Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының



Pdf көрінісі
Дата31.10.2022
өлшемі314,17 Kb.
#46450


 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

БӨЖ 
Тақырып: 
Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының 
шығармалар арасын жақындастыру, оларды үндестіру, 
біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани 
дүниесін тірілту.
 
Орындаған: Мырза Нұрай Айдынқызы 
Қабылдаған:
Панзабек Багила Торебеккызы 
 


 
“Егерде бізге осы XX ғасырда әл-Фарабиге ең жақын, рухани сабақтас 
адам барма десе, алдымен ол Абай дер едік. Әл-Фараби мен Абай арасын 
жақындастыру, оларды үндестіру - біздің халқымыздың мыңжылдық 
мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз. Демек, бұл зор мақсатты 
халықтық іс деп білу керек”.
Aқжан МАШАНИ 
Әр кезеңнiң ғасырға бергісіз біртуар адамдары болады. Сол 
секiлдi қазақтың мандайына ұлы тұлғалары Абай мен Әл-
Фараби әр ғасырда емiр сургенiмен, олардың өсиет етiп 
қалдырған ғибрат сездерiнде улкен ұқсастық жатыр. Дегенмен 
де, Абайдың екiншi устаз. ойшыл Әл-Фарабидің енбектерiмен 
таныстығы жөнiнде нақтылы акпар жок. <<Философияга, 
даналыққа зор мән берген Абай Әл Фараби, ибн Синалармен 
таныс болуымен бiрге накпиялар кітаптарынан да мағлұматы 
бар едi», - деп айтылган ой-пiкiрлерден Абайдың Фараби 
шығармашылыгымен таныстыгын айкындай туседi. Ғулама, 
дана, кемеңгер ойшылдың ғибрат сездерi, ой толғамдары - 
халықтың асыл мұрасы, әдебиетiмiздiң айнасы іспеттес. 


Ойшылдарымыздын шығармашылығына назар аударар болсақ, 
ұрпаққа қалдырып кеткен даналық ой толғамдары әр түрлі 
сөзбен жеткiзiлсе де, айтар ой, көздеген мақсат бір болатын. Бұл 
тұста, ғалым Ә. Х. Марғұланның: «Абай мен Әл-Фарабидің 
кездегенi адамдардың рухани байлығы, олардың бақытты 
болуы мен әсемдікке умтылуы болып табылады» деген пiкiрi 
осы айтылган ойга саяды. Абай мен Фарабидiн ундестiгiн соз 
еткенде, ең алдымен, екi улы ойшылға ортақ «жан куаты» 
немесе Абайша айтқанда «өзін танымактык жайында 
кезқарасына айрықша назар аудару қажет. «Жан қуаты» 
женiндегi философиялық iлiмнiң алғашқы қадамы сонау ерте 
заман философтарынан бастау алса, оны ез заманында гылыми 
жуйеге тусiрiп, қалыптастырган фараби еңбегiн ерекше атауға 
болады. Бұл ілімге қазақ топырағында алғаш Фараби бойласа, 
әрі қарай ізін жалғап, терең барлап барған Абай болды. 
Абайдың ғақлияларында кездесетін «жан құмары», «жан 
қуаты», «жанның азығы» секілді философиялык ойларын 
дарытатын іліміне үңілер болсақ, онда дана ойшылдың өзінің 
ой қорытқан тұжырымдарын өскелең ұрпаққа молынан жеткізе 
алмаған өкінішін білдіреді. 
Әл-Фараби мен Абай үндестігін, шығармаларының ұқсастығын 
көптеген ғалымдар зерттеген. Соның iшiнде ерекше атап 
өтетініміз, екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен 
жалғастыра білген, «Әл-Фараби және Абай» проблемасын 
зерттеумен шұғылданушы ғалым А.Машанов. Фарабидің: 
«Әрбір адамның дүниеде өз орны бар», деген ой-тұжырымын, 
Абай жаңаша көзқараста: «Сен де кірпіш дүниеге, кетігін тап та, 
бар қалан!»,- деп әрбір адамзат баласының өмірде өзінің орны 


бары, ел өмірінде, тағдырында елеулі орын алатындығын тілге 
тиек еткен. 
Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, 
біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани 
дүниесін тірілту деген сөз. Демек бұл зор мақсатты халықтық іс 
деп білу керек... Ал, осы екі алып тұлғаны жеке-жеке тануда 
едәуір істер істелгені рас. Бірақ бұлардың арасын жалғастырып 
тұрған ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті біз әлі таба 
алмай жүрміз: бiрак онын барын анык сезсек те, оны «көруден» 
әлі шалғай жатырмыз, - дейді зерттеуші ғалым А. Машанов 
Дана Абайдың шығыс әдебиетімен кең таныс болғаны 
баршамызға мәлім. Шығыстың даңқты кемеңгер 
шайырларының туындыларын ақын ерте оқып, ойға сіңірген. 
Әсіресе, ол түркі, парсы тілінде жазған әйгілі данышпан 
ойшылдар еңбектерінен өшпес ғибрат алған. Фирдоуси, Сағди, 
Хафиз, Науаи, Физулилер кітаптары арқылы қазақ ақыны күллі 
шығыс елдерінің аңыз, тарих, мифтерін де танып білген. Бұдан 
шығатын қорытынды - Абай тек қазақ ауыз әдебиетінің орасан 
байлығымен ғана емес, шығыс шайырларының 
шығармаларынан сол елдердің де фольклорлық аңыздауларын 
біліп отырған. 
«Ғақлия наклия», «ғаламның сәнді сәйкес жарастығы», «ғылым 
құдіреті», «жүрек таразысы инсаф», «өмірдің өзі шындық» 
тәрiздi қағидалар Әл Фараби еңбегінен бастау алып, Абай 
шығармашылығында да өріс алған. «Абай жолын келешекте 
кеңейтіп адамдық, шындық жолы - Фараби Абай жолы деп 
тануымыз керек...» 


Зерттеуші Л.Исламова: <<Әл-Фараби поэтикасы белгiлi бiр 
деңгейде логика ілімінің қалыптарымен шектелгенімен, ғалым 
Өлең сөзді тыңдаушыға ЭМОЦИЯЛЫҚ әсер беретін құрал 
ретінде де қарастырады», - деп баға берген. 
Тағы бір айта кететін жайт, Абай атамыздың қарасөздерінде 
Фараби ойлары көрініс табады. Бұл қарасөздер философиялык 
ойға құрылған трактаттар деп айтсақ та қате емес секілді. Бұл 
сөзімізге дәлел ретінде, тізбектеп атап көрсетсек: 
Біріншіден, Абай жан, ой, дін, ынсап, ләззат, ақыл, түйсік, 
ғылым, білім, құмарлық, еңбек, талап, ұят, ар, намыс, махаббат, 
қайрат, ашу-ыза, қуат, т.б. философиялык категорияларды 
қағаз бетіне түсіріп, мән-мағынасын айқындап көрсеткен. Сол 
себепті, қарасөздерін даусыз философиялык трактат деп айта 
аламыз. 
Екіншіден, Философиялық трактат деп айтқанымызға дәлел 
ретінде: Абай Фарабиден кейiн, арада мың жыл өткен соң қазақ 
топырағында екінші болып Сократ, Платон, Аристотель, 
Аристодем еңбектерін терең үңіле оқып, ой-тұжырымын жасай 
білген. 
Үшіншіден, осы еңбектің жалпы жазылу, баяндау, таңдау, 
дәлелдеу стиліне ой жiберiп қарасаңыз, әлемге әйгілі 
философтар Монтеннің, Ларош-Фуконың, Ибн Синаның стиліне 
ӨТЕ ұқсас. Қарапайым тілмен әңгімелеу, баяндау, түсіндіру 
тәсілімен жазылған. Бірақ терең ой, тартымды теңеу, 
тағылымды сөздер окырманды қызықтырып отырады. Бұл Да 
шығарманың философиялық еңбек екеніне бұлтартпас дәлел. 


Қорыта айтқанда, Фарабидің, Абайдың шығармаларында, 
ғибрат сөздерінде де - білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің 
бірлігі басым. Бұл екі ғұламаның гуманистік идеялары әлемге 
кең тарады. Олар ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, 1972. 
2. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. - Алматы, 1989. 
3. Абай және қазiргi заман: зерттеулер жинағы. - Алматы: Ғылым, 
1994. - 3366. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет