Еңбек ақы мотивация формасы ретінде. Персоналдың біліктілігі мен еңбек ақысы. Жұмыскерлердің біліктілік деңгейін анықтайтын факторлар.
Нәтижелікті ынталандырушы әдістері: экономикалық (тікелей); экономикалық (жанама) және ақшалай емес. Еңбек ақының мәні. Еңбек ақының формалары және олардың сипаттамасы, мәні, мазмұны. Кесiмдi және мерзімді еңбек ақы төлеу формаларының қолдану шарттары. Еңбек ақы төлеу жүйесінің құрама бөліктері: базалық ставкалар, сыйақы төлемдер, әлеуметтік бағдарламалар. Ынталандырудың дәстүрден тыс әдiстерi. Жұмыскерлердің пайдаға, акционерлік капиталға қатысу жүйесі. Ресми түрде еңбек нәтижесімен байланысты емес бонустар, жеңілдіктер және өтем ақы. Менеджерлерді ынталандыру ерекшеліктері.
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудағы мемлекеттің рөлі. Жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеуде мемлекеттік нормалар мен кепілдер.
Персоналды басқару тиімділігін бағалау
Персоналды басқару жүйесінің жұмысын бағалау қажеттілігі. Кадр қызметінің жұмыс тиімділігін бағалайтын субъективті және объективті критерийлер. Персоналды басқару жүйесінің жұмысын бағалау туралы көзқарастар. Персоналды басқару жүйесінің жұмысын бағалауға қажетті мәлімет көздері. Персоналды басқарудың тиімділік көрсеткіштері: стратегиялық және локальды.
Персоналды басқару аудиті
Персоналды басқару аудитінің мақсаты. Қазіргі жағдайда персонал аудитінің маңыздылығының артуы. Кадр қызметі жүргізетін аудит жұмыстарының түрлері. Аудитті объективті түрде жүргізуді қамтамасыз ету. Кадр қызметінің бюджетін жұмсау көрсеткіштерін жалпы және жұмыстың әр бағытына пайдалануын талдау. Кадрлық шешімдерді қабылдаудың негізгі бағыттарын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау. Аудит жүргізуге жұмыскерлерді тарту. Аудиттік тексеру нәтижесі туралы жазбаша есеп беру.