Әл-Фарабидың іліміндегі мемлекет басшысына қойылатын 12 талап және олардың рухани-адамгершілік сипаты


Ежелгі сақтар өнеріндегі аңдық стиль: киелі аңдар және синкреттік бейнелердің мазмұны



бет3/7
Дата09.05.2023
өлшемі32,02 Kb.
#91166
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
л-Фарабиды іліміндегі мемлекет басшысына ойылатын 12 талап ж

Ежелгі сақтар өнеріндегі аңдық стиль: киелі аңдар және синкреттік бейнелердің мазмұны

«Аң стилі» өнері сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан Оңтүстік дәстүрлі әсерімен пайда болған. Сол кездері осы арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан - самұрық, «өмір дарағы» образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануарлар бейнелерімен сіңісіп кетеді. Осы бір аталған образдар тек әсемдік әшекейлері ғана болмаған, сақтар олардың әрқайсысына белгілі бір мән берген.
Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ - скифтердің «аң стилі» сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне келіп дарып - сіңуі, көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасады.
Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау баурайында "жер айуандары" жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте - құстар мен қанатты жолбарыстар. Ою-өрнекті дулыға жиегі, сақтардың түсінігінше дүниені жан-жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Ою-өрнек, әлемнің төменнен жоғары қарай орналасқан үш бөлегін: жерасты дүниесін, жер мен аспан-көкті бейнелейді. Дөңгелек жиектің крест іспеттес болып орналасқан нүктесіне әлемнің жан-жағын; шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстік күзеті тұратын аңдар бейнелері қойылған. Бас киімнің алдыңғы жағына күн белгісі - күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты - батыс жағы деп есептеген. Осындай мұрақты-тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем - дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық үғымдар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет