуде. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін инновациялық тұрғыда ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарын қайта ұйымдастыруды қажет етеді. Басқару ұстанымдарын басқарушылық қызметтерді жүзеге асыруда басшылардың жүріс-тұрыс ережелері мен заңдылықтарының негізін қалаушы идеялары ретінде ұсынуға болады.
Басқару ұстанымдары объективті экономикалық заңдардан туындайтын негізгі ережелер, олар басқару объектілеріне, нақты объектілер мен адамдарға басшылық жасауы керек. Басқару ұстанымдары уақыт аралығында басқару тұжырымдамасының өзгеруімен бірге дамиды. Олар жетілдіріледі, нақтыланады және дамиды.
Басқару үрдісінде менеджер-мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын айқындайтын сипаттар алуан түрлі және олар өзгеріп отырады. Білім беру үрдісінде өзгермейтін қарым-қатынас сипаттары қатарына эмпатия (балаға жанашырлық сезім); қабылдау (қандай бала болса да қабылдай алу, түсіну арқылы оның өзін-өзі қабылдай алуына жағдай жасау); конгруэнттілік (ішкі және сыртқы дүниесінің сәйкес келуі, өзі айтып тұрғанын өзі мойындауы); шығармашылық (әр оқушының бойындағы мүмкіндік пен қабілетті ашу, дамыту); суггестивтілік (бала үшін эмоциялық қолайлы орта туғызу, өз табиғатына сай өзін еркін ұстай білуіне жағдай жасау); сонымен қатар, оқушымен гуманистік қарым-қатынаста рефлексиялық қабілетті дамыту аса маңызды. Кез келген жастағы оқушы өз өміріндегі оқиғалар мен ситуацияларды талдай білу, бағалау арқылы өзгертуге, өз өмірінің субъектісі болуына ықпал ету - тұлғалық бағдарлы педагогиканың басты мәселелерінің бірі.Менеджмент идеясы адамдардың ынтымақтастығын көздейтін болғандықтан, ортақ мақсатқа жетудегі адамдардың күш-жігерін дұрыс бағыттауға басты назар аударып отырады. Мектепті басқарудағы өзгеріс педагогикалық проблемаларды шешудің жаңа жолдарын енгізуге, педагогикалық үрдісті жаңғырту арқылы жаңа нәтижелер алуға бағытталғандықтан мазмұны жөнінде инновациялық басқару болып табылады. Инновациялық басқару жүйесінің құрамындағы бөліктер өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңа өзгерістерге түсе алады. Ол мыналарды қамтиды:
басқарудың мақсаты мен мазмұны;
педагогикалық үрдістің технологиясы, әдістері мен құралдары;
Жалпы басқару әрекеті мақсатқа сай жоспарланып, нәтижемен аяқталатын, нақты бір мәселені шешуге арналатын үрдіс болып табылады. Инновациялық мектепті басқару қызметі жаңалықтарды жасау, игеру, қолдану және таратудан тұрады, оның мәнін жеке тұлғаның өзіндік дамуының бастауы деуге болады.
Басқару үдерісі – жүйені дамытатын, еңбек тәртібін қолдайтын, мақсат пен жоспарды жүзеге асыратын, қоғамдағы өзгерістерге тиімді ықпал жасайтын үдеріс. Басқару арқылы - ұжымның мақсаты айқындалады, мақсатты жүзеге асыру барысында жоспарлау, ынталандыру, талдау және бақылау-бағалау үдерісі орындалады.
Қазіргі таңдағы білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында біздің еліміздің алдында басқарушы кадрларды даярлау мәселесі айтарлықтай өзекті болып отыр. Басқарушыларды даярлаудағы көптеген онжылдықтар бойы болашақ басқарушының ең алдымен өндірістегі білім беру жүйесі өзінің негізін толыққанды білетіндігі басымдылық танытып келді. Бұл ретте болашақ басшы бірінші ретте өзінің алдына жұмыс жасауға қойылатын өндіріс саласын меңгере отырып, қосымша экономика, психология және тағы да басқа білім саласын ала жүреді. Қазіргі уақытта жағдай біршама өзгерді, дегенмен өндіріс саласына қарамастан өз қызметін жүзеге асырып отырған басқарушы құзыреттіліктерінің қажетті жиынтығын меңгеру идеясы алға жылжуда. Төменгі, орта және жоғары буындағы басшы түсінігі менеджер түсінігімен ауыстырылды.
Басқару арқылы оқыту мен тәрбиелеудің, әдістемелік көмек берудегі құрылымның сақталуына мүмкіндік береді. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама. Білім берудегі басымдық білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады.
Мектептегі оқу үдерісін жаңша басқару іс-әрекетіндегі мақсат пен мүдде мектептегі тұлғаның қалыптасуына тікелей байланысты болуы керек. Бүгінгі қоғам талабы – ұлттық тәрбие тағлымын игерген, білімді, парасатты, денсаулығы мықты, ел болашағын ойлайтын, өз бетінше ойлайтын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу. Сондықтан мектептегі басқару мақсаты мен міндеті – заман талабына лайық нәтижелі, сапалы білім бере отырып, оқушының кәсіби дамуын жетілдіру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, ертеңгі дамыған қоғам иесін қалыптастыру. Білім беру сапасы – қоғамымыздың ертеңі. Ол үшін негізгі мақсатты анықтау; жеке тұлға сұранысын қанағаттандыру; жетістікке жету жолдарын іздестіру; білім сапасын қамтамасыз ету; мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру; нәтижені талдау және бағалау қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Заманауи мектептегі оқу үдерісін басқаруда менеджмент негізінде мектепті басқару қызметінің мазмұны ашылады. Заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр. Олардың мақсаты – ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесімен, әлемдік стандартқа сай негіздей отырып сабақтастыру. Себебі, еңбек нарығының жағдайында біз кәсіби дағдыларға қойылатын талаптарға сай болуымыз керек.
Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар білім беруді дамытудағы аса үлкен маңызға ие бағыттар:
1)әлеуметтік орта мен мектептің өзін жаңа сипаттағы басқару қажеттіліктерінің объективті күрделенуі;
2)мектептегі басқару іс- әрекетіне койылатын талаптардың күшеюі;
3) мектептегі тиімді басқарудың жаңа жағдайындағы мүмкіндіктерінің пайда болуы;
4) мектепішілік басқару жүйесінің дамуы.
Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра отырып, оқушыны қызықтыра алуы шарт. Мұғалім қызметінің негізгі мәні де осында, оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білуі де үлкен мәнге ие. Тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс – тәсілдер. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Мектеп басшылары мен мұғалімдерге басқару әдебін, педагогикалық менеджмент қағидаларын, қарым-қатынас өнерінің психологиялық негіздерін, педагогикалық қызметтегі модульдік-мониторингтік басқарудың үлгілерін ақпараттық және басқару технологияларын оқып- үйрену, оң шешім қабылдауға, қызметті ішкі мотивациялық негізде ұйымдастыруға баулу мазмұнында жаңа сипат, жаңашылдық қажет.
Инновациялық қызметтің негізгі функциялары мынандай: а) заман талабына білім сапасын арттыруға сай мақсатты өзгерту;
б) білім беру мазмұнына өзгеріс енгізу;
в) оқытудың жаңа тәсілін сабаққа енгізу;
г) оқытудың жаңа моделін жасау;
д) оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін үйрену;
Яғни, педагогикалық инновациялар бұл білім беруді дамытуға оң әсер етеді.
Білім берудегі жаңашылдық мазмұны мен критерийлері туралы нақты түсінік беру, оларды қолдану әдісін меңгеру әділ бағалау мен ұжымның жұмысын болжауға мүмкіндік береді. Осы орайда, білім берудегі инновациялық орталықтардың аздығы байқалады. Бұл мұғалімдердің әдістемелік тұрғыда дайын болмауын және жаңа технологияны толық пайдаланбауынан көрініс табады. Инновациялық, яғни жаңашылдық қызмет ету құрылымының маңызды компоненттеріне: сыртқы ынталандыру, өзін-өзі бекітудің сыртқы мотивтері, мамандыққа байланысты мотив жатады.
Басқару үдерісі – бүтіндей жүйені қамтамасыз ететін, оны жаңа жағдайға сай дамытатын, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге тиімді ықпал жасайтын, ұжымның мақсатын анықтап, оны жүзеге асыру үшін қажетті жоспарлау, ынталандыру, талдау және бақылау-бағалау үдерісі. Басқарушылық шеберлік пен басқарушылық қабілет барысында оқу үдерісін басқару жалпы басқару жүйесінің бөлігі болғандықтан оған ерекше міндеттер жүктеледі. Өйткені, мектеп білім беру үдерісінде қазіргі кезең мен болашақтың талаптарын ұштастыра отырып, тұлғаны қалыптастыру мақсатында қызметін іске асырады.
Басқару қызметтерінің арасында инновациялық процестерді басқару және оларды бұдан былай дамыту мақсатындағы арнайы қызметтер салаларының (сапа менеджменті, білім маркетингі, мектеп психодиагностикасы және т.б.) пайда болуы бүгінгі оқу-тәрбие орындарындағы жаңа кұбылыстар. Мектептер өзін қоршаған ортаны және ол ортаның болашақ өзгерістер бағытында талдау жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл орайда, білім ордасы өзінің барша тіршілігінің нәтижесін тек оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы табыстармен ғана байланыстыруы тиіс. Яғни, мектептегі жаңашылдықты басқару міндеттері:
- Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
- Дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушылардың алған білімді жүйелеуі;
- Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында мұғалімнің уақытын үдемдеу және оқытуда тиімді пайдалану.
Білім беру мазмұнын игерту әдістері:
Мақсатты бағытталған педагогикалық іс-әрекет оқушылардың тұлғалық, дамуына бағытталады әрі өзін -өзі дамыту мен негізі ретінде қарастырылады. Педагогкалық іс-әрекеттің маңызды құраушыларының бірі болып оның мотивациясы саналады. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін, сондай-ақ қоғамдық дамудың негізгі бағыттарын ескере отырып, әрбір адамға әлеуметтік талаптардың жиынтығы ретінде құрылады. Соңғы кезеңде, білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық принципін жүзеге асыру нақты көрініс таба бастаған кезде, педагогикалық іс-әрекеттің жиынтығының субъектісі білім үрдісінің барлық қатысушылары (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтары, сондай-ақ, әлеуметтік педагог) кең мағынаға ие бола бастады. Қазіргі таңда басқару құрылымын ғылыми негізде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда басты назарды педагогикалық мәдениеті, іздену белсенділігі мен дербестігі жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты қойылып отыр. Мектепті Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, т.б. Əлеуметтік -психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектептің Жарғысына ендіріледі.
М.С.Каган, Т.И.Шамова зерттеулерінде әрекеттерді менеджмент тарапынан басқарудың төмендегі түрлері көрсетілген: