Борланған қағаз Борланған қағаздың ақтығы мен бетінің тегістігі ең жоғары боп келеді. Шығыңқы, офсеттік және ойыңқы басу тәсілімен бейнелік басылымдарды, көркем-суреттік шығармашылық репродукцияларды, түрлі-түсті фотографияларды, кітаптар мен альбомдарды, әртүрлі жарнамалық өнімдерді шығаруға арналады. Шығыңқы және офсеттік басу тәсілдерінде көбінесе жылтыр бояулар қолданылады.
Шығыңқы және офсеттік басу тәсіліне арналған борланған қағаз ГОСТ 21444-75 стандарты бойынша жасалынады. Бір бояулы және көп бояулы бейнелік және бейнелік-мәтіндік басылымдарды шығыңқы және офсеттік басу тәсілдерімен шығару үшін екі жағынанбір рет қапталған қағаз қолданылады. Екі жағынан екі рет борланған, жоғары сапалы қағаз ТУ 81-01-475-79 техникалық шарты бойынша жасалынады. Көрсетілген техникалық шарттар екі рет борланғагн , массасы 250 г/м2, қалындығы 200 мкм, тегістігі 400 с кем емес, көркемсуретті ашық хаттарды басуға арналған қағазды жасап шығаруды да қарастырады.
Түптеу қағазы Ақ немесе түрлі-түсті мұқабалық қағазы ГОСТ 20283-74 стандарты бойынша жылтырланған,күңгірт немесе қысыммен өңдеп жасап шығарады. Маркасы А және Б мұқабалық қағазы 60% сульфиттік ақ және 40% сульфатты ақ целлюлозадан жасалынады. Олар физика-механикалық қасиеттері бойынша бірдей. А маркасы – жылтыр, ал Б- маркасы – күңгірт. МАркасы В қағаз 60% сульфитті ағартылмаған целлюлозадан және 40% ақ сүректік массадан жасалынады, сондықтан алғашқы қағаздың беріктігі, ұзаққа төзімділігі және тұрақтылығы жағынан біраз төмендеу боп келеді. Желімдеу қатпары 0,75-1,25 мм және тегістігі40-110 с мұқабалық қағазға шығыңқы, офсеттік тәсілімен басуға мүмкіншілік бар. Бір жағынан желім жағылғанда қағаздың оралуына тығыздығының ең кіші шегін шектеуі, толықтырғыштың, әсіресе бедерлі қысыммен өңдеуі бөгеуілдейді. Мұқабалық қағазы түптеу қағазына желімдеп бекіту үшін және кітапшаларды мұқабалау үшін қолданылады.
Форзацтық қағаз ақ немесе түрлі түсті ГОСТ 6742-68 стандарты бойынша жасалынады, кітаптардың форзацтарын жасауға арналады. Оның екі маркасы шығарылады: А маркасы – басылмайтын форзацтар үшін, О маркасы – көп бояулы, офсеттік тәсілмен басылатын форзацтар үшін. Маркасы О қағаз басу бояуын өзіне жақсы сіңіреді, бетінің беріктігі жақсы, басудың қалыпты жағдайда шаң шығармайды және бояулары жұлынбайды.
Кітап блоктары түбін желімдеуге арналған қағаз ТУ 81-04-62-71 техникалық шарты бойынша механикаландырылған тәсілмен 100% шыршалық сульфаты ағартылмаған целлюлозадан жасап шығарылады. Қағаз машиналық және бір жағы тегіс етіп шығарылады. Полиграфия кәсіпорындарында қағаз жолақтарға бөліп кесіледі, кітап блогы түбіндегі марля үстіне желімдеп жапсырылады. Қалындығы 12 мм кем, мярлясыз, жіппен тігілген кітап блогы түбінің ұзындығы бойымен толық желімдеп жапсыруға болады.
Отстав қағазы. Отстав – қатырма жақтарынан алшақтау тұратын түптеу қабы түбінің ішкі жағына желімденетін жұқа қатырма немесе тығыз қағаз таспасы. Отстав түптеу қабы түбіне пішін береді, оның беріктігін арттырады, баспа бояуына өтімділігін арттырады, түптеу фольгасымен өрнек салуын арттырады. Қағаз тегістігі машиналық, табиғи талшық түсі, композициясы қалыпсыз етіп шығарылады.
Түптеу қағазының кейбір кемшіліктері Кітапшалау-түптеу цехтарында мұқабалық қағазының оралып қалуы мүмкін, бұл біраз қиыншылықтар тудырады. Ол қағаздың жеткіліксіз немесе кеуектілігінің көптігінен желім қатпарының аздығынан және т.б. болуы мүмкін.
Түптеу және мұқабалық қағаздарының ұзаққа төзімділігі бетінің механикалық беріктігіне, жарыққа беріктігіне тығыз байланысты. Полиграфиялық басылым өнімінің сапасына әсер ететін түптеу қағазының мүмкін болатын кемшіліктерін қарастырайық.
Мұқабалық қағаздың желім жағу кезінде оралуы қағаздың өте көп тығыздалуынан, ұзын талшықтылығынан, қағаз массасыда толықтырғыштың көптігінен болады.
Бұл жағдайда қағаз ылғалдылықты бір жағынан ғана сора алады, ол жағы деформацияланады. , ал екінші жағы іс-тәжірибе жүзінде ылғалдылығы өзгермей өзінің алғашқы өлшемдерін өзгертпейді., яғни деформацияланбайды.
Мұқабалық қағазының жеткіліксіз жарыққа беріктігі оның бетінің жарық өткізбейтін бояулармен немесе қағаз құрамында сүрек массасының көп болуымен түсіндіріледі.
Мұқабалық қағаздың аса жылтыр кеуексіз беті қатырмаға желімдеп жапсыруға қиындық туғызады. Бір жағы тегіс, ал екінші жағы аздаған кедір мұқабалық қағазын желімдеп жапсыруға болады. Мұқабалық қағазының механикалық беріктігінің кем болуы- қағаз құрамында сүрік массасын көбірек болуы немесе целлюлозаны жеткіліксіз үгітілмеуімен түсіндіріледі. Мұқабалық қағазы құрамынан ақ сүректік массасыны азайту, оны сульфатты ағартылған целлюлозамен ауыстыру, қағаз массасын карбомид шайыры немесе синтетикалық латекстермен бетін желімдеп қатпарлау, сонымен қатар қағаз бетін карбоксометилцеллюлозамен желімдеп қатпарлау мұқабалық қағазы бетінің механикалық беріктігін арттырады.
Қағаз бетінің желімдеу қатпары аздығынан оның кеуектілігі артады, желімді мөлшерінен тыс көбірек сіңіреді, оның салдарынан қағаз беріктігі төмендейді, желім шығыны артады, желімпдеуден кейін қағаз дайындамасын түзеу қиынға түседі.
Қағаздың бойлық және көлденең бағыттағы бір қалыпсыз деформациясы қағаз жасау жабдығын дұрыс таңдамаудан немесе қағаз массасын құю жылдамдығының тездігінен болады. Қағаз ылғалдануы кезінде көлденең бағытта көбірек деформацияланады. Мұны кітапшалау-түптеу жұмыстарында естен шығармау керек. Қағазды бойлық бағытында бүктеу оңайырақ, ал кітаптардың ашылуы жақсырақ болады, бірақ кітап парақтары бұл жағдайда аса берік бекітілмейді. Қағазды көлденең бағытта, шетіне желім жаққанда қағаз көбірек деформацияланады. (шеті жиырылып қалады). Сондықтан форзацтарды желімдеп жапсыру кезінде жеке бейнелерді ішіне желімдеп жапсыру кезінде мұның бәрін ескеру керек.