Латекс– каучук негізіндегі материал, қағаздың кейбір сорттарының құрамына оның беріктігін, бүгілуге төзімділігін арттыру үшін қосылады.
Жабысқақтық (липкость) – басу бояуының (қағазбен (басқа да басу материалдарымен) арақатынасын, басу машинасының бояу аппаратында бояу қабаттарын цилиндрге және басу формасына, резина біліктеріне берілуін айқындайтын маңызды басу-техникалық қасиеті.
Монография - ғылымның белгілі бір саласы тақырыбында жазылған ғылыми еңбек (от моно … и … графия).
Муар (франц. Mojre) – растрдың көлбеу бұрышын дұрыс алмағандықтан басылымда пайда болатын қажетсіз өрнек.
Біржақты басу (одностронняя печать) – қағаздың тек бірақ жағынан басу. Әдетте, табақты өнімдерді екі жақ беті екі түрлі қағаздарда басуда пайдаланылады. Мысалы этикеткалық қағазда.
ПВА – поливиниалацетат негізіндегі сулы-эмульсиялық желім. Кітапшалау-түптеу процестерінде, көбіне кітап түбін тікпей желіммен бекіту технологиясында қолданылады.
Пигмент(от лат Pigmentum – краска, бояу) түрлі-түсті химиялық қоспалар. Типографиялық басу бояулары құрамында түс беретін бөлігі.
Бұру планкасы (поворотная планка) – рулонды басу машиналарында қағаз лентасының берілу бағытын өзгертуге арналған құрылым.
Тангир – басылымдарды безендіру үшін негізгі фонға белгілі бір өң беруге қолданылатын диапозитив (10-90% нүктелі).
Түске бөлу – түрлі-түсті түпнұсқаны жарықсүзгілерді немесе селективті жарық бергіштерді пайдалану арқылы, жеке түстерге бөлу. Жеке түстерге бөлініп жасалған басу формаларымен көп бояулы басу барысында түстер жинақталып белгілі бір дәлдікпен түпнұсқаны бейнелейді.
Экслибрис (от. лат. Exlibris – из книг … кітаптарынан) – кітап иесінің аты-жөнін, эмблемасын көрсететін арнайы кітап белгісі. Э. Кітап мұқабасының ішкі жағында беріледі. Э.-ті оймалап жасау (граверлеу) ХVI ғасырда Германияда, XVIII ғасыр басында Ресейде қалыптасқан. Кейде әсреэкслибрис (суперэкслибрис) дегенде болады. Ол кітаптың мұқабасына не оның түп жағына бедерленіп салынады.
Эпиграф (от. греч. Epigraphe – надпись, жазу) 1. көне дәуірде көне дәуірде ескерткіште, ғимарат қабырғасында берілетін жазба. 2. Автордың өз шығармасының алдында, не оның тарауларының алдында беретін цитата, нақыл сөз, мақал т.б. Э. Шығарманыңғ не оның бөлігінің негізгі идеясын көрсетеді.
Акватинта (итал. Acguatinta) – бетіне асфальт не канифоль ұнтағы балқытылып дәнекерленген металл (мырыш) пластинасына қышқылға төзімді лакпен бейне салынғаннан кейін қышқылмен күйдіруге негізделген оймалау (граверлеу) тәсілі.