5)Жатыс септігі. Қазақ тілінде зат есімнің жатыс септігінде септелуі оған да/-де, -та/-те косымшаларының жалғануы арқылы жүзеге асады. Бұл косым- шалар да сөзге тіліміздегі дыбыс, буын үндестігі заңы бойынша жалғанады. Тек тәуелдік жалғауының үшінші жағындағы сөзге келгенде жатыс жалғауы өзінің алдына -н дыбысын косып, -нда/-нде болып жалғанады.
Жатыс септігінін та формасы сөйлем ішінде эрдайым «бір» деген ұғымды мегзеп тұрады. Мысалы, Асан мектепте. Бұл тіркестен Асан мен мектептің бір жерде екенін ұғына коямыз. Сағат сандықта жатыр. Сағат пен сандык ме- кендес, оларды бір ғана жерден тауып алуға болады. Осылайша канша сөйлемді талдасак та, жатыс септігі жалғауынын грамматикалык магынасы «бір, дара, жалгыз» ұгымдарын төңіректейді.
-та ол баста түркі тілдерінде «бір» деген лексикалык мағына беретін сан есім атауы болған. Тарихи даму барысында ол дерексізденс- дерексіздене келіп, тұрақты орынды, белгілі бір мекенді, мезгілді білдіретін тш- дік элементке айналған. Ең соңында оны жатыс септігінің жалғауы ретінде танитын болғанбыз. Тіліміздегі та, те, да, де шылауларын да кез келген нысан- ды даралап, нені мегзесе де жекелеп нұқып көрсететіндіктен (Асан да, Үсен де) табыс септігі жалғауларымен тектес деп есептейміз.
Жатыс септік жалгауынан шығыс септігі жалғауы калай шығуы мүмкін деген сұракка М.Рясянен жатыс септік пен кұралдык септік тұлғаларынын косылып, кірігуінен пайда болган деп жауап кайтарады, яғни -та+-ин>-тан, не- месе -тин (М.Рясянен, 1970, 114). Г.И.Рамстедт бұдан өзгеше болжам ұсынады: іс-эрекеттің, кимылдың шыккан жерін айкынырак жеткізу үшін -да жатыс сеп- тігі жалғауының үстіне йан (жаны деген мағына беретін) көмекші есім косы- лып, кіріккен: огуз+дан+йан. Бірте-бірте йа буынының қысқаруы нәтижесінде - дан формасы шыккан. Руна ескерткіштерінде ұшырайтын бери+ден+йен, өң+ден+йен, йыр+дан+тайан сияқты сөздер Г.И.Рамстедттің пікірін жокка шыгарады. Бұларда йан~йен көмекші есімі жатыс септігі емес, шығыс септі- гінің үстіне косылып тұр. Б.С.Серебренников екеуінің де жорамалын негізсіз деп таниды. Ол жатыс септігі жалгауының үстіне косылған құралдық мәнді тұл- ға емес, кимылдың бағытын білдіретін қосымша деп тұспалдайды. Оның ойын- ша, таман, дейін, шейін, кейін сөздерінің құрамындағы -н-ді де белгілі бір орыннан баска жакка жұмсалған іс-әрекеттің шығыс септігі мэнін беретін тұлғасы деп тану керек. Сонда: -да+н>-дан.
6)Шығыс септігі. Жалғаулары - -тан/-тен, -дан/-ден, -нан/-нен. Бұлардың да сөзге жалғану тэртібінде өзге септік жалғауларынан принциптік айырмашы- лығы жок. Шығыс жалғаулы сөз істің, кимылдың неден, қай жерден басталған- дығын білдіреді. Екінші сөзбен айтканда, шығыс жалғаулы сөздің мағынасы істің, кимылдың белгілі бір объектіден кашыктап, ұзап, алыстап бара жатқанын көрсету болады.
Шығыс септігі жалғауынын этимологиясын барлык түркологтар жатыс септігі жалғауымен байланыстыра қарастырған. Шығыс септігінің жатыс сеп- тіпнен шығатындығы туралы М.Рясянен, Г.И.Рамстедт, С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, В.М.Насилов, Э.В.Севортян, Э.Р.Тенишев тағы баска ғалымдар пікір білдірген. Орхон-енисей ескерткіштері тілінде -да/-дә, -та/-тә формалары эрі жатыс сеп- тігінің, эрі шығыс септігінің қызметін бірдей аткарғандықтан, жатыс-шығыс септігі аталады. Бұл жәдігерліктерде -дан/-дән формасы өте сирек ұшырасады. Ескі ұйғыр ескерткіштерінде шығыс септігінің өз формасы бар, ол - -тун/-тын, -дун/-дын. Бұл жазбаларда да ара-тұра -дан/-дән формасы ұшырасып калады. Өзінің алдындағы зерттеушілердің пайымдауларына сүйснс отырып, Н.К. Дми- триев былай деп жазады: «Историческим самым молодым является, очевидно, исходный падеж. Его еще не было в орхонских надписях ҮІІІ в., где его функ- ции выполнял местный падеж. Он является позже - в эпоху классической уйгурской литературы». Шығыс септігі кейін пайда болды деген пікірді ірі-ірі түркологтардың барлығы дерлік мойындаған.
Шыгыс септігі жалғауларының сан алуан грамматикалық мағыналар беріп, эр түрлі құбылуы әлбетте кейінгі замандардың жемісі. «Мағынадан - формаға» ұстанымы негізінде туындаған шығыс септігінін жалғаулары туралы жаңа ғылыми болжамымыз осындай.Шыгыс септігі жалғауларының семантикасы жагынан да, тұлгасы жағынан да ХІҮ-ХҮ ғасырлардан бергі кезеңде көп онша өзгеріске ұшырай коймауы қосымшалардың аса баяу дамитынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |