Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясы


«Мәңгілік ел» идеясының ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлі



бет4/4
Дата03.11.2023
өлшемі287,09 Kb.
#121651
1   2   3   4
«Мәңгілік ел» идеясының ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлі
«Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы». Бұл — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи феномені сонау ерте дәуірден басталады.
Қазіргі Елбасымыз ұсынып отырған Қазақстанның Ұлттық стретагиялық идеясының негізгі бағытын айқындайтын «Мәңгілік Ел» идеясының басты өзегі — елдің тұтастығын, халықтың бірлігін нығайту, қоғамның өркениетті дамуын жүзеге асыру.Қазіргі қазақ қоғамында атқарылып жатқан іс-шаралардың түпкі мақсаты — елдің тәуелсіздігін нығайту. Қазақстан — зайырлы мемлекет. Ал зайырлы мемлекетте ұлттық құндылықтар, дін, ғылым, өнер, білім өз деңгейінде дамуы тиіс. Елбасы өз сөзінде «Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен қазақстандық жол тәжірибесі» дей келе, бұл құндылықтарға жеке-жеке тоқталған болатын. Соның бірі — зайырлы қоғам және жоғары руханият һәм Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Осы тұрғыда қоғам мүшелерінің білім-ғылымға, еңбекке ынтасын арттыру, интеллектуалды ұлт болуға ұмтылу мәселесін айта кету керек. Егер қоғамның әр мүшесі, әр адам, әр отбасы балаларын алдына дұрыс мақсат қоя білуге, осы мақсатқа жету жолында заман талабына сай ізденуіне тәрбиелеуі аса маңызды. Еңбек ұғымы арқылы мемлекетіміздің зайырлы өмірін, болашағын айқындай аламыз. «Мәңгілік Ел» ұғымы ұлттық құндылықтарды сақтауға негізделген. Мысалы, Жапония түрлі салада жоғары жетістіктерге жеткен мемлекет, дегенмен ұлттық құндылықтарды да сақтап қалып отыр. Осы бағытта еліміз де заманауи көшке ілесе отырып, ұлттық құндылықтарды қоса дамыты керек. Бұл тұрғыда халықтың негізгі өмір сүру формасына айналатын фактор — еңбек пен білім болуға тиіс. Елбасы халықтың алдына интеллектуалды ұлт болу міндетін қойды. Бұл мәселе еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қолға алынған еді. Бұл тұрғыда «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Тарих толқынында» жобалары жүзеге асырылды. Биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығы, келесі жылы тойланатын Тәуелсіздіктің 25 жылдығы сынды шаралар ұлттық құндылықтарды сақтау бағытында жасалып жатқан жұмыстар. Бір сөзбен айтқанда, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда бізге, бүгінгі буынға үлкен міндет жүктеліп отыр — біз келер ұрпаққа рухани құндылықтарды таза күйінде тапсыруымыз қажет. Сонда ғана интеллектуалдық деңгейі жоғары сапалы мықты мемлекет бола аламыз
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет.


2. https://www.history-state.kz/?ELEMENT_ID=821
3. Философия ғылымдарының докторы, профессор Төлеуғали Бурбаевтың «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласы
4. https://www.inform.kz/kz/mangilik-el-ulttyk-ideyasy-filosofiyalyk-taldaudy-kazhet-etedi-professor-t-burbaev_a2745138
5. «Мәңгілік ел» — ұлтты сақтап қалу идеясы – Ақтөбе газеті
6.[Тема] https://ult.kz/post/mangilik-el-kazak-khalkynyn-ulttyk-ideyasy



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет