1-топ. Отыр,тұр,жатыр,жүр етістіктері мен есімдер, үстеулер баяндауыш болып жекеше де, көпше де жіктеледі. Мысалы:
Жекеше түрі
Мен отырмын,тұрмын,жүрмін,жатырмын
Сен отырсың,тұрсың,жүрсің,жатырсың
Сіз отырсыз,тұрсыз,жүрсіз,жатырсыз
Ол отыр,тұр,жүр,жатыр.
Көпше түрі
Біз (біздер) отырмыз,тұрмыз,жүрміз,жатырмыз;
Сендер отырсыңдар,тұрсыңдар,жүрсіңдер,жатырсыңдар;
Сіздер отырсыздар,тұрсыздар,жүрсіздер,жатырсыздар;
Олар отыр, тұр, жүр, жатыр.
2–топ. Сөздердің жіктелуіне –а,-е,-й және –ып,-іп,-п формалы көсемшелер жатады. Мысалы, жекеше түрде; мен барамын, сен барасың,сіз барасыз,ол барады, көпше түрде; біз барамыз, сендер барасыңдар, сіздер барасыздар, олар барады. Екінші топтағы жіктелуіндегі бір ғана ерекшелік бар: Ол 3 жақта –ды,-ді,-ты,-ті қосымшаларының болуы.
3-топтағы сөздердің жіктелуінің І,ІІ жақтарының жалғаулары тәуелдік жалғауының І,ІІ жағының жекеше түрімен ұқсас болып тұр. Мысалы, әкем, әкең, әкеңіз, айттым, айттың,айттыңыз .
4-топтағы сөздерге етістіктің бұйрық рай формасы (бар,кел) жатады.Мысалы, мен барайын,сен бар,сіз барыңыз,ол барсын.
Біз барайық,сендер барыңдар, сіздер барыңыздар,олар барсын. Бұлар да жекеше де, көпше де формада жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |