Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы



бет29/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Байланысты:
treatise96353

19. КІТАПШАЛАУ – ТҮПТЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


«Кітапшалау-түптеу процесі» – «кітапшалау» және «түптеу процесі» – деген екі терминнен тұрады.
«Кітапшалау» - деген термин – кітапша деген сөзден, яғни 5-80 беттен тұратын, жұмсақ мұқабамен қапталған басылым деген сөз. Ал, «түптеу» деген термин түптеме, түптелген қап, яғни кітап блогын түптеуге арналған қап деген сөзден шыққан.
Полиграфиялық техника мен технологиялардың даму барысында және әртүрлі полиграфиялық өнімдерді дайындау ерекшеліктерінің өзгеруіне қарай (нарықтың және тапсырыс берушінің сұранысына, экономикалық шығынды азайту және т.б. себептерден) түптеу қабының орнына жұмсақ мұқаба қолдану сияқты өзгерістер енуде.
Басылым блогын қалыптастыруға арналған, көптеген технологиялық операциялардың қағидалары мен мақсаттары бірдей болғандықтан (мысалы, басылған оттистілерді екшелеу, оларды кесу машиналарында белгілі бір бөліктерге бөлу, бүктемелеу, престеу және көптеген аралық операциялар) - осы технологиялық операциялардың барлығы да кітапшалау-түптеу процестері деп аталады. Өйткені осы процестер мұқабамен де, түптеу қаптарымен қапталған басылымдарды дайындауда орындалады.
Полиграфия өндірістеріндегі кәсіпорынның өндірістік қуатына қарай технологиялық операцияларды әр цехтарға орналастырады. Мысалы, ірі өндірістерде кітапшалау цехы мен түптеу цехтары бір-бірінен бөлек, бірақ қатарласа орналасады. Бұл әр жағдайда операцияларды орындайтын жабдықтардың габариттері мен қуаттарына да байланысты болады.
Енді «кітапшалау» және «түптеу» процестеріне жататын операцияларды қарастырамыз.
Кітапшалау процестеріне – бүктемелеу, бүктелген дәптерлерден блокты жинақтау, нақты бір әдіспен блокты бекіту, дайын блокты жұмсақ мұқабаға қондыру, шыққан кітапшалардың сапасын тексеру және орап-буу процестері жатады.
Түптеу процестеріне - қатты түптеу қаптарын дайындау (картон, түптеу материалдарын кесіп, пішу). Осы түптеу қаптарына кітап блогын қондыру, түптеу қабына із салу (биговка), бронзалау, лак жағу, инкрустациялау, фольгамен престеп өңдеу, түптеу бояуларын қолданып, басып шығару және т.б. операциялар жатады Барлық кітап-журнал, кітапшалар және тағы да басқа полиграфия өнімдерін дайындауда кітапшалау-түптеу процестерінде орындалатын барлық қалған операциялар жатады.
Кітапшалау-түптеу өндірісі өз реттерімен ғана атқарылатын технологиялық операцияларымен ерекшеленеді.
Баспа өнімдерінің ішіндегі ең күрделісі – кітап. Ол өзара әртүрлі тәсілдермен біріктірілген, көптеген элементтерден құралады. Кітаптың әртүрлі элементтерімен, параметрлерінің (дәптерлер, олардың бөліктері, бейнесуреттер, форзацтар, мұқабалар, түптеу қаптарыар; кітаптың форматы, көлемі т.б.) бірлесуі, қолдану варианттарының көптігі кітап шығару, өндірісінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Кітап шығару барысындағы кітапшалау-түптеу өндірісінің қиындықтары, күрделіліктері бірімен бірі сыбайлас бірнеше негізгі факторларға байланысты:

  • кітапшалау-түптеу жабдықтарының жетілдірілген өнімдік деңгейіне;

  • технологиялық процестердің механикаландыру және автоматтандырылу дәрежесіне;

  • кеңінен тараған кітап өнімдерінің құрылымына (конструкциясына), оларды шығару барысында қолданылатын жабдықтардың мүмкіндігіне сай келуі, былайша айтқанда технологиялылығына.

Бұл кітапшалау-түптеу жабдықтарының технологиялық икемділігін қажет етеді
Кітап өнімдерін шығару процесіне негізінен кітап топтамасы (блок) құрамындағы дәптерлерді түбінен бекіту тәсілі әсер етеді.
Кітап топтамасының түбін тігіп бекітудің еңбек көлемі сол кітапты шығару үшін сіңірілген еңбек көлемінің 50%- дейін құрайды.
1-суретте кітапшалау-түптеу өндірісінің негізгі өнімдері және олардың түбінен бекітілу түрлері берілген.

Кітапшалау-түптеу өндірісінің өнімдері



Альбомдар

Орама қораптар



Жинақталу түрі

Жұмсақ тысты

Мұқабалы



Топтаманы
түбінен
сыммен тігу

Топтамасы бір-
біріне салынып
жинақталған
дәптерлерден
құралған

Топтамасы бір-
біріне қатталып
жинақталған
дәптерлерден
құралған



Қойындәптерлер



Дәптерлер

Блокноттар



Конверттер



Топтама
тігілмей
желіммен
бекітілген

Дәптерлер термо-
жіппен тігіліп
топтама желіммен
бекітілген

Топтама жіппен
тігіліп бекітілген



Топтама үстінен
сыммен тігілген


1-сурет. Кітапшалау-түптеу өндірісінің негізгі өнімдері және олардың түбінен бекітілу түрлері.
Кітап топтамасы түбінің бекітілу түріне қарай кітап өнімдерін былайша бөлектеуге болады:

  1. Топтамасы жіппен тігілген, түбі өңделіп, жұмырланып мұқабаланған, ұзақ мерзімді пайдалануға арналған, өте көлемді, әсем өрнектелген кітаптар;

  2. Топтамасы жіппен тігілген, түбі жұмырланбай қарапайым өңделіп мұқабаланған, едәуір мерзімді пайдалануға арналған қалыңдығы 25-30 мм-ден аспайдан кітаптар;

  3. Топтамасы тікпей желіммен бекітілген, әдіптеліп, мұқабаланған не болмаса тысталған кітаптар (бұлардың пайдалану мерзімі түбін желіммен бекіту технологиясының түріне, сапасыга қарай шектеулі);

  4. Дәптерлері бір-біріне салынып жинақталған, түбінен сыммен тігілген кітапшалар (бұл басылымдар жоғары дәрежеде автоматтандырылған салып жинақтау, тігу, кесу агрегаттарында шығарылады – ВШРА).

Кітаптың құрылымы (конструкциясы) оны жасап шығарудағы еңбек көлеміне ғана әсер етіп қоймайды. Ол, сондай-ақ, қолданылатын технологиялық процеске, жабдықтардың түріне және өндірісті ұйымдастыру жұмысына да ықпал етеді.
Кітапшалау-түптеу жабдықтары алуан түрлі болып келеді. Бұл кітап шығару барысында атқарылатын әр сипаттағы технологиялық операциялар түрлеріне байланысты. Жабдықтар құрамы шығарылатын өнімдер түріне, олардың құрылымына, таралымына (тиражына) және өндіріс ауқымына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Кітапшалау-түптеу жабдықтарын олардың әртүрлі параметрлеріне, қасиетіне т.б. көрсеткіштеріне қарай классификациялауға болады. Олардың ішіндегі ең тиімдісі және ыңғайлысы-машиналарды өздерінің өңдейтін өнімінің түріне қарай (табақты қағаз, дәптер, кітап топтамалары, мұқаба т.б.) жіктеу дұрыс болады.
Бұл көрсеткіш бойынша кітапшалау-түптеу жабдықтарын мына топтарға бөлуге болады:

  • Табақты қағаздарды өңдеуге арналған машиналар: бір пышақты қағаз кесу машиналары; рулоннан табақты қағаз кесу машиналары, табақты қағаз топтамаларын екшеп тегістеу, көтеру, тасымалдау құрылғылары; бүктемелеу машиналары мен автоматтары;

  • Дәптерлерді өңдеу машиналары; жапсырмалау, әдіптеу, жинақтау, қысу-бумалау, тігу (жіппен, сыммен тігу т.б. машиналары)

  • Кітап топтамаларын өңдеу машиналары: топтама түбін желімдеу, қысу, үш жағынан кесу, түбін жұмырлау, бүгілімдерін қайыру (отгибка фальцев, или кашировальные), каптал жапсыру, топтаманы тікпей желіммен бекіту агрегаттары, кітап топтамасын өңдеу агрегаттары;

  • Мұқаба жасау машиналары: картон кесу, бобина кесу, мұқаба дайындау, мұқаба сыртына бедерлеп басу, жай басу машиналары;

  • Дайын өнімді жинақтау өңдеу машиналары: кітап топтамасын мұқабалау, штриховкалау,әсемтыс кигізу, кітап топтамасын жұмсақ тыспен жабу машиналары;

  • Көмекші және қосалқы жабдықтар: каландрлар, құрғату құрылғылары, орамалау машиналары, фольга, кесу т.б. құрылғылар мен құралдар.

Жоғарыда көрсетілген жабдықтар мен машиналар бір операциялы немесе бірнеше қатарлас операцияларды атқара алатын агрегаттандырылған жабдықтар болуы мүмкін. Және де олар жартылай автомат немесе автомат түрінде жұмыс істеуі мүмкін.
Көп жағдайда кітаптардың көбісі 32 бетті дәптерлерден жинақталып жасалады. Ол дәптерлердің түп жағындағы бүгілімі қағаз талшықтары бағытына көлденең орналасқан.
Бұл өндірістегі қолданылатын техникаға (кітап басатын рулонды ротациялық машиналардың бүктемелеу аппаратының конструкциялық құрылымына), кітап топтамасын бекіту түріне және кітап шығару өндірісндегі үнемділікке тікелей байланысты. Мұндайда кітаптың ашылуы нашарлайды, ал топтаманың түбін тікпей желіммен бекітсе оның мықтылығы төмендеп, сапасы нашарлайды.
Қазіргі жағдайда мұндай кемшілікті жоюдың жолы белгілі.
Кейінгі кездегі полиграфия саласының даму тенденциясы қандай-да болмасын баспаханада, ол шағын баспа салоны болсын, офистік баспахана немесе ірі полиграфия кешені болсын басу процесінен кейінгі жабдықтардың болу қажеттігі міндетті түрде ескеріледі, және ол жабдықтардың технологиялық мүмкіндігі мейлінше кең болуы керек. Ондай арнайы жабдықтар күннен-күнге жаңаруда.
Әлемдегі басу процесінен кейінгі қолданылатын жабдықтарды шығаратын фирмалар (“Heidelberg”, “Polar”, “Steuer”, “Busch”) өздерінің конструкциялық бюролары арқылы тапсырыс берушілердің талап-тілегін қабылдап отырады.
Осындай алдын-ала жиналған ақпараттар негізінде қазіргі кезеңдегі электроника саласының, механиканың техникалық жетістіктерін пайдаланып, экологиялық таза, химиялық әрекеттері шектеулі және аз материалдарды қолданып, конструкторлар сенімділігі үлгілі, жұмыс істеуі тұрақты және сапалы жабдықтар шығарады.
Жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолдану көп жағынан қоршаған ортаға қолайлы, бұл полиграфия өндірісін ұйымдастыру барысында ең маңызды фактор саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет