Растр сызықтылығы (линиатура растра - частота растры) – растр құрылымын, оның бір ұзыныдық өлшеміне келетін сызықтар санын сипаттайтын көрсеткіш (параметр). Растрлардың бір сантиметр өлшемге келетін қалыптасқан реті: 20, 24, 30, 34, 36, 40, 44, 48, 54, 60, 70 ,80, 100, 120, 150, 160 сызық/ см болып келеді. Компьютерліңк растрлаудау бір дюмға келетін сызықтар саны жиі қолданылады.
Кіші канон (малый канон) – кегль өлшемі 36 пунктке тең типографиялық қаріп (шамамен 13,52 мм).
Сәйкестендіру белгілері (Приводочные кресты) – тік бұрышта қиылысатын қысқа, жіңішке сызықтардан құралған белгілер (крест). Олар түпнұсқаның, фотоформаның (не фотоформалар монтажының), басу формасының шеткі жағына қойылады. С.б. бояулардың сәйкес қабаттасуын қадағалау үшін және басылған табақ беттеріндегі сәйкестендірілу дәлдігін бағалау үшін қолданылады.
Рицовка – картоннан бұйым жасау (картонажное производства) кітап түптеу процесінде картонның бүктелетін жерін шала тілу арқылы із салу.
Ылғалдандыру (увлажнение) – офсеттік басу формасына ылғалдандыру ерітіндісін беру. Ол машинада басу процесі кезінде ылғалдандыру аппаратының көмегімен атқарылады.
Ылғалдандыру аппараты (Увлажняющий аппарат) – жайпақ офсет басу машинасында басу формасының бос жерлеріне бояу берілуінен сақтау үшін ылғалдандыру ерітіндісін беретін құрылғы.
Ылғалдандыру ерітіндісі (увлажняющий раствор) – офсеттік басу процесінде басу формасының бос жерлерін (пробелдік элементтеріне) ылғалдандыратын сұйықтық Ы.е. құрамына басу формасының элементтерінің тұрақтылығына, басу сапасына зор әсер етеді. Әсіресе рН көрсеткішінің маңызы зор. Ол көрсеткіш басу формасының материалымен, бояу түрімен, қағаз сапасымен тікелей байланысты.
Фотоформа - басу формасын жасау үшін формалық материалға көшірмелеуге дайындалған диапозитив немесе негатив (мөлдір негізінде).
Электрография – электр остатикалық зарядтардың жартылай өткізгіш пен диэлектрлі материалдарда және солар тақылеттес ортада өзара әрекеттесуінің физикалық құбылысына негізделген бейне алу тәсілі.
Цифрлі басу машинасы (цифровая печатная машина – digital color press) – компьютерлік ақпарат материалдарын қажетті таралымда басып шығара алатын цифрлі басу тәсілі негізінде жұмыс істейтін аппарат.
Абсорбция - (лат. Absorbeo – поглащаю – сіңіремін) көлемді, сіңірілу басу бояуының басылған өнім бетіне орналасып бекуінің төрт түрінің бірі; негізінен газет қағазына басуға байланысты, мұнда бояу қағазға сіңіп орналасады. Қалған үш түрі: қышқылдану (окисление), полимеризациялану және булана кеуіп, беку (испарение).
Авторлық түзету (корректура) – типографиялық қателерді түзетуден айырмашылығы, А.т. түпнұсқа материалдарға да өзгеріс енгізуге байланысты. Алдын-ала келісім бойынша А.т. көк түспен жасалады, ал теру кезінде кеткен қателерді әдетте қызыл түспен белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |