Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы



бет32/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
treatise96353

20 МҰҚАБАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОИЯСЫ


Жұмсақ мұқабалар.
Жұмсақ мұқабалардың төрт түрі болады.
Олардың түрлері төменде келтірілген.
№1 жұмсақ мұқаба деп –бүктемеленген дәптерлері бір – біріне енгізіліп жинақталған кітапшаның үстінен кигізіліп, сыммен бекітілетін мұқабаны айтады.
№2 жұмсақ мұқабаға - бүктемеленген дәптерлері бір – бірінің үстіне қойылып жинақталған, желіммен бекітілген басылымның түбінен ғана желімденетін, кітапшаның беті 80 беттен асатын басылымға кигізілетін мұқаба түрі жатады.
№3 жұмсақ мұқабаға - бүктемеленген дәптерлері бір – бірінің үстіне қойылып жинақталған, сыммен де, желіммен де бекітілген басылымның түбінен ғана емес жанынан да 5мм-дей желімденетін, беті 80 беттен асатын басылымдарға кигізілетін мұқаба түрі жатады.
№4 жұмсақ мұқабаға бүктемеленген дәптерлері бір – бірінің үстіне қойылып жинақталған, сыммен де, желіммен дебекітілген басылымның түбінен ғана емес жанынан да 5мм-дей желімденетін, беті 80 беттен асатын басылымдарға кигізілетін, түбі басқа материалдан жиектелген құрама мұқаба түрі жатады.
Осы төрт жұмсақ мұқаба түрлері төмендегі суретте берілген.



2 - сурет. Жұмсақ мұқаба түрлері:
1 дәптерлері бір – біріне енгізіліп жинақталған кітапшаның үстінен кигізіліп, сыммен бекітілетін мұқаба (внакидку); № 2 түбінен ғана желімденетін қарапайым мұқаба; № 3 басылымның түбінен ғана емес жанынан да 5мм-дей желімденетін мұқаба (вроспуск);
4түбі басқа материалмен жиектелген құрама мұқаба;
1—жұмсақ мұқаба; 2 — жұмсақ мұқаба беттері; 3 —жиектегіш материал;
4— блок; 5 — сым; 6 — желім қабаты.







3- сурет. Кітапшаларға кигізілетін жұмсақ мұқаба түрлері
а – блоктың үстінен кигізіліп бірге тігілетін қарапайым жұмсақ мұқаба; ә – блоктың түбінен қарапайым желімденетін жұмсақ мұқаба; б - блоктың сыртынан және ішкі жағынан желімденетін жұмсақ мұқаба; в- блоктың сыртынан канттары шығып тұратын жұмсақ мұқаба;





4 - сурет. Жұмсақ мұқаба кигізілген кітапшалардың құрылымы
1 – бүктемеленген дәптерлер; 2 – дәптерлер;
3 — мұқаба; 4 — жиектелген; 5 — сым скобасы;
6 — терможіптер; 7 — желім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет