Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы


Астериск – жұлдызша (*) түріндегі белгілер, сілтеме, ескертулерді сызық астына берілген мәтіндерді көрсетуде қолданылады



бет41/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
treatise96353

Астериск – жұлдызша (*) түріндегі белгілер, сілтеме, ескертулерді сызық астына берілген мәтіндерді көрсетуде қолданылады.
Бит (binary digit) (двоичная цифра) дегеннің қысқартылған түрі. Компьютер жүйесінде ақпараттық өлшемінің негізгі бірлігі саналады. Әрбір Б. О не 1 мағынасын көрсетеді. Б. Тобы байтті құрайды. Байттың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін, әдетте отл 8 битке тең.
Көмекші мәтін (вспомагательный текст) кітаптағы сызық астында берілген мәтіндер, сілтеме ескерту, басқа да қосымша мәтіндер. Әдетте негізгі мәтіннен ұсақтау кегльді қаріппен теріледі.
Денситометр – басылымның, фотоформаның оптикалық тығыздығын өлшейтін аспап (прибор). Ол оптикалық тығыздықты шағылған сәуле (басылымда, фотосуретте) және өтпелі сәуле (слайдта, негатив пен диапозитивте) арқылы анықтайды.
Табақ өтімі (листопрогон) – басылатын (табақты) қағаздың (басқа да басу материалының) басу машинасынан әрбір өтуі. Мұнда қанша түсті бояумен басылуы есепке алынбайды. Бұл көрсеткіш негізінде басу машинасының жүктемесі есептеліп, тапсырыстың атқарылу графигі жасалады.
Бояу өтімі (Краскопрогон) – 1. Басу машинасының бір формадан ғана басылым алу. 2. Басу жабдығының өнімділігін есептеу бірлігі. Бір табақ өтіміндегі бояу өтімі саны басу машинасының бояулылығы байланысты. Бір жақты, бір бояулы басуда бір табақ өтіміне бір баяу өтімі келеді, ал 4-бояулы басу машинасында бір табақ өтімінде 4- бояу өтімі болады.
Басуға дейінгі процестер – басылымды басу процесіне дайындауға (басу формасын жасауды қоса) байланысты атқарылатын технологиялық процестердің барлық кезеңі.
Желатинді желім (желатиновый клей) - мал терісі, тұяқтары, сүйектерінен жасалатын сапалы желімдейтін желім түрі. Кітап мұқабасын жасауда кеңінен қолданылады.
Каландрланған қағаз (каландрированная бумага) – каландрдан қағаз жасау мәшинесінің (бірнеше жоғары дәрежеде әрленген полировка) біліктерден тұратын бөлігі) өткізілген, беті жылтыр сапалы қағаз түрі.
Қышқылдық (кислотность) – ортаның рН өлшем бірлігінен берілетін сипаттамасы. Бұл өлшем бойынша рН7 мөлшері бейтарап орта саналады, егер ол көрсеткіштен жоғары болса ортаның сілтілік әсері жоғарылайды. РН шкаласы 10-дық логарифм негізінде жасалған сондықтан рН4 ортасы рН5 ортасына қарағанда 10 есе қышқыл, ал рН6 ортасына қарағанда 100 есе қышқыл болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет