Ел тірегі ата зањ Әлсіздер күштілерден жасқанады, Білімділер бар әлемді басқарады



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата27.03.2017
өлшемі12,6 Mb.
#10498
1   2   3   4   5   6

«Өміріме өзімнің таң қаламын,

Қалмаймын деп қатардан қарманамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме  үмітпен  алданамын»,  -деп  М.Мақатаев 

жырлағандай әр ортадан үміттің сәулесін іздейтін жандарға 

қараңғылықтың көгіне күн болып шығуына барынша көмек 

көрсетейік.  Бес  күн  жалғанда,  нәзік  жүректі  қорғансыз 

әлемді қатігездік дертімен жауламайық!

Нұркен ҚОЙШЫБАЕВ,

3 курс білімгері.


Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 8 қыркүйек, 

2016 жыл

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Gazeta.zhgu@mail.ru

ЖЫР ДӘПТЕРІНЕН

   – Есболат аға, білуімізше  Сіз фи-

лолог  мамансыз.  Ал, журналистикаға 

қалай келдіңіз?

–  Рас  1998-2002  жылдар  аралығында 

Абай  атындағы  АлМУ  (қазіргі  ҚазҰПУ) 

қазақ 


филологиясы 

факультетінде 

оқыдым.  Университетті  бітіре  салысы-

мен  мектепке  баруым  керек  еді,  бірақ 

ойламаған  жерден  журналистиканың  ау-

ласына кіріп кеттім. Әлі есімде «Қазақ ра-

диосына диктор керек екен» деген хабар-

ландыруды құлағым шалып қалып, жетіп 

бардым. Екпінім тау қопарарлықтай. Қара 

шаңырақтың  кіре  берісінде  күзетшілерге 

мән-жайды түсіндіріп тұрғанымда, қияқтай 

қара  мұрты  бар  жігіт  ағасы  келе  қалды. 

Бірден  мені  ішке  кіргізіп  алды.  Кейіннен 

білдім,  қайда  келгенінен  бейхабар,  мен 

секілді  сарыауыз  балапанға  алғаш 

қолын  созған  адам  Байғали  Есеналиев 

ағамыз екен. Бірден дикторлар отыра-

тын  бөлмеге  алып  келді.  Омархан 

Қалмырзаев,  Ұлжан  Пармашқызы, 

Аманжан  Еңсебаев  секілді  қазақ 

радиосының  корифейлерін  сон-

да  көрдім.  Дауысымды  тексерді. 

Балалығымды, 

шалалығымды 

байқады,  ақыры  «диктор  болу 

ешқайда  қашпайды,  алдымен 

журналист болып үйрен» деп 

арқамнан  қағып  шығарып 



«ЖЕТІСУ» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢАЛЫҚТАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

 ЕСБОЛАТ АЙДАБОСЫН ОЙ БӨЛІСЕДІ

салды. Жөн сілтеп қана қоймай, радиодағы 

әдеби  хабарлардың  тізгінін  ұстап  жүрген 

Қанат Тәкебаев ағамның қасына қосақтап 

берді. Ол кезде қазіргідей диктофон жоқ, 

Қанат  ағамның  10-15  келілік  репортерін 

көтеріп,  соңынан  салпақтап  жүремін.  Ол 

кісі ақын адам, тыным таппайтын елгезек 

жан. Анда барамыз, мұнда барамыз, ақын-

жазушылардан  сұхбат  аламыз.  Баққожа 

Мұқай,  Сәкен  Иманас,  Оразақын  Асқар 

секілді  қабырғалы  қаламгерлердің  қолын 

алып, дастарханынан дәм таттым. Соның 

өзі  сол  кездері  менің  басымды  айналды-

ратын бақыт еді. Қанат ағам шәкіртім деп 

таныстырып қояды, менің бөркім қазандай 

болады.  Қойшы,  әйтеуір,  Тәкебаевтың 

соңынан  салпақтап  3  айдай  жүрдім,  сол 

салпақтаумен  менің  журналистикадағы 

соқпағым  басталыпты.  Алғашында  Ал-

матыда  «Шаһар»,  «НТК»  секілді  тәуелсіз 

телеарналарда    қызмет  еттім.  2006 

жылы  "Қазақстан"  ұлттық  телеарнасына 

жұмысқа орналастым.  



  –Сіз осы Қазақстан 

телеарнасындағы «Апта.kz» 

бағдарламасы арқылы танылдыңыз.

Осы орайда тележурналистің 

танымалдылығы жайлы не айтар 

едіңіз?

–Тележурналистің  танымал  болғаны 

жақсы ғой. Бірақ, ол қандай ерекшелігімен 

танылды,  несімен  елдің  есінде  қалды? 

Осы  жағын  ойлану  керек  секілді.  Біз 

бүгін  «Сайлаубектердің  заманында» 

өмір  сүріп  жатырмыз.  Адам  түсінбейтін 

былдыр-батпақ  өлең  айтқан      Сайлау-

бек  айналдырған  бір  жылдың  ішінде 

республикадағы ең танымал адамға айна-

лып кетті. «Сайлаубек синдромы» телеви-

зия саласында да кездеседі. Қайтсем ел-

ден ерекше боламын, елге таныламын деп 

тыраштанғандар  бұрын  да  болған,  қазір 

тіпті көп. Егер адам мен қалай да танымал 

болуым керек деп алдына мақсат қойса – 

ол қалай да танымал болады. Біреу аты-

жөнін  мың  құбылтып  қолданып  жатыр, 

біреу жау қуып келе жатқандай едіреңдеп 

эфирге  шығады,  біреу  күшенеді,  біреу 

тістеніп  сөйлейді.  Енді  бірі  қазақ  тілінің 

үндестік заңын бұзып, сөздердің айтылуы-

на қиянат жасап жатыр. Неге олай істейсің 

деп сұрасаң, әркімнің өз стилі, ерекшелігі 

болу керек деген жауап аласың. Ойпырым-

ай, елден ерекшеленудің басқа жолы жоқ 

па? Тіл қолданысың ерекше болсын, соған 

күш  сал.  Жатпай-тұрмай  әдебиет  ақтар. 

Төгілдіріп  сөйле,  тіл  байлығыңмен  жасты 

да,  жасамысты  да  таңғалдыр.  Ақпаратты 

беру тәсілің, әр сюжетіңдегі режиссерлық 

шешім, сөз бен бейнені үйлестіруің өзгеше 

болсын. Ел қолданбаған тәсілдерді жаса, 

тың  тақырыптарға  бар.  Міне,  ерекшелік 

деген сол менің ұғымымда. Осы талаптар-

ды орындасаң өзің-ақ таныласың. 



   

   – Ал, қазіргі кездегі телеарналарға 

журналист мамандар емес,  

жұлдыздардың қажеттілігі көп сияқты. 

Осы жайлы не айтар едіңіз?

–  Біз  көбінесе  шоумендер  мен 

журналистерді 

шатастырып 

жата-

мыз. 


Телеарналардағы 

концерттік, 

ойын-сауық 

бағдарламаларды 

әнші-

актерлер  жүргізгеніне  қарсы  емеспін.  Ал 



сіз  бір  әншінің  апталық-сараптамалық 

бағдарламаға  шыққанын  немесе  сая-

си  ток-шоуларды  жүргізгенін  көріп  пе 

едіңіз?!  Олардың  өздері  де  бұл  салаға 

жоламайды.  Өйткені,  журналист  емес. 

Қазір  біздің  телеарналарда  ойын-сауық 

бағдарламалары  көбейді  де,  саяси,  та-

рихи,  интеллектуалдық  дүниелер  азай-

ып  кетті.  Сондықтан  да,  былайғы  жұртқа 

телеэкранды  әнші-бишілер  билеп-төстеп 

алған  секілді  көрінеді.  Қазақ  телевизи-

ясы  бүгінде  үлкен  төңкерісті  қажет  етіп 

тұр,  оны  жасайтын  мамандар  жоқ  емес. 

Уақыты келер.



   –Журналист болу үшін тума талант 

болу керек пе, әлде көп оқып-тоқу 

маңызды ма?

–Менің  ойымша,  қалада  туған  адам 

қазақ  журналистикасына  жоламай-ақ 

қойғаны абзал. Пайдасынан зияны көп. 



  –Неге?

–  Қазақ  телеарналары  –  қазақ  тілін 

сақтап  қалатын  негізгі  тетік  дегенді  бұған 

дейінгі  сұхбаттарымда  айтқанмын.  Тағы 

да айтайын. Біздің құнарлы тіліміз әдебиет 

пен  журналистикада  сақталып  тұр.  Ал, 

қазір  кітап  оқитындар  аз,  теледидарды 

көретіндер    көп.  Бір  үйде  бір  адам  кітап 

оқыса оқыды, оқымаса ол да жоқ. Ал, сол 

үйдің бүкіл мүшесі телеарна қарайтынына 

бәс  тігем.  Яғни,  телеарнаның  қоғамдық 

санаға ықпалы басым. Сол үшін біз теле-

арна  арқылы  тілімізді  жастардың  бойына 

сіңіруіміз керек. Сондықтан, телеарналарға 

тілі таза, қаламы жүйрік, қарымды жігіттер 

жиналу  керек.  Ал,  ондай  адам  қайдан 

шығады,  қазақы  ортадан  шығады.  Біздің 

қалалар өкінішке орай қазақы орта емес. 

Қалада  туған  қазақ  баласының  сөздік 

қоры  ауылда  өскен  замандасынан  кем-

деу  келеді.  Біздің  бүгінгі  үндестік  заңын 

сақтай алмайтын, орысша ойлап қазақша 

жазатын шалажансар журналистердің көбі 

қалалық жерден шыққандар. 



   –Көп тіл білудің журналист үшін 

маңызы қандай?

–  Әрине,  көп  тіл  білу  жақсы.  Деген-

мен,  қазақ  тележурналистикасына 

қызмет  етемін  дейтін  адам  алды-

мен  қазақ  тілін  білуі  шарт.  Өз 

ана  тілінде  еркін  сөйлеп,  өз 

тілін  толық  меңгергеннен  кейін 

ғана  өзге  тілді  үйреніп  жатса, 

оның  артықтығы  болмайды. 

Осы  орайда  тағы  бір  айтар 

жай,  қазақтың  тілін  газет  тілі, 

телеарна  тілі  деп  бөлгенге 

қарсымын. 

Қазақтың 

бай 

тілін  ретімен  қолдана  білсек 



ұтылмаймыз.   

   

  – Көбінесе қыздар 

арасынан журналист шығу 

мүмкін емес деп жатады. 

Осы көзқарасқа қалай 

қарайсыз?

–Адам  бір 

ж е т і с т і к к е 

жету 


үшін 

өзін 


сол 

салаға  ар-

«ҐАЛАДА ТУЃАН АДАМ ЌАЗАЌ 

ЖУРНАЛИСТИКАСЫНА 

ЖОЛАМАЙ-АЌ ЌОЙЃАНЫ АБЗАЛ»

нау  керек.  Батыс  елдеріндегі  атақты 

суретшілердің  кейбірі  өзін  тек  өнерге 

арнау  үшін  саналы  түрде  отбасылық 

бақыттан бас тартқан. Үйленбей өткендері 

қаншама.  Сол  секілді  журналистика 

дегеніміз қыздар тұрмақ ер-азаматтардың 

өздеріне  ауырлау  тиеді  кей  кездері.  Мы-

салы, өзіңді алайық, оқу бітіріп қызметке 

тұрдың.  3-4  жылда  тұрмыс  құрасың.  Ба-

лалы  боласың,  бала  күтіміне  байланыс- 

ты  демалысқа  кетесің.  Кемінде  екі  жыл 

отырып  қызметке  шығасың.  Бір-екі  жыл 

жүрген  соң,  екінші  баланың  кезегі  келеді. 

Осылайша  кейін  шегіне  бересің.  Ал,  жур-

налистика  сағат  сайын  жаңарып  отырған 

сала. Оның екпініне ілесіп отыруың шарт. 

Бала  тәрбиесі,  отбасы  деп  жүріп  журна-

лист  ретінде  өзін  жоғалтып  алатындар 

көп.  Керісінше,  журналистиканы  бірінші 

орынға  қоямын  деп,  тұрмыс  құра  алмай 

қалатындар бар. Дегенмен, мамандығы мен 

отбасын теңдей алып жүріп, жетістіктерге 

жетіп жатқандар да жоқ емес. Бірақ, олар 

некен-саяқ. Не жақсы ана бола алмадым, 

не  журналист  болып  жетістікке  жетпедім 

деп өкінген адамдарды да көрдім.

     

   – Әр журналистен бір-біріне 

ұқсамайтын ерекшелік көріп жата-

мыз. Басқалардан ерекшелену үшін не 

керек?

–  Басқалардан  ерекшеленем  деп 

тыраштанудың еш қажеті жоқ деп әлгінде 

айттым ғой.... Өз болмысың қандай, солай 

шыға  білу  керек.  Сол  сенің  ерекшелігің 

болып қалыптасады. Халыққа сенің түрің 

емес, айтқан сөзің керек. 

   –Алдағы уақыттарда жас журналис-

терге шеберлік сыныптарын өткізіп, өз 

білгендеріңізбен бөліскіңіз келе ме?

–  Өз  басым  ешкімге  ақыл  айтқым 

келмейді.  Бірақ,  жастарға  бағыт-бағдар 

сілтеп,  еркін  әңгімелесетін  пікір  алаңы 

ретінде өткізуге болады. Түрлі тақырыптар 

жайлы  сұрақтарына  жауап  беріп,  өз 

білгендеріммен бөлісуден қашпаймын. 

 

– Сұхбат бергеніңізге рахмет! 



Жұмысыңызға шығармашылық табыстар 

тілеймін!

Сұхбаттасқан Лина АЙДЫН.



Асыл 



СҰЛТАНҒАЗЫ, 

«Жетісу» облыстық 

газетінің тілшісі, 

ЖМУ-дің түлегі.

Махаббаттан да, 

Өмірден де, жолым болмай жүргенде,

Тілім қалып күрмеуде, 

Талықсыған еді бұл кеуде.

Сыр ашқаным жоқ күндерге, 

Мұң шаққаным жоқ түндерге.

Өмір артқан жүкті бірге арқаласқан,

Ризамын достарыма, 

Бірге жүріп, бірге өмір сүргенге.

Әрқайсыңның орның бөлек,

Жолың бөлек мен үшін,

Ақын болсам,

Сол жырлардың жарқыраған кенісің.

Батыр болсам,

Қамал болып қаланармын ел үшін,

Алайда, достар,

Соның бәрі, тек сендердің жемісің.

Бәріміз де,

Бір қазақтың, бір атаның ұлымыз.

Мұсылманбыз иман айтар,

Бір Алланың құлымыз.

Өлсек егер,

Болашақтың оқылатын жыры біз.

(Алыс жүрсек сағынамыз бірімізді-

                                                  біріміз).

Арамызда достық деген сезім 

барда бауырлар,

Өшпейміз де, өлмейміз,

Біз мәңгіге тіріміз!

Менің жерім

Еліме қара,

Жерімді көр, 

Көр, тұрма!

Осы жерде адамдар көп өр тұлға.

Ақ сапырған арулар бар ибалы,

Асау міңген табылады өрт ұл да.

Мына жерде жомарт жандар паналар,

Батыр да бар,

Ақын да бар, дана бар.

Осы жерге орын тепкен қазақтар,

Осы жерде өзі шөккен қара нар.

Бұл қазақтың қаны сіңген қара жер,

Сұңқар ұшып, тұлпар шапқан қарагер.

Бұл ұрпаққа мирас болып қалар жер,

Осы жерде қазақ деген қалар ел!

Қорықпа қыз

Қорықпа қыз,

Қорықпа қыз!

Өмір дейтін өтпелі жорықтамыз.

Томсырайып қалатын бір бейбақпын,

Торғын баққа түспесе торыққан із.

Табиғатпен жаным бір, үндес едім,

Күн кешемін, мұңлықпен тілдесемін.

Адамдардың барлығын дос көрген соң,

Кеткенін де білмеймін кімге есемнің.

Жүргіншісі болған соң бір көшенің,

Сендерменен ғұмырды бір кешемін.

Жасқанбаңыз, жаныңды азаптайтын,

Диуанасы емеспін жын кесенің.

Артарыңды білмейсің кімге сенім,

Аңқау қыз-ау, жаныммен үндес едің.

Ару тұрып тіл дәмін таттырмаса,

Тәттілігін біздегі білмес ерін.

Себепсізден сескеніп, қорықпаңыз,

Өмір дейтін өтпелі жорықтамыз.

Ас-суымды сызылып дайындайтын,

Жас сұлуға сізсіз де жолыққанбыз!

Достарға


Жетісу 

университеті



ЖАСТАР ОЙ ТОЛҒАЙДЫ

бейсенбі, 8 қыркүйек,

 2016 жыл

7

Gazeta.zhgu@mail.ru

ТҮЙТКІЛ

Тіл-халықтың қазынасы. Әр ұлттың тірегі. 

Тілімен  тілдеседі,  ерекшеленеді,  еңсесін 

тіктейді.  Қай  ұлтта,  қай  елде  болмасын 

қастерлі де, құдіретті ол – тіл.  Тілі жойылса 

ұлт та жойылады, тілі дамыса ұлт та кемелде-

не түседі. Біздің  өткеніміз де, болашағымыз 

да  туған  тілімізде.  Мұратымызға  жеткізетін 

өзге  емес,  өз  тіліміз.  Тілдің  құдіреті  ерек-

ше,  бітіспесті  бітіретін,  жетпесті  жеткізетін, 

үзілгенді  жалғайтын  мүмкіндігі  бар.  Біздің 

осындай    халықтық  қасиетті  мұрамыз, 

ана  тіліміз  –  қазақ  тілі.  Қазақ  тілі  дархан 

даламыздың  тілі,  бабамыздың  үні,  еш 

нәрсемен өлшенбес құны.

«Бір  ұлттың  тілінде  сол  ұлттың  жері,  та-

рихы, тұрмысы мінезі айнадай ашық көрініп 

тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран 

даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе 

құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере 

көшкен  тұрмысы,  асықпайтын,  саспай-

тын  сабырлы  мінезі-бәрі 

көрініп  тұр.  Қазақтың  сар 

даласы кең, тілі де бай»,- 

деп  Мағжан  Жұмабаев 

атамыз  жазып  кеткендей 

қазақ  тілінің  байлығына 

ешкім таласа алмас. Бірақ 

сол  қазақ  тілін  біздер 

бағалай  алып  жүрміз  бе? 

Ананың ақ сүтімен дарып, 

әліппені туған тілде танып 

өскен жандардың өзі - тілін 

жатсынуда қазір.  Тілімізді 

бағалай  алмай  жүргеніміз 

қынжылтады. 

«Өзге 

тілдің  бәрін  біл,  өз  тіліңді 



құрметте» - деген сөздің мәнін түсіне білген 

абзал.  Қай  қоғамда  болмасын  тіл  мәселесі  

болатыны  анық.  Алайда  тіл  мәселесіне 

жеңіл-желпі  қарамаған  жөн.  Тәуелсіз 

мемлекетіміздің мемлекеттік тілі –қазақ тілі. 

Дегенмен, солай бола тұрса да біз қоғамдық 

орындарда көбіне орысша сөйлеп, жат елдің 

тілін жатырқамаудамыз. Өз тіліміздің өрісін 

тарылтып,  өзгені  жоғары  санаудамыз.  Бұл 

нағыз  қазақылықтан  алыстаудың  белгісі. 

Елімізде сайлау өткенін жақсы білеміз. Бірақ  

сайлаудың  өзінде  қазақша  сөйлегеннен 

теперіш  көріп,  өз  тілімізде  сөйлегенге 

жазықты  болдық  деген  апайымыздың 

Ризамын әр таңыма күліп атқан,

Ризамын өміріме күлім қаққан.

Бақыт қой әр таңыңды көрер болсаң,

Бұлбұл үнін естісең әрбір бақтан.

Риза бол, ей, адамзат, әр күніңе,

Мен бақыт тілеймін ғой әрбіріңе.

Әрдайым иманды боп жүрсін халқым,

Имандылық тілеймін жас-кәріңе.

Жырымды өздеріңе табыстадым,

Дұғамды өздеріңе бағыштадым.

Күлімдеген таңдарды бағалаңдар,

Әр таңың күліп атсын туысқаным.

                                 

Азат НҰРТАЙ,

2 курс білімгері.

ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ

  

Нарынқолдың 



ұлымын

Биіктікпен келіскен жарасымы,

Таудай биік,еңселі бар асылы.

Мән жайымды сұрасаң досым менен,

Киелі Нарынқолдың баласымын.

Сылдырап аққан мөлдір көк бұлағы,

Жастары «елім, жұртым» деп тұрады.

Мен -дағы биіктіктен нәр алғанмын,

Сондықтан,таудай болғым кеп тұрады.

Бәрі қымбат бұтағы аршалары,

Жан тербейді тамаша тау самалы.

Өнер сүйген жұрты бар Нарынқолдың,

Тіпті оның тау-тасы да ән салады.

Па, шіркін, жігіт деп айт жігіттерін!

Асқақтатқан елінің үміттерін.

Керек десең бауырмал жүректерін,

Кетеді бір-бірі үшін жұлып беріп.

Қыздарын-ай, жүздері күн секілді,

Қол жетпес таудағы әсем гүл секілді.

Тал шыбықтай бұралып қиылғанда,

Қылығы хор қызымен бір секілді.

Мінезі көңіліндей жас баланың,

Береді қазір қиып жатқа жанын.

Ғажайып, жұмақ  жерді мекен еткен,

Нарынқолдың  ұлымын, мақтанамын!

                                        



Медет БАЙЖҰМА,

                                        2 курс білімгері. 

Өмір жолы бұралаң  

Шабытым кеп, қаламымды 

                                           алдым қолға,

Келемін өмір атты ұзақ жолда.

Өмір жолы бұралаң білген жанға,

Соқпақтар жол бастайды оңға-солға.

Келемін сол жолда мен ойнап-күліп,

Кей-кейде құлап сүрініп, кейде тұрып.

Сынайды екен сені өмір тіршілікте,

Сынайды екен неше түрлі сынақ құрып.

Қарсы тұрып сол сынаққа барамын да,

Үміт оты сөнбейді жанарымда.

Мен де бір кірпіш болып қаланармын,

«Өмір» атты құрылыстың алаңында.

Әсел СӘРСЕНБЕКОВА,

3  курс білімгері.

Бағалаңдар әр таңды



ТІЛ ЌАДІРІН Т‡СІРМЕЙІК

жан  айқайын  естідік.  Менде  бұл  хабар-

ды  әлеуметтік  желіден  көрдім.  Көргенде 

көзіңе жас келеді, намысыңа тиеді. Қайран 

қазағым, тілім деп жүрегің ауырады. Бұл тек 

бір  адамға  қатысты  мәселе  емес  екендігі 

анық.  Орыс 

азаматшасы 

келіп 

орыс-


ша  сөйлеуді 

талап 


етіп 

қана  қоймай, 

н а м ы с қ а 

тиер  сөз  айт-

ты 

дейді. 


Өз  елімізде, 

өз 


тілімізде 

с ө й л е у г е 

жазықты  бо-

лудан  артық 

қасірет  жоқ. 

Тілді  құрметтемеу  ол  елді  де  құрметтемеу 

болып  саналады.  Иә,  біз    көпұлтты  мем-

лекет,  қонақжай  халықпыз,  алайда,  әр 

нәрсенің шекарасы болмай  ма? Балалары-

мыз басқа тілде тілдесіп, білім алуда. Оған 

мысал: алыстан емес өз арамыздан  алып 

қарайтын  болсақ,  кейбір  ағаларымыз  ба-

ласын  орысша  мектепке  беруді  қалайды, 

ондағы  мақсаты  баласының  басқа  тілде 

еркін  сөйлеп  жетік  меңгергенін  көргісі 

келетіні.  Әрине,  қанша  тілді  білсең,  сонша 

елдің    мәдениетін  танисың,  соншалықты 

байсың.  Өзге  тілді  меңгеру  қазіргі  күннің 

талабы  болар.  Дегенмен,  бұл  тілге  деген 

сатқындықтың  бастауы.  Өз  тіліңде  білім 

алып,  өзге  тілді  қатар  алуға  болар.  Алай-

да,  сатуға  болмайды.    Тіл  -басты  байлық 

екенін естен шығармаған дұрыс. Бала кейін 

өз тілінде емес өзге тілде тілдессе, өз ба-

тырын,  өз  ақынын  жат  тілде  танып  өссе, 

ондай    жаннан  кейін 

патриот қалай шықпақ? 

Ата-ана,  әрине,  бала-

сын  дамысын,  танысын, 

білсін  деп  тәрбиелейді. 

Алайда,  ол  кейін  өз 

тіліне  деген  құрметтен 

айырылып,  шет  елге 

еліктеушілікке 

әкеліп 

соқтырары  сөзсіз.  Тілі 



мен  дінінен  айырылған 

жан  рухани  кемтар, 

адамдық 

болмысы 


төмен,  көлденең  көк 

аттының  қолжаулығы 

болмақ. Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі 

ерекше  екенін  ұмытпағандары  жөн.  Ке-

лешекте дана қазақ бола ма, шала қазақ 

бола  ма?  Осының  бастауы  тәрбиеде. 

Тілге  құрмет  елге  құрмет  болып  табы-

лады.  Сол  құрмет  өз  халқымыздың 

болмысы мен бойында лаулап тұрғаны 

абзал.  Біз  алдымен  қазақы  тілімізді, 

дәстүрімізді  сақтап,  келер  ұрпаққа 

өнеге  көрсеткеніміз  дұрыс.  Елбасы-

мыз  «Қазақстанның  болашағы  қазақ 

тілінде» деп айтқанындай, ана тілімізді 

ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің 

біріне  айналдыруымыз  керек.  Ана 

тілімізді  жетік  білмейінше  сауатты 

сөйлеп,  сауатты  жазып,  тіл  байлығын 

көтерем  деу  бекершілік.  Сондықтан,  ана 

тілімізді құрсақтағы сәбиге айтылған бесік 

жырынан,  ертегілерден,  ес  білгенге  дейінгі 

ақыл-кеңестерден  бастағанымыз жөн. Тілін 

білмегендер түбін білмейді дейді. Олай бол-

са әр қазақ өзімізден бастап, шала сөйлеуді 

тастап,  бай  тілімізді  байыта  берейік.  Кең 

байтақ  жері,  ата-дәстүрі,  өміршең    әдеп-

салты,  ұлттық  тілі  бар  қазақ  халқы  мәңгі 

жасай бермек... 



А.АЙДАРҚЫЗЫ,

3 курс білімгері.

Ана тілден білім нәрін аламыз,

Ана тілмен қалыптасқан санамыз.

Ана тілді ардақ тұтып адамдар,                                                                                                                       

Құрметтелік келгенінше шамамыз.

Қазақтарда кем болмаған данамыз,

Сөйте тұра жатқа еліктеп 

                                              қаламыз.

Айтып жүрген орысшалап баламыз,

Шала қазақ болып неге барамыз?

немесе жыр д‰лд‰лі – І. Жанс‰гіров туралы толѓау

«Ќ¦ЛАГЕР» ПОЭМАСЫНЫЊ Ќ¦ДІРЕТІ

Жетісу-жер жанатты туған жерім,                                                                         

Суына беті қолды жуған жерім.                                                                        

Ақсудың бозкөделі даласында,                                                                             

Асыр сап көбелегін қуған жерім-,

деп  өзі  жырлаған  жан-жақты  талант 

иесі,  қазақ  поэзиясының  «Құлагері» 

атанған  ақиық  ақынымыз  1894  жылы 

мамыр  айының  жайма  шуақ  күнінде 

осы Ақсу өңірінде дүниеге келген. Адам 

топырағына  тартып  туады  дейді  ғой. 

Олай  болса,  Ілияс  атамыздың  туған 

топырағы  да  құнарсыз  емес.  Ілияс 

Жансүгіровке  жаратылыс  жан-жақты 

дарын берді. Ол тарлан ақын, прозаик, 

драматург,  сатирик  болды.  Ақынның 

жазған  әрбір  шығармасында  ұшқыр 

қиялының тереңдігі, тұңғиықтардан сөз 

гүлдерін  теретін  алғыр  ойының  іздері 

сайрап  жатады.  Ілияс  атамызды  қазақ 

сөз  өнерінің  сардары  десе  де  болады. 

Зор дауысты, алуан сазды қазақ поэзия-

сы  қорының  ішінен  Ілияс  атамыздың 

дауысы айқын да асқақ естіледі. Ақын 

өлеңдерін  оқып  отырсаң,  арада  қанша 

жыл  өтсе  де,  өлеңдері  бүгін  жазылған 

секілді,  өзіне  тартып  отырады.  Күй, 

әсем  ән  -  Ілияс  ақындығының  арқауы. 

«Күй»,  «Күйші»,  «Құлагер»  дастан-

дарында  адамгершілікті,  сұлулықты, 

өнерді құдіреттендіріп, айбындандырып 

аспанға көтереді. Ілиястың сөз құдіреті 

темірдей  тегеурінді,  ағысы  Жетісудың 

өзендеріндей  екпінді,  поэззиясы  мәңгі 

жасап келеді.                       

Ақынның  толысып,  кемеліне  келген 

шағында үлкен шабытпен жазған дүниесі 

- «Құлагер» поэмасы. «Құлагер» - қазақ 

поэмалары    арасында  тарихта  өзіндік 

биік  орны  бар  туынды.  Қазақ  тарихын, 

оның  өнерлі  жолын,  өнерпаздарын 

үлгі  тұтып,  содан  ақындық  жолына  қуат 

алған Ілияс бұл шығармасында қазақтың 

белгілі сазгері, әншісі, ақыны, серісі Ақан 

өмірін,  өткен  әнімен  жырымен  халқының 

рухани  тіршілігіне  демеу  болған,  қанша 

қиыншылық  көрсе  де,  заман  тәртібіне 

бас  имей  кеткен  ерлігіне    сүйсінеді. 

Өмірде  жолы  болмаған,  қоғамдық 

әділетсіздікті  көп  көрген,  сүйгенінен 

айырылған  Ақанның  ендігі  серігі  аты- 

Құлагері. Ол талай жарыстарда бәйгенің 

алдын  бермеген,  Арқа  еліне  танымал 

жүйрік болған. Керей Сағынайдың асына 

Құлагерін мініп келген Ақан  оны бәйгеге 

қосады. Ілияс осы тұста астың өтуін оған 

жиналған  халықтың  көңіл  күйін,  балуан 

күрес,  ат  жарыс  оқиғаларын  суреттейді. 

Ондағы  мақсаты  -  сол  кездегі  халықтың 

әдет-салтын,  рухани  тіршілігін,  өнерін 

көрсету  еді.  Құлагердің  бәйгеге  талас 

баққұмарлардың қолынан қаза тапқанын  

шынайы  суреттеп,  Ақан  тағдырының 

ауырлай  түскен  күйін  көрсетеді.  Сол  – 

Құлагер    өлімінен  кейін  дүниеден  безіп 

жалғыздыққа берілген Ақанды суреттейді. 

Поэма  Ақанды  осы  жайға  жеткізген  за-

ман  қатыгездігі,  өнерпаз  ұлын  ардақтай 

алмаған  қараңғы  қазақтың  енжарлығы, 

адамдықпен алысқан жауыздықтың үстем 

болғандығын паш етеді.   

Поэмадағы  басты  бейне  әрине  Ақан 

тағдыры,  беймезгіл  заманда  өксіп 

өткен  өмірі,  оның  адамдық  адалдығы, 

азаматтығы,  ақындығы  мен  әншілігі 

шығарманың  өн  бойында  шынайы  су-

реттелген.  Мұхтар  Әуезов  осы  поэмаға 

тұңғыш рет жоғары баға беріп «Құлагер» 

поэмасын  «өлеңмен  жазылған  роман» 

деген.  Ғұлама,  заңғар  жазушының 

ағынан жарылып айтқан мұндай ғылыми 

тұжырымына  шын  жүректен  мен  де 

қосыламын. 

 

 



Қазақ  халқы  барда,  егеменді  еліміз 

тұрғанда  Жетісудың  дүлдүл  ақынының 

мәртебесі биіктей береді. Даңқы асқақтай 

түсері  сөзсіз.  Өйткені,  Ілияс  қазақ 

поэзиясының  «Құлагері»,  құлагер  тұлпар, 

оның  шабысы  ғажап,  жерде  боран,  көкте 

ұшқан  құспен  ғана  жарысатын  жүйрік. 

Тұлпар  текті,  тұнықтан  тататын  жаны  да, 

тәні де сүттен ақ, судан мөлдір киелі жану-

ар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет