Конфессиядан тыс синкреттік философия ұғымы, түрлері



бет1/8
Дата17.02.2022
өлшемі35,53 Kb.
#25758
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
12 лекция дін фил (1)-1


Конфессиядан тыс синкреттік философия
Конфессиядан тыс синкреттік философия ұғымы, түрлері

Конфессиядан тыс синкреттік діни философияның құрамына дәстүрлі діни бағыттардан тыс мистикалық, оккульттік, спиритуалистік концепциялардың бірқатары кіреді, олар әртүрлі дін элементтерінің синтезінде және ғылыми және ғылымнан тыс білімнің негізінде дамыған.

Конфессионалды діндер деп шіркеудің діни жоралары мен жарғысын (жауап беретін) канағаттандыратын ойлау образы мен көзкарасты айтатын болса, ал конфессиядан тыс синкреттік діндер деп, керісінше, белгілі бір діни ағымдардың ортодоксиялық шіркеу догмаларына және белгілі бір жарғысына бағынбайтын әр түрлі діни ағымдарды айтамыз. Мүндай ағымдарға мистикалық, оккультивтік, спиритуалистік және баска осыларға ұксас түрлерді айтады. Олардың барлығының ортак ерекшелігі: әр түрлі діни ағымдардың элементтерінің синтезі және ғылымға немесе жай қарапайым көзкарастарға бейімделген қауымдық ағымдар. Олардың көптеген түрлері оккульттік мистикалык философиясы мен синкретикалық діни көзқарастан түрады.

Христиандықтың алғашқы кезеңдерінде оккульттық жол арқылы шіркеулерде «мистериялар» өмір сүргені туралы Шіркеу басшыларының бізге берген хабарларынан белгілі. Осы мистерия арқылы адамзат, тазарып және рухани дамып, жоғары дәрежедегі барлықпен байланыста болады. Бұған қоса «Көк патшалығының» құпияларын танып үйренген Иисус Христос дүниеден айырылған соң, ол өзінің шәкірттеріне келіп мәміледе болатын. Христостың қарым- қатынасы христиандық мистерияның жоғалуына дейін созылды. Исус олардың көздерін ашып, қара түнектен жарыққа жетеледі. Сөйтіп экзотерия және эзотерия ілімдер толық келісім шеңберінде жүріп отырды. Араларындағы қайшылықтар нәтижесінде эзотерия мен экзотерия бөлініп кетті. Экзотериялық танымның жолын ұстанушылар өз алдына өзгеше қоғам құрып, эзотериялық даналықтан алыстап кетті. Адамзаттың рухани байлығы мән-маңызын жоғалтып бос жерге айналды.

Міне осы жерден бастап христиан шіркеуінде дін қызметкері мен мистик арасында қақтығыстар басталды. Дін қызметкері экзотерияның қалпын сақтаушы болып табылады. Ол қоғам өмірін жарыққа, айқынға бөлеуші. Дін қызметкері шіркеу дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар бойы жеткізуші қызметін атқарады. Діннің өзгермейтін, тербеліске ұшырамайтын тазалығын, қағидаларын сақтау міндеті дін қызметкеріне жүктелген. Қасиетті формулаларды өзгеріске ұшыратпай, шіркеудің тәлім-тәрбиесін, қағида мен ілімдерін бұлжытпай халыққа жеткізуі тиіс. Жоғарыда дін қызметкері мен мистик арасындағы айтылған мәселелерде тек уақытша құндылығын жоғалтқан шіркеудің рухани байлығы туралы ұғымды түсінуіміз керек. Негізінде дін қызметкерлер әрі мистик әрі эзотеризмнің өкілдері болуы қажет. Әрқилы діндерде мистицизмнің бар екендігін Теософия көрсетеді. Теософия-ақиқатты және мистикалық танымдағы құндылықтарды айқынға шығарады. Сынға бейім, қазіргі таңдағы ғылым жүйесіне бағынышты тәрбиеленген адамдарға, рухани дүниенің үстемділігін ұйғаратын- бұл теософия. Сондай білімді, ізденістерімен таң қаларлықтай жаңалықтарды әлемге паш еткен тұлғалардың жүздеріне батыл қарай отырып, теософия көзге көрінетін әрі көрінбейтін Рух салтанатының ұлылығын және әдемілігін айта алады.

Мистикті алғашқы ойландыратын нәрсе-бұл көзге көрінбейтін Құдаймен қарым-қатынас, көрінбейтін шындықпен байланыс жасау, ашық көзбен арғы дүниеге өту болып табылады. Мистик шіркеу қызметкерлеріне тәжірибе, сенімге-білімді қарсы қояды. Мысалға күнәсін өтеу доктринасын алайық. Бұл христиандық доктринада мистик ежелгі әрдайым туылып дамып келе жатқан ақиқатты көреді. Мұндағы ақиқат дәлірек айтқанда, адам рухының Құдаймен бірігіп айқындалуы түсінігінде. Мистик күнәнің өтелуі мен бірігуді, Құдай көрінісінде адамда туылған «Христос» арқылы орындалғанын көреді. Христостың адамда өсу барысында бірігу болады. Толық нәтижеге, адам Құдаймен бірігу шегіне жеткенін сезінгенде ғана жете алады. Осы сезімнің, бірігудің күшімен мистік шынайы «Құтқарушы» Құдай мен арамдардың арасында дәнекер дәрежесіне жетеді. Мистік тек қана жүректі, өз тәнінде пайда болған өзіндік уайымдарының көрінісіндегі заттардың маңыздылығын көре алады.

Христиан дініндегі жазбалардың дұрыс-бұрыстығына мән бермейді. Мистик үшін ең маңыздысы жазбаларда айтылған рухани дүниенің құндылықтары. Мистицизм мистиа негізінде бұл ұғымдар ғылыми тілде айтылады. Ал дінде болса басқаша атау алады. Мысалы Ислам дінінде бұл – суфизм деп аталады. Христиандықта болса мистицизм деген нәрсе бізде жоқ дейді шіреу қызметкерлері. Мистицизм ғылыми тұрғыдан айтылғанда, адамның жеке өмір сүріп құдайды тануы,адамзаттың құдай патшалығына жетуі деген ұғымды түсінгеннен кейін, шіркеу қызметкері онда бұл бізде «Монашество» деген ұғыммен байланысты екенін айтады.

Монах сөзі- «жалғыз» деген мағына береді. өмірдегі уайым-қайғылардан арылу үшін, адам өз өмірін шіркеуге арнайды. әрине бұл жолға түсу үшін белгілі рәсімдерді орындауы тиіс. Күнәлардан арылып, күнә істемеуге ант ішіп өз өмірін «монастыр» деп аталатын мекемеде жалғастырады. Керек десеңіз үйленуден де бас тартады. Құдайға жақындау мақсатында Экгарт ежелден келе жатқан ескі жүйелерді қолдануды жөн санайды:



  • «Тазару жолы» яғни рухтың дүниеден тыс қалып оған мән бермеуі. Мысалы ораза немесе аскетизм арқылы.

  • «Нұрлану жолы» - бұл Құдайдың берекетімен, мейірімділігімен болатын нәрсе.

  • «Бірігу жолы» Құдаймен бірігу.

Мұнда Экгарт дүниені жек көру емес, мистикадан туындаған христиандықтың өмірдегі тәжірибесін айтып отыр



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет