Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент



бет19/32
Дата03.04.2023
өлшемі142,35 Kb.
#78588
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
treatise206008

Әдістемелік жұмыс – бұл кадрларды оқыту және дамыту, ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне сай оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз ету. Ол әрбір мұғалімнің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқару) шаралар, педагогикалық ұжымның білімділік мүмкіндігін дамыту және арттыру, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру. Әдістемелік жұмыста әр мұғалімнің әдістемелік шеберлігі шыңдалады, әріптестерінің тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік туады. Әдістемелік жұмыстың мақсаты - мғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру және мұғалімнің. деңгейінің өсуі мектеп мұғалімдерінің ақпараттық, кәсіби құзіреттілігін жетілдіру және оқыту сапасын арттыру, оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

  • мұғалімдерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектесу.

  • Мұғалімдерді шығармашылық педагогикалық ізденуге жетелеу;

  • озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу, үздік жетістіктерді насихаттау;

  • Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.

  • Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.

Мектептегі. әдістемелік бірлестіктің жұмысы мұғалімнің кәсіби потенциалын тиімді қолдану және тиісті оқу пәндерінің оқыту әдісін жетілдіруді үйлестіріп дамыту және осының негізінде – білім беру үдерісін жақсарту.
Әдістемелік бірлестікте:

  • оқушының білім алу мүмкіндігін, білім беру үдерісінің нәтижесі, пән бойынша оқудан тыс жұмыстар талданады;

  • білім беру үдерісін қажетті әдістемелік-бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етеді;

  • пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарланады;

  • әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады;

  • пән кабинеттерінің жабдықталуы талданады;

  • мұғалімдерге кәсіби біліктілігін арттырудың әртүрлі формасын ұсынады;

  • іс тәжірибесі аз және жас ұстаздарға тәлімгерлер жұмысын ұйымдастырады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет