Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті «5B020500»



бет13/20
Дата07.01.2022
өлшемі61,35 Kb.
#19723
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
2)Ілік септігі.Грамматикалық септіктердің бірі – ілік септігі. Ілік септігі өзінің меншіктік, иелік, қатыстық грамматикалық мағыналарында сөйлемнің анықтауышы қызметін атқарады.

Ілік септігі туралы Н. Оралбай «Ілік септіктің басты грамматикалық мағынасы –меншікті заттың иесін білдіру. Ілік септік басқа сөздермен мынадай қарым-қатынасқа түседі: 1) туыстық, жақындық қатынаста (әкенің баласы, досыңның қарындасы); 2) бүтіннің бөлшегі (үйдің есігі, кісінің қолы, ағаштың бұтағы); 3) заттың сандық қатысы (жиенінің бірі, қонақтардың бесеуі); 4) заттың сапасына қатысы ( туыстың жақсысы, жігіттің әдемісі, адамның өткірі); 5) заттың ерекше қасиеті (сұлудың сұлуы, батырдың батыры)т.б. Және ілік септігі қолданыста жалғаусыз, нөлдік тұлғада қолданыла да береді, ол мағынаға әсер етпейді. Бұл нақтылық пен жалпылық мән ортасында қарастырылады.

Мысалы, ауыл баласы, қала халқы, мал басы дегендерде жалпылық мән басым, сондықтан оларды нөлдік тұлғада қолдануға болады» деп көрсеті. Ілік септік жалғаулары сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады.

Нақтылай айтсақ, зерттеуші Г. Сарсеке «Ілік септігіндегі сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен байланыс құрайды. Бұл қолданыста ілік септігі жасырын және ашық тұлғасында да келе береді. Мысалы: Аздан соң құздың басына ереуілдеген жаяулар шықты да, ойдағы жиынға қарады (М. Әуезов). Бӛлімше командирлері жүгіре жӛнелді, тек қарт жұмысшы қозғалмады

(Ә. Нұрпейісов). Ілік септік жалғауы өзі жалғанған сөздерді (құздың, бөлімше) тәуелдік жалғаулы сөздермен (басына, командирлері) байланыстырып тұрады» деген мысалдар келтіріп, ілік септігінің ықшамдалу жолдарына тоқталғандығын көреміз.

Ілік септік жалғауының толық, ықшам және жасырын түрінде басқа сөздермен тіркеліп қолданылу жүйесі үнемі біркелкі болып келмейді. Ол қолданыстардың бәрі ілік септік жалғауының тұлғалық өзгерістері, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болу керек.

3)Барыс септік. «Барыс септігінің зат есімге жалғанатын жалгаулары - -ға/- ге, -қа/-ке, -а/-е, -на/-не. Мүның кейінгі -а/-с, -на/-не түрі тәуелдеулі зат есім- дерге, -га/-ге, -қа/-ке өзге зат есімдерге жалғанады. Барыс септіктегі сөз, негі- зінде, істің, кимылдың кімге, неменеге, кай жерге бағытталгандығын білдіреді. Бағыт, бағдарды білдіру - оның ең негізгі мағынасы. Ал калған магыналары онын негізгі мағынасынын әр түрлі көрінісі есепті. Әлбетте, септік жалғаулы сөздің белгілі бір грамматикалық мағынаны аңгартуы - оны өзіне тәуелді етіп, бағындырып тұратын сөздің лексика-грамматикадык мэніне де белгілі бір дәрежеде катысты болады. Сол үшін де сөйлемде белгілі бір сөзбен бағының- кылык катыста айтылуына байланыста барыс септіктегі сөздің грамматикапык өңінің қүбылып отыруы әбден заңды жағдай. Сонымен бірге септік жалғауы жалғанып отырған сөздің өз магынасының да септік жалғауының магыналық реңін түрлендіруге едәуір эсері болады» (5. 58-59 б.). Септік жалғаулы сөздің мағыналык белгісінің түрліше болуы осындай жағдайларға байланысты.

Қазіргі қазак тілі фактілері нсгізінде айтылган бүл ерскшеліктер ХҮІ ғасыр ескерткіші «Кодекс куманикус» тіліне де тэн, Мысалдар келтірелік. Ким бүгүн токты барча алам куткардачы. Ол болғай сизге нышан. Барыңыз Бетлемге анда тапғайсыз тоғырған оғлан, чүперекке чулғанмыш дағы биченликке койулмыш (Ә. Қүрышжанүлы, Қолжазба, 1973, 140). (Бүгін бүкіл элемнің кұтқарушысы туды. Мына корініс сізге белгі болсын. Бетлемге барыңыз. Онда шүберекке оралып, пішендікке қойылған жаңа туған баланы тауып аласыз). Бүл сөйлемде барыс жалғауы жалганған сизге есімдігі істің, кимылдың кімге бағытталған- дығын білдірсе, Бетлемге кай жерге бағытталгандығын көрсетіп түр. Мен азам да болман. Мен фериштемен. Аның үчүн келдим көргүзмеге саңа нечик сасыр йазуклы жан теңри аллында. Қачан фериште ол сөзни айтты, анчак көрүнмади.(Мен адам емеспін. Мен періштемін. Күнэкар жан кұдайдың алдында калай сасып тұратынын көрсетпекке келдім. Періште осы сөзді айтысымен, көздсн ғайып болды). Бүл мысалда барыс жалгауы жалғанған көргузмеге сөзі істің максатын білдіріп тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет