Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы



бет39/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
treatise96353

Бояудың тұтқырлығы (жабысқақтығы) (Вязкость краски) – бояудың ағымдылығын қоздыратын сыртқы күштер ықпалына қарсылық етерлік қасиеті. Ол бояудың басу техникалық мүмкіндіктерін айқындайды. Бояудың тұтқырлдығы басылу бояуларының негізгі компоненттерінің санды және сапалы құрамына тікелей байланысты. Ол визкозиметрдің көмегімен өлшенеді.
Гексахром – басу процесінде алты бояулы (оның ішінде төрт триадалық бояулар да бар) түрлі-түсті жартылай реңді (полутоновые) растрлы бейнелер түпнұсқасын пайдалана отырып, көпбояулы басу технологиясы. Мұнда триадалық бояуларға тағы екі бояу түрі қ осылады, мысалы: қызыл, көк, жасыл, қызғылт-сары (оранжевый) қызғылт (розовый) түсті. Түпнұсқадан түстерге бөлінген формалар (фотоформалар) жасау үшін тиісті түр-түске бөлу технологиясы қолданылуы керек.
Екі жақты басу – (двусторонняя печать) басу машинасында қағаздың (басқа да қолданылған материалдың) - екі жағына бірден басылуы.
Интерлиньяж (жолдар арасындағы ашық жер – междустрочный пробел) – қатар орналасқан екі жолдың үстіңгісінгің астыңғы сызығымен астыңғы жолдың үстіңгі сызығы аралығындағы бос жер (пробел). Металл терілімінде құйылған жолдар аралығына әртүрлі қалыңдықтағы арнайы (пробелді) материалдар салынады, ал компьютерлік терілімде алдын ала берілген бағдар не команда бойынша атқарылады.
Аралас басу (комбинированная печать) - бір түпнұсқаның көшірмесі ретінде бір басылым алу барысында екі не бірнеше басу тәсілдерін қолдану. Негізінен ақша және құнды қағаздарды басу үшін, оларды қолдан жасау әрекеттерінен қорғау амалы ретінде пайдаланылады.
Аралас бүктемелеу машинасы (комбинированная фальцевальная машина) – табақты қағазды бүктемелеу кезінде бүгімдер кассеталық және пышақты механизмдері бүктеу аппаратарында және секцияларында атқарылатын машина.
Бояу аппараты (красочный аппарат) – басу машинасының бояуды дайындап, жаймалап басу формасына беретін құрылғысы (бөлігі). Шығыңқы және жайпақ офсеттік басу машиналарында басу аппараты әдетте әртүрлі диаметрлі резина біліктер мен металл цилиндрлері жүйесінен құралады. Басқа басу түрлеріндегі бояу апппаратының құрылымы өзгеше келеді.
Ламинациялау (ламинирование) – басылған қағаз бетін балқытылған полимер қабатымен жауып жақсарту және оған газ, бу, ылғал су әсер етпейтіндей, тағы да басқа арнайы қасиеттер беру. Л. қағаз бетіне пленка жапсырмалаудың жеке бір түрі саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет