12 . БАСПА БОЯУЛАРЫ. БАСПА БОЯУЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Полиграфиялық бояу – пигмент (дисперсті фаза) пен байланыстырғыштан (дисперстік орта) тұратын коллоидты жүйе. Пигмент басуға қажетті түс береді, ал байланыстырғыш қағаз бетінде пигментті кептіреді, бояуға басу қасиеттерін береді, яғни бояу білікшелерінде жаймалануын, басу формасы бетіне жұқа қабатпен жағылып, басу цилиндрінің қысымы арқылы формалық немесе офсеттік цилиндрінен қағаз бетіне түсу қабілетін (шығыңқы және офсеттік басылым бояулары үшін) береді. Ойыңқы басылым үшін тұтқырлығы аз бояулар басу формасы бетіне жағылып, оның майда ойыңқы жерлерінің бәрін толтырады, ал болат ракель бояудан артылған бөлігін форманың ашық жол бөлімдерінен алып тастайды.
Байланыстырғыш ретінде лактар, яғни май немесе органикалық еріткіштердегі шайырлар ерітінділері қолданылады. Пигмент байланыстырғышта біркелкі үлестіріліпқана қойылған жоқ, оның әрбір алғашқы бөлшектері байланыстырғышта оның әрбір алғашқы бөлшектері байланыстырғышта әрдайым кездесетін беттік-активті заттар молекулаларынан тұратын тұтас берік қорғау қабыршығымен (басқаша айтқанда сольватпен) қоршалған.
Қорғау қабыршығымен қоршалған пигмент бөлшектерінің арасында бояуға қажетті сұйықтықтай аққыштық пен жақсы басылым қасиеттерін беретін байланыстырғыштың кейбір мөлшері болуы мүмкін. Білікшелер көмегімен бояуды жаймалағанда үйкеліс пигменттің қатты бөлшектері беттерінің арасында емес, ал сұйық қабаттары арасында болады, яғни құрғақ үйкеліс сұйық үйкеліске ауыстырылады.Қорғау қабыршығымен қоршаған пигмент бөлшектері бір-біріне қатысты жылжығандай болады.
Кейбір полиграфиялық бояуларға ауа ішіндегі оттегі әсерінен пленка түзілу процесін үдету үшін сиккатив қосады. Түрлі-түсті бояулар құрамында пигмент түсін анықтап түсіру үшін, басу қасиетін жақсарту мақсатымен және бояу құнын арзандату үшін толықтырғыштар (мәселен, барий сульфитін және алюминий гидроксидін) қосады. Қара бояуларға пигментке (күйеге) қоса қанықтылығын арттыру үшін, баспа-таңбадағы басу реңін жақсарту үшін құрамына түсін келтіргіштер енгізеді. Қара бояудың түсін келтіру үшін келтіргіштер ретінде аса көк және фиолетті пигменттер аздап еритін бояғыш заттар қолданылады.
Бояудың түсін келтіргішті таңдау негізінен алғанда байланыстырғыштың сипатына байланысты. Бояуға тағы да әртүрлі қосымша заттар қосылады, мәселен, аса көп жабысқақтығын азайту үшін, бояудың жайылып кетуін болдырмау үшін, басу қасиеттерін жақсарту үшін және т.б. пасталар қосады.
Пигменттер – бұл суда және органикалық еріткіштерде еримейтін, ақ немесе қара жоғары дисперсті кристалды құрылымы бар ұнтақтар. Олар органикалық немесе органикалық емес боп келеді. Пигменттер полиграфиялық, индустриалды, құрылыс, көркем суретті бояулар түрлі-түсті қарындаштар жасау үшін, сонымен қатар пластмасса, резеңке, синтетикалық талшықтарды бояу үшін қолданылады. Органикалық пигменттерді бояғыштардан ажырату керек.
Бояғыштар – бұл құрғақ бояу ұнтақтар түріндегі органикалық қосылыстар, бірақ пигменттерден айырмашылығы сол, олар суда , ал кейде органикалық еріткіштерде, майларда қанықты ерітінді түзе ериді. Бояғыштар негізінен иірілген маталарды бояу үшін қолданылады. Бояғыштың аз мөлшерімен көптеген тауарлар бояуға болады. Мұнымен қатар кейбір бояғыштардан ерімейтін түрлі-түсті тұнбалар –лактық пигменттер алынады. Олар полиграфиялық бояуларды өндірісінде пигменттер ретінде пайдаланылады.
Органикалық бояғыш заттар ассортименті және классификациясы. Химиялық құрылысы мен хромофор сипатына байланысты бояғыш заттар химиялық кластарға –(азобояғыш, триаметан, ксантен, фталоциан және т.б.), ал қолдану жайына қарай – техникалық топтарға: органикалық пигмент, лактық пигмент, бояғыштарға негізгі қышқыл, лактық, күйдірмелегіш, майда еритін және т.б. бөлінеді.
Жасанды органикалық емес пигменттер – бұл жоғары дисперсті суда ерімейтін түрлі-түсті және ақ кейбір металдардың (мысалы, темір, титан, алюминий, барий, хром, қорғасын және т.с.с.) тұздары мен оксидтері. Олардың ішінен полиграфиялық бояулар жасау ішінен полиграфиялық бояулар жасау үшін қолданылатыны: көк милори, әр түрлі ақ пигменттер мен толықтырғыштар. Органикалық емес пигменттерге тағы да қара пигмент –күйе, алюминий және қола опасы мен ұнтақтары жатады.
Полиграфиялық пигменттерге қойылатын талаптар тым жоғары, әсіресе түс жағынан, дисперсиялық, жарыққа тұрақтылық және мөлдірлігі жағынан. Әр түсті пигменттер түрлі –түсті тон бойынша спектральды түстерге жақын болуы қажет және мүмкіншілігіне қарай қанығырақ болғаны жөн, құрылымы жұмсақтау болып, яғни байланыстырғыштармен жеңіл әрі тез араласуы керек. Пигменттердің майға сыйымдылығы, яғни майда (байланыстырғышта) адсорбтау (сору) қабілеті аса көп болмауы керек, әйтпесе бояуға пигменттің қажетті мөлшерін енгізуге болмайды. Пигменттер сілті мен қышқылға төзімді, спирт пен жылуға төзімді болып, бояу кебуін баулатпауы керек, экономикалық тиімді болғаны жөн. Пигменттердің майға беріктілігі тамақ өнімдері (май, маргарин, ірімшік және т.б.) оралымдарын басуға арналған бояуларға ғана арналған түрлерінде жоғары болуы керек, ал басқа жағдайларда пигменттердің майға беріктігі төмен бола береді. Осыны термотұрақтылық жөнінде де айтуға болады. Мысалы, консерв банкаларын жасауда қолданылатын қаңылтырға басуға арналған бояулар үшін өте маңызды.
Органикалық пигменттер ішінде полдиграфиялық бояулар жасауда қолданылатын пигменттер: азопигмент пен фталоцианды пигмент. Сонымен, азопигмент, фталоцианды пигменттер барлық дерлік негізгі түсті жарыққа тұрақты полиграфиялық бояулар жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Органикалық пигменттері бояудың басылым қасиеттері қанағаттанарлық дәрежеде. Атап айтқанда, олар спирт лактарына төзімді келеді.
Лактық пигменттер – бұл қышқыл бояғыштар екі және үш валентті металдардың ерімейтін тұздары немесе кейбір негізгі бояғыштардың кешенді тұздары.
Лак пигменттерін барий, кальций немесе стронций хлоридтерінің судағы ерітінділерінде қышқыл азобояғышты тұндыру арқылы алады.
Кальцийлі лак пигменті барийге қарағанда көкшілдеу боп келеді. Барий мен кальцийге қарағанда стронцийдің лак пигменті жарыққа төзімділігі жоғарылау.
Лак пигменттерінің маркасын белгілеу екі әріптен тұрады:
Біріншісі реңді көрсетсе, мәселен С – көкшіл, Ж-сарғыш, екінші әріп тұндырғышты көрсетеді; Б – барий, К – кальция және т.б.
Түсі қызыл, қышқыл азобояғышты лактық пигменттердің түсі анық қаныққан, басу қасиеттері жақсы, мөлдірлігі жоғары, баспа – таңбадағы жылтырлығы жақсы, бірақ жарыққа беріктігі орташа. Сондықтан оларды шығарып ішін рәсімдеу элементтерін басуға басылым өнімінің жарыққа беріктігінің жоғарылығын қажет етпейтін жағдайда қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |