Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясы


«Мәңгілік Ел» идеясының мәні



бет3/4
Дата03.11.2023
өлшемі287,09 Kb.
#121651
1   2   3   4
«Мәңгілік Ел» идеясының мәні
Заманауи Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көп ұлттың өкілдерінің ортақ Отаны. Сонау Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап-ақ қазақ халқы небір жаугершілік заманды кешіп,өтті.небір зар заманды да, ашаршылық пен жаппай ұжымдастыру, Алаш зиялыларын аластатқан аласапыран кезеңді де, саяси құғын-сүргін мен атом сынақтарының алапаттары секілді бар қиыншылықтардан сүрінбей өтіп, әлемдік ұлттық қауымдастықта ойып тұрып лайықты орын алды. Бұндай биіктікке көтерілу қазақ халқы үшін үлкен мақтаныш екенін ескерсек, біздің ұлттың тарихы түзу, тамыры терең екенін ұғынамыз..Бүгінгі жас ұрпақ өмір сүріп отырған бейбіт заман бабаларымыздың ғасырлық арманы болғаны аян. Ол туралы қазақ әдебиеті ғылымының көрнекті өкілі Бейсембай Кенжебаев 1940 жылы жазған тарихи очеркінде: «Абылайға дейін болсын, Абылайдың тұсында болсын қазақ халқының арман еткені: 1) өз алдына ерікті ел болып, өзін өзі меңгеру, 2) ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етіп, шаруашылық шалқыту, 3) бір ауызды, ынтымақты болып, отанын, елдігін қорғау», — деген еді.
Елбасы ұсынған ұлы идеялардың мәңгілікке ұштасауына осы үш қағида тәуелсіздігімізді алып, бодандықтан құтылғаннан кейінгі жерде салтанат құрып келе жатқандығы арқау болып отыр. «Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман — әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді», — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында. Осы құжатта Елбасы қазақ қоғамына «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жариялады. «Мәңгілік ел» — ұлтты сақтап қалу идеясы.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Мәңгілік Ел» идеясының түп-төркіні тереңде жатыр. Мәңгілік Ел болуды, яғни, халықтың тарих сахнасынан өшпей, сақталып қалуын ата-бабамыз бұрыннан армандаған. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды қуаттайды, халқымыздың өз тамыр-тегін, ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға, әлем қауымдастығында өз рөлін айқындауға, тарихи-мәдени құндылықтарды мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, адамгершілік бағдарды қалыптастыруға, дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейтуге үндейді. Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жас ұрпақты өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрге, руханият пен мәдениетке құрмет сезіміне тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. «Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет