Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы


ҚАТТЫ ТҮПТЕЛГЕН МҰҚАБАЛАРЫНЫҢ ТИПТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет33/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
treatise96353

21 ҚАТТЫ ТҮПТЕЛГЕН МҰҚАБАЛАРЫНЫҢ ТИПТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Түптеу мұқабасын дайындау технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады. Оларға дайындамаларды кесіп – пішу, дайын болған дайындамалардан түптеу мұқабасын жинау және дайын мұқабаны өңдеу жатады. Ал дайын түптеу мұқабасын дайындау үшін картон, парақты және рулонды түрдегі түптеу материалдары, кітап блогын бекітуге арналған арнайы материалдар, желімдер, мұқабаның үстіне басуға арналған бояулар, фольгалар және тағы да басқа көптеген материалдар жатады.
Соңғы жылдары түптеу қаптарын дайындауда пластмасса, поливинилхлорид пленкалары және т.б. әртүрлі арнайы материалдарды қолданады.
Кейбір түптеу қаптарының өлшемдері кітап блогының өлшемімен бірдей болады. Себебі кітап блогы түптеу мұқабасына қондырылғаннан кейін мұқабаның сыртынан үш жағынан кесіледі. Бұл түптеу мұқабаларын кесілген (обрезной) мұқабалар деп атайды. Кесілген мұқаба тұтас картоннан немесе тұтас матадан тұрады.
Техникалық матамен немесе қағазбен капталған түптеу мұқабалары тұтас матамен немесе тұтас қағазбен қапталған мұқаба деп аталады.


Түптеу картондарының қалыңдығына қарай түптеу мұқабалары қатты немесе жұмсақ әрі майысқақ болады. Кесіліп пішіліп желімденген картон беттерінің аралығының өлшемі шпация деп аталады. Шпацияның өлшемі кітап блогының қалыңдығына қарай әртүрлі болады. Шпацияның қақ ортасына тығыз қағаздан немесе картоннан тұратын (2) отстав желімденеді. Отставтың көмегімен кітап мұқабасының түбіне белгілі бір форма беріледі және мұқаба түбін өңдеп, безендіруге мүмкіндік туады.
Отстав пен картон бетінің арақашықтығы расстав деп аталады. Расставтар отставтың екі жағында болады да, дайын кітаптың сапалы және оңай ашылуын қамтамасыз етеді.
Осы мұқабалардан басқа тағы да құрама түптеу мұқабасы бар. Мұндағы мұқабаның түбі (3) техникалық матамен қапталады да, қақ ортасына отстав желімденеді. Сонан соң барып түптеу материалымен немесе қағазбен қапталған картон беттерімен бірге құрастырылып құрама түптеу қабы пайда болады.
Түптеу мұқабаларының түрлері
№1 – түптеу мұқабасы тұтас картоннан тұрады, майысқақ, блокпен бірге үш жағынан кесіледі. Блок түбінің формасы тіке болып келеді. Кітап блогы түптеу мұқабасына қондырылғаннан кейін, дайын болған кітаптың бұрыштары дөңгелене кесіледі.
№1 – түптеу мұқабасын В маркалы картон мен А,Б маркалы прессшпаннан дайындайды.
№2 – түптеу мұқабасы шеттерінен канттары шығып тұратын тұтас майысқақ картоннан тұрады. Блок түбінің формасы тіке және дөңгеленген бола береді, бұрыштары тіке болады. №2 – түптеу мұқабасын дайындау үшін №1 – түптеу мұқабасын дайындауға арналған картонның сорттары мен үстіңгі беті тегістелген, түрлі –түсті картон сорттарын қолданады.
№1 – түптеу мұқабасы мен №2 – түптеу мұқабаларды құжатты, ресми анықтамалық және кіші мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған басылымдарды дайындауда қолданады.
№3 – түптеу мұқабасы тұтас матадан тұратын жұмсақ, үш жағынан блокпен бірге кесілетін, түбі тіке басылымдарда қолданылады. №3 – түптеу мұқабасына блок қондырылғаннан кейін бұрыштары дөңгелене кесіледі. Бұл мұқаба кіші форматты жалпы дәптерлерге, ғылыми – анықтамалық, ресми құжаттық басылымдарға арналған.
№4 – түптеу мұқабасы тұтас қағазбен қапталған қатты картоннан тұрады. Шеттерінен шығып тұратын канттары бар, бұрыштары тік, кітап түбі тіке немесе дөңгеленген бола береді. Картон беттері пленкамен престелген мұқабалық қағазбен немесе арнайы қағаздармен қапталады. №4 – түптеу мұқабасын дайындауда міндетті түрде шпацияны марлямен немесе басқа жұмсақ матамен картон беттеріне 10-12 мм – дей кіргізіп желімдеу керек. Бұл түптеу мұқабасы қазіргі кезде кеңінен қолданылуда.
№5 – түптеу мұқабасы жоғарыда айтылып кеткендейғ құрама бөлшектерден тұрады. Басылымның түбі түптеу материалымен қапталған, ал картон беттері мұқабалық қағазбен немесе қағаз негіздегі түптеу материалымен қапталады. Кітаптың түбі дөңгеленген немесе тіке бола береді. №5 – түптеу мұқабасын оқулықтарды, көркем әдебиеттерді, анықтамалық және ресми әдебиеттерді қаптауда кеңінен қолданады.
№6 – түптеу мұқабасы - шеттерінен канттары шығып тұратын, майысқақ тұтас түптеу матасымен қапталған, бұрыштары дөңгелене кесілетін, жұқа картоннан немесе тығыз қағаздан дайындалады. Бұл мұқабадағы отстав пен шпацияның өлшемдері бірдей болады. Расставтың өлшемі 1 мм – ден аспайды.
№6 – түптеу мұқабасын көбіне анықтамалық басылымдарды қаптауда қолданады.
№7– түптеу мұқабасы канттары шығып тұратын, картон беттері тұтас түптеу материалымен қапталған, басылымның түбі дөңгелене немесе тіке болып келетін өнімдерде қолданылады. №7 – түптеу мұқабасымен қапталған басылымдарда супермұқаба қолданылуы мүмкін.
№ 4 , № 5 және № 7 – түптеу мұқабалары күнделікті өмірде барынша кеңінен қолданылады.
№8 – түптеу мұқабасы түптеу матасымен қапталған, құрама, қатты, канттары шығып тұратын, түбі теріден немесе матадан тұратын, картон беттері басқа түптеу матасымен қапталған болып келеді. №8 – түптеу мұқабасы ерекше безендірілген басылымдарда ғана өте сирек қолданылады.
№9 – түптеу мұқабасы канттары шығып тұратын пластмассадан тұрады. Кітаптың түбі дөңгеленген және бұрыштары да дөңгелене кесіледі. Бұл түптеу мұқабасының үш түрі бар. Олар: №9м, №9п.ж. және №9ж. – түптеу мұқабалары. Олар әртүрлі поливинилхлоридті жұмсақ, мөлдір әрі қатты және мөлдір емес пленкалардан тұрады.
№9м. – пластикаттың бір қабатынан құралған жұмсақ пластмассадан тұратын мұқаба. Бұл түптеу мұқабасын негізінен қысқаша анықтамалық тілашар, анықтамалық күнтізбе сияқты басылымдарда қолданады.
№9п.ж. – түптеу мұқабасы жұмсақ және қатты екі пластикат қабатты жартылай жұмсақ пластмассадан тұратын мұқаба. Қатты пластикат мұқабаның ішкі жағында орналасқан. №9п.ж. – түптеу мұқабасы кіші мектеп жасындағы балаларға арналған кейбір әліппелерде, ерекше көркемдеп безендірілген арнайы басылымдарда қолданылады.
№9ж. – түптеу мұқабасы араларында картон беттері қойылған, қатты пластикаттың екі қабатынан тұрады.
№9ж. – түптеу мұқабасын №9п.ж. – түптеу мұқабасы қолданылатын басылымдарды түптеуде қолданады.



5 - сурет. Түптеу қаптарының түрлері мен құрылымы:
Үстіңгі суретте:
1 — түптеу қабы; 2 — картон беттері: 3 — отстав; 4 — түптеу қабының түбі; 5 — қапталатын бет; 6— қаптайтын материал; 7 — құрама беттер; 8 – құрама түп; 9—жиектеу материалы; 10—желім қабаты; 11 —биговка (із салу); 12— блок; 13 — форзац.
5 – тип – құрама бөлшектерден жасалған түпте қабы; 6 –тип – бір детальдан тұратын түпте қабы; 7 - тип – тұтас қапталып дайындалған түптеу мұқаба;


6-сурет


1 — блок түбін қаптауға арналған материал;
2 — түптеу қабын қаптауға арналған материал;
3 — форзац (бұл жерде бояу жағылған);
4 бір детальдан тұратын түптецу қабы; 5 — картон;
6 — түптеу қабының жиектелген тұсы;
7 — үстінен желімденетін түптеу қабының материалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет