Ел тірегі ата зањ Әлсіздер күштілерден жасқанады, Білімділер бар әлемді басқарады



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата27.03.2017
өлшемі12,6 Mb.
#10498
1   2   3   4   5   6

Олеся ТАДЖИЕВА.

Жетісу 

университеті



бейсенбі, 8 қыркүйек, 

2016 жыл

4

БІЛІМ НҰРЫ

Gazeta.zhgu@mail.ru

ЖІГЕРЛІ ДЕ

– эстетикалық тәрбие берді десеңізші! Ол 

еңбегі ел есінде әлі бар. Мектеп ұстазы бола 

жүріп,  Ақсу  ауданының  көркемөнерпаздар 

үйірмесінде  хор  ұжымына  және  вокалдық 

топтарға 

жетекшілік 

жасады. 

Сол 


өнерпаздар ішінен көптеген лауреаттардың, 

дипломанттардың  шыққанына  көзкөрген 

байырғы тұрғындар – куә.

1976  жылы  білімге,  ғылымға,  өнерге 

жаны  құштар  Жұматай  Талдықорған 

қаласындағы  Ілияс  Жансүгіров  атындағы 

педагогикалық  институттың  музыкалық 

факультетіне  оқуға  түскенде,  оңы  мен  со-

да апай жан тебірентер әндерді сырнаймен 

шырқады «Я живу на границе»... деп бас-

талатын әнді айтып, «Мама, милая мама, 

как тебя я люблю» деген қайырмамен туған 

жерін, аналарын сағынған жауынгерлердің 

көздеріне  жас  алдырған  кезі  бәрімізді 

тебірентті»... деп толғанады Жұмағұл інім.

Дара дарын иесі Жұматай Таубалдиева 

жастайынан  өнерді  өміріндей  көріп,  жа-

нына  серік  еткен  екен.  1949  жылы  қазіргі 

Алматы  облысының  Ақсу  ауданының 

Жаңа қоғам (Көкөзек) ауылында Ұлы Отан 

соғысы ардагерінің отбасында туып –өскен 

жеткіншек,  Қапал  ауданының  (Ақсу)  Ара-

сан орта мектебін үздік бітірген соң, арман 

жетегімен сол кездегі астанамыз – Алматыға 

сапар  шегеді.  Дарынды  жастың  жұлдызы 

оңынан  туып,  Алматы  қаласындағы  П.И. 

Чайковский  атындағы  атақты  музыкалық 

училищеге оқуға түскен екен. Осы оқу оры-

нын Халық аспаптар оркестрінің дирижері 

әрі  қобыз  аспабы  мамандықтары  бойын-

ша  абыроймен 

бітіріп  шығады. 

«Талант 

тас 


жарады»  деген 

сөз,    бәлкім, 

о с ы н д а й д а н 

қалған шығар.

Ж ұ м а т а й 

апайдың  (бұл 

кісіні  өз  ор-

тасы 


Жанна 

Сәмкеновна деп 

атайды,  орыс-

шалау 


ашық 

мінезі, 


орыс 

м е к т е б і н д е 

тәрбие  алғаны 

себеп 


болған 

шығар, 


кім 

б і л е д і ? ) 

ә ң г і м е с і н е н 

ауылы 


алыс 

қалған 


сонау 

бір  жылдардың 

елестері  қылаң 

беріп отырады. 

Ө т к е н 

ғасырдың  70-ші  жылдарының  басында 

Жұмекең Қызылорда облысының Ленинск 

(Ғарышкерлер  қаласы)  шаһарындағы 

пионерлер  сарайында  орыс  оркестрінің 

дирижері  қызметін  атқарады.  Қаршадай 

қазақ  қызының  орыс  оркестірін  басқарып 

тұрған  сәтін  көз  алдыма  келтіре  алмай-

ақ  қойдым.  Содан  кейінгі  жылдары, 

1976  жылға  дейін  Жетісу  өңіріндегі  Ілияс 

Жансүгіров  атындағы  кенттің  Қаныш 

Имантайұлы  Сәтбаев  атындағы  орта 

мектебінде  музыка  мұғалімі  болып  еңбек 

етеді.  Қазіргі  Ақсу  ауданы  жерінде  сол 

жылдары қаншама шәкірттерге музыкалық 

Ж

ұматай  апайдың  етене  таныс 

інісі, заңгер – журналист, Алма-

ты облыстық прокуратурасының 

прокуроры  Жұмағұл  Қаналбекұлы  Ома-

ров  бұл  кісінің  өнері  туралы  тамсана 

әңгімелейді: «Бұрнағы бір жылдары,- дейді 

ол,  –  Нарынқол  ауданында  прокурорлық 

қызметте  жүргенімде,  Жұматай  апай  сол 

бір әсем өлкеге демалысқа келіпті. Сонда 

таныстық. Қайдағы демалыс, ел – жұртты 

тамаша  әңгімеге  ұйытып,  музыка  өнері, 

ән – жырлардың, олардың авторларының 

тұнып тұрған сырларына толы сыр шертіп 

жүрді. Түрлі музыкалық аспаптарда ойнап 

отырып, әдемі әндер орындады. Құдды бір 

баяғының  сал-серілері  сияқты.  Әсіресе, 

ауылымыздан  аттанар  шақтағы  жаһұттай 

жарқылдаған  сәттері  жадымызда  жатта-

лып  қалыпты.  Кетерінде  Нарынқолдың 

іргесіндегі Қытаймен шекарада тұрған зас- 

тава  жауынгерлерімен  кездесу  өткізді. 

Көпшілігі орыс ұлтты шекарашылар алдын-

ЖАЛЫНДЫ ЖАН



«Өмірдегі бақытымды 

ұстаздық еңбектен, 

ғылымнан тап-

тым»,- дейді Ілияс 

Жансүгіроов атындағы 

Жетісу мемлекеттік 

университетінің музыкалық 

білім кафедрасының 

құрметті профессоры, педа-

гогика ғылымдарының кан-

дидаты, доцент, Қазақстан 

Республикасының білім беру 

саласының үздігі Жұматай 

Шөнкенқызы Таубалдиева. 

Жетпіс жастың қиясына 

таяп қалған шағында да, 

жастықтың от-жалынды 

екпінін жоғалтпаған

өмірге, еңбекке де-

ген құштарлығы 

басылмаған әзіз жан-

ды апайдың әңгімесін 

тыңдай отырып, 

«Айтса, айтқандай 

екен» деген ойға келесің.

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

лын таныған өмір мектебінен мол тәжірибе 

алған сақа азамат еді. Содан бері аттай 40 

жыл өтіпті... Факультетке де қырық жыл то-

лыпты.

Жоғары  білім  алған  соң,  Жұматай  Тау-



балдиева  өзі  үшін  ғылым  –  білімнің  қара 

шаңырағы  болған  жоғары  оқу  орнында 

ұстаздық қызмет атқарып келеді.

Қаншама  күрделі  кездер,  қиындықтар 

кездескенімен,  тумасынан  талапты,  ісіне 

адал,  жұмысына  жоғары  жауапкершікпен 

қарайтын  Ж.Таубалдиева  мұнда  да 

іркілмей, тек алға ұмтылды, ізденді, құрмет 

– абыройға бөленді.

Нағыз  ұстаздың  өзі  де  өмір  бойы  тәлім 

алудан  жалықпайтыны 

белгілі ғой. Шәкірттерге 

сапалы  білім  берудің 

жолында  оқу  орында-

рынан,  өмір  мектебінен 

алған білімін, қазынадай 

тәжірибесін  толықтыра 

берді.  Жоғары  оқу  ор-

нында  ұстаздық  ете 

жүріп, 


Талдықорған 

қаласының 

орта 

мектептерінде 



іс-

тәжірибелік 

экспе-

рименттер 



жүргізді. 

Мәселен, 

Ломоно-

сов  атындағы  орта 



мектепте 

академик 

Д.Б. 

Кабалевскийдің 



б а ғ д а р л а м а с ы м ен 

сабақ  беріп,  музы-

ка  сабағын  жүргізуге 

өз 


толықтамаларын 

енгізді.  Абай  атындағы 

№1 

мектеп-гимнази-



яда  іс-тәжірибе  өткізу 

кезеңінің  нәтижесінде 

К.Әсімбекова,  Б.Мұстафин,  Т.Мұстафина 

сияқты  ұстаздармен  авторлық  бірлестікте 

«Ән сабағы» атты оқулық-әдістемелік оқу 

құралын  шығарды.  Қазақ  мектептерінің 

бастауыш  сыныптарында  сырнайдың 

сүйемелдеуімен ән үйрету жөніндегі осы оқу 

құралы, 1997 жылы Халықаралық «Сорос - 

Қазақстан  Қоры»  конкурсының  жеңімпазы 

болып,  Алматы  қаласындағы  «Өнер»  ба-

спасынан  1000  дана  таралыммен  жарық 

көрді. Ол әлі де кең қолданыста. Осындай 

жетістіктері елеусіз қалған жоқ, 1990 жылы 

«Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

ісінің  үздігі»  белгісімен  марапатталады. 

Бұл атақ сол кездерде үлкен абырой еді.

Жұматай  Таубалдиева  –  өмірде 

қанағатшыл  болғанымен,  еңбекте  той-

ымсыз  адам.  Өнер  саласынан  сабақ 

берудің  басқа  пәндер  оқытушыларының 

жұмысынан  ерекшілік  –  айырмашылығы 

айтарлықтай  көп.  Сондықтан  да,  бұл  кісі 

дәріс  оқып,  сабақ  өткізудің  әдістемесіне 

ден  қойды,  оқулықтар  мен  әдістемелік 

еңбектерді  өзі  жазуымен  қатар,  ондай 

оқу  құралдарын  қазақ  тіліне  аударып, 

жарыққа шығарды. Студенттердің ғылыми 

ізденістеріне жетекшілік етіп, 80-нен астам 

диплом  жұмыстарын  қорғатты.  Қызмет 

саласындағы  қыруар  жұмыстарын  мінсіз 

атқара жүріп, қасиетті ән, музыка салала-

рынан  әлі  қол  үзбейді.  Талдықорғандағы 

«Жетісу» ансамблінің алғашқы әншілерінің 

бірі болған Жұматай Таубалдиева «Трио» 

тобында сахна сәнін келтіріп жүрді.



Ж

үмекең 


тақылеттес 

та-


ланттар 

тыным 


дегенді 

білмейді 

ғой, 

талапшыл 



ортада,  жауапты  жұмыста  жүрсе  де, 

ғылыми 


ізденістерін 

тоқтатпағаны 

таңдандырады,  2003  жылы  өзінің  мол 

тәжірибесін 

ғылым 

қағидаларымен 



ұштастыра отырып, «Музыка арқылы бас- 

тауыш  сынып  оқушыларының  гумандық 

қасиеттерін  қалыптастыру»  тақырыбында 

кандидаттық  диссертацияны  зор  абырой-

мен қорғады, 150-ден астам ғылыми еңбек, 

15  оқулық  жазып  шықты.  Өзінің  жолын 

қуған шәкірттері бірінен бірі өтеді. Сол да-

рынды шәкірттерінің бірі, дәулескер күйші, 

шебер  домбырашы,  қазір  университетте 

өзінің әріптесі болып жүрген С. Күнтуғанова 

«Жұматай  апайдан  үйренгеніміз  де,  әлі 

үйренерміз  де  жетерлік»,  деп  ағынан  жа-

рылды.

Жалғыз 


ұлы 

Бекарыс 


көрші 

Қырғызстандағы  «Ыстық  нүктелердің» 

бірінде  ерлікпен  қаза  болып,  отбасын-

да  жалғыз  қалған  кезінде  заңғар  жазу-

шы  Шыңғыс  Айтматов  айтқандай,  «Адам 

қайтсе,  қалады  адам  болып»  деген 

қағидамен  өмір  сүрген  –  осы  Жұматай 

Таубалдиев апай. «Жүрегі – мақта, дәті – 

темір»  дейтіндей  адамдардың  бірі  шығар, 

тегі.  Қазір  жиен  немерелерін  еркелетіп 

жүрген  профессор  Жұматай  Таубалдие-

ва  болашаққа  тағы  бір  ірі  жоспар  құрып 

жүрген  шығар.  Жоспарлары  100-ге  дейін 

жетіп, жүзеге аса берсе екен, ләйім!



Айтқазы БАЙДАУЛЕТОВ.

Жетісу 

университеті



ҰЛТ ҰСТАНЫМЫ

бейсенбі,  8 қыркүйек,

2016 жыл

5

Gazeta.zhgu@mail.ru

ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ

ЕЛ БОЛАШАfЫ – 

БІЛІМДІ ЖАСТАР

Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік.

Абылай хан.

Еліміздің  тұңғыш  ғалымы,  ағартушы  Ш.Уәлиханов  осы-

дан бірнеше ғасыр бұрын «Халық кемеліне келіп даму үшін 

екі-ақ  нәрсе  керек.  Оның  біріншісі-азаттық,  екіншісі-білім» 

-  десе,  Елбасымыз  барша  Қазақстан  халқына  арнаған 

Жолдауындағы  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыруда 

жастарға зор сенім артып «Болашақта өркениетті дамыған 

елдердің  қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай  білім 

қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, 

терезесін тең ететін – білім» - деген еді.

Ата-бабаларымыздың,  небір  боздақ  батыл  да  батыр 

ағаларымыздың қанымен жеткен халқымыздың асыл арма-

ны - ел Тәуелсіздігін 

а л ғ а н ы м ы з ғ а 

да  биыл  25  жыл 

толмақ. Жиырма бес 

-  қылшылдаған  жас 

жігіттің  ғұмырындай. 

Ал,  жас  жігіттің  От-

аны,  өзі  үшін  нағыз 

жанын салып қызмет 

жасайтын дер шағы. 

Оның 

алдында 


таңдаған мамандығы 

саласында  елінің  өркендеуіне,  дамуына  үлес  қосу  үшін 

тер  төгетін  небір  алынбаған  асулар  мен  мамандық  таңдау 

жолындағы аяулы армандар қол бұлғап тұр десеңізші.

Мамандықтың бәрі жақсы. Спортшы, мұғалім, кәсіпкер, ак-

тер де болғым келді. Енді, міне, қазір облыстағы маңдай алды 

жоғарғы оқу орны, қазақтың «Жыр Құлагері» атанған Ілияс 

Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университетінің 

журналистика  факультетінің  білімгері  атанып,  тәжірибесі 

мол, ұстаздардан дәріс алып жатқаныма дән ризамын.

«Балам, қай мамандықты игеріп жатырсың? - деп сұраған 

үлкен  кісілерге  «журналист»  десең,  «Бәрекелді,  балам, 

жарайсың», - деген мақтауды естігенде бір марқайып, төбем 

көкке  жеткендей  болса,  бір  жағынан  бұл  мамандықтың 

қызығы  мен  қиындығы  қатар  жүретінін,  салмағы  ауыр 

кәсіп  екенін  жаныммен  сезгендей  боламын.  Дегенмен  де, 

мамандық  таңдаудан  қателеспегенімді  түйсігім  сезеді, 

мамандығымды мақтан тұтамын және соған лайықты бола-

тыныма сенімім мол. 

Қазақтың бас ақыны Абай:



 

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа  ғылым  сүйсеңіз,  -  дегендей  тәжірибелі 

ұстаздардан  білім  алып,  күндіз  күміс,  түнде  алтын  аққан, 

әулиелер  мекені  қасиетті  Қаратал  ауданының  атын 

асқақтатып  отырған  журналист  ағаларым  Еліміздің  бас 

газеті  «Егеменді  Қазақстанның»  белді  тілшісі,  бірнеше 

кітаптың авторы Жанат Елшібеков, «Спорт» газетінің бас 

редакторы  болған  Несіп  Жүнісбаев,  облыстық  «Жетісу» 

газетінің  қазіргі  бас  редакторы  Әміре  Әріндей  ағаларыма 

еліктеуім мені майталман маман иесі болуыма жетелейтіні 

сөзсіз. 


Бүгінде  Елбасымыздың  дұрыс  саясат  ұстануының 

арқасында  Қазақстан  халқы  татулығы  жарасқан,  жастары 

жаңалыққа  ұмтылған  елге  айналдық.  Қазіргі  таңда,  күллі 

әлем таныған беделді мемлекетпіз. Мен өз елімнің патрио-

тымын және болашаққа сеніммен қараймын. Қазақстанның 

әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылатынына 

сенемін және осы жолда теңізге қосылған тамшыдай болса 

да өз үлесімді аянбай қосамын. 

Біз сияқты жастарға Елбасы үлкен сенім артып отыр. Сенім 

арта  отырып,  біздің  заманға  сай  білім  алуымызға  барлық 

мүмкіндіктерді жасауда. Атап айтсақ, «Болашақ», «Диплом-

мен  ауылға»,  «Қолжетімді  баспана  -  2020»,  «Жұмыспен 

қамту - 2020», Назарбаев  зияткерлік мектептері, Назарба-

ев  университеті,  «Жастар  тәжірибесі»  бағдарламалары  – 

осының  айғағы.  Осы  аталған  бағдарламалардың  аясында 

шет  елдерден  білім  алып,  дипломына  сай  маман  ретінде 

жұмыспен  қамтылып,  баспаналы  болып  жатқан  жастары-

мыз  қаншама.  Осы  іс-шаралар  жас  ұрпақтың  болашаққа 

деген  құштарлығын  оятып,  білімге  деген  қызығушылығын 

арттырып, кеудесінде оты бар жастарға жігер беретіні сөзсіз. 

Сондықтан, мен ХХІ ғасырдың ұрпағы ретінде жастарды тек 

өзінің құқығы емес, Отаны үшін де жауапкершілікті сезінуге, 

жан-жақты  дамуға,  спортпен,  өнермен  айналысуға,  өз  ана 

тілін  құрметтеп,  шет  тілдерді  үйренуге,  халқымыздың  ке-

мел келешегі үшін жақсы білім алып, аянбай қызмет етуге 

шақырамын. 



Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін! - деп ұлт мақтанышы Мағжан ақын 

айтқандай,  еліміздің,  ұстаздарымыздың,  ата-анамыздың 

сенімін ақтайтын, заманға лайық жас болайық дегім келеді.

Марлен НЕСІПБЕРГЕНОВ,

3 курс білімгері.

ІШТЕ ПІКІР ӨЛГЕНШЕ

¦лыња айт, єке...



Елдің болашағы кімдермен көркейеді

кімдермен өркендейді? Жұмыр жерді тұрақ 

қылған қазақ ертеңін кімдерге сеніп 

тапсырмақ? Әрине: «Ұрпағым бар ғой, 

келешегім осылар!» - дейтін әке ұлына қандай 

тәрбие беріп жүр? Әдемі мақал «Қолың қисық 

болса да, аманың түзу болсын» күлкіңді 

шақырғанмен зер сала қарасаң ойландырарлық 

тәлім жатыр. Басқасын былай ысырып 

қойғанда, амандасуынан ат үркіп, кісі 

жиіркенерлік жастар өздеріне сенім артар ел – 

жұрт, әке барын ұмытқандай.

Атам  қазақ    кездескенде  әуелі  бір-бірінен  Алладан 

амандығын  тілеп,  кейін  барып  қал-жағдайын  білісетін. 

Бұлғақтаған  бұлдыр  батпақ  заманда  да  есен-саулық 

сұрасу  міндетін  қалтқысыз  орындады.  Бүгінгі  көшке 

оралсақ бейәдеп тірлік күбірткідей жастық сананы әбден 

дендеп алған дерсің.

Тексіздіктің  үлкен  бір  көрінісі  сүйісіп  амандасу.  Қыз  – 

келіншек, әпке – жеңгем болса қойшы, жігіт пен жігіт деп 

ішіңдегі  жиіркенішпен  еріксіз  мысқылдап  алғың  келеді. 

Еріндерін  дүрдитіп  бір  –  біріне  ұмтылған  екі  ер  жігіттің 

көрінісі қандай тұрпайы. Әйел затына тән кейіп – кескін  

еркек кіндіктіден байқалғаны жағаңды ұстатарлық жағдай 

емей немене? Бұл сөлекеттіктің тамырына балта шауып, 

тосқауыл  қоймаса  бір  жынысты  азаматтардың  көбейері 

көрмес  көзге  де  айқын.  Қызтекеліктіңде  бастау  алар 

ошағы осы шығар. Көгілдірлік көсегеңді көгертпейді, атау 

– зәріңді іштіріп тамұқтан бірақ шығарады.

Лұт пайғамбардың қауымын құдіреті шексіз Алла бірақ 

сәтте жермен – жексен етіп жер бетінен құртып жібермеді 

ме?! Олардың айыбы еркегіне еркегі шауып жахил, яғни 

надан болғандықтары үшін.

Асыл  дінімізде  де  «Еркекке  ұқсаған  әйелге,  әйелге 

ұқсаған  еркекке  Алланың  лағнеті  болсын»,  -  деген  ғой. 

Сүйісіп  жүздесу  бізге  бөгде  көрініс.  Осы  уақытқа  дейін 

алдыңғы  буын  ағаларымыздың  бұлай  амандасқанын 

көз  көрмепті.  Сонда  бұл  қайдан  келген  таңсық  дүние? 

Алысқа  ат  шаптырып  қайтпекпіз,  жас  буынның  өзінен 

сұрасақ. Айтпақтары жаңаша амандасу үлгісі ғой, досым-

ды көрген сайын құрметтеп сүйіп жатсам, онда тұрған не 

бар дейсің,  арамыздағы ерекше сыйластықты, бағалап 

құрметтегеніміз дейді. Бір – бірін өздерінше сыйлап бау-

ырмал  болғандары  екен.  Олай  етпесе  көштен  қалып, 

тоны  тоналардың  халіндеміз  дегенді  ұғындырғандай. 

Рахмет,  бауыр  сөзінен  садаға  кеткір  бұлай  бауыр  бо-

лып сыйласпай-ақ қоялық. Тарихыңа көз жүгіртсең қазақ 

қазақ  болып  қалыптасқалы  еркегінің  бетіне  еркегі  сүйді 

деп ешбір жерде жазылып, ауызекі тілде айтылмапты да. 

Жалғыз ақсақал немересін емірене иіскеп, сүйгені болма-

са,  біреуді  сүйем  деп  қамданбаған  ғой.  Міне,  бұл  нағыз 

тектілік! Бұл дұрыс пен бұрыстың аражігі.

Түбі  жоқ  ойдың,    сөлі  жоқ  сөздің  түп  төркініне  тіреліп 

айтпағым  отбасының  ұйтқысы  әке,  ертеңіне  алаңдап 

барлығын  жөнге  салар  өзіңсің,  ұлтым  дейтін  ұлыңды 

ұясынан  тәрбиеле.  Еркек  еркекті  сүймеген.  Әке,  ұлыңа 

айт, олай етпесін!



Медет ЖҰМАБАЕВ, 

3 курс білімгері.

ТЄРБИЕ ТАЛ 

БЕСІКТЕН 

БАСТАЛАДЫ

Баланы  бесіктен  тәрбиелеу  қажет.  Баланы 

бесікке  салу  дәстүрі  баланың    жетіліп,  өсуіне  

септігін тигізеді. Ата- бабамыздан қалған мұраны 

одан  әрі  жалғастыру  біздің  еншімізде.  Баланы 

бесікке  саларда  ауылдың    аса  құрметті  анасы 

таңдап  алынады.  Көп  бала  өсіріп,  тәрбиелеп  

ардақты анаға жас сәбиді бесікке салу рәсімі сеніп  

тапсырылады. Осылайша, қазақ халқы жас сәбиге 

асыл  аналардың  жолын  берсін  деген  ниетпен 

ырымдаған. Бесікке жатқан бала дені сау, ұйқысы 

тыныш,  дүниетанымы  кең,  өмірге  құштар  болып 

өседі. Тілі де ерте шығып, балабақшаға барғанда 

қатарластарынан оқ бойы озық тұрады. Олай бо-

луы орынды да. Өйткені, бесікте жатқан бала ана 

әлдиімен  ұйықтап,  ана  әлдиімен    оянады.  Бала 

бесікте жатып әуезді әнді тыңдап қана қоймайды, 

бала қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. 

Айналаны бағдарлайды, өмір сүру қағидаларымен 

танысады, ата-анасын, атасы мен апасын, бауыр-

ларын таниды. Олармен тілдесуді бастайды.

Алғашқы  айлардан  бастап-ақ,  бала  жекеле-

ген буындарды айтып, сөйлей бастайды. Анасың 

еркелеткенін,  кейіген  сәттерін  ажырата  ала-

ды.  Әкесінің    жұмыстан  келіп,    құшағына  алған 

сәттердің  бәрі  бала  зердесінен  өтеді.  Уақыт 

келе,  бала  өскен  сайын,  көп  нәрсені  үйренуге 

айналадағы  құбылыстарға  зер  сала  бастайды. 

Баланы бесікке салып, өсіру аналарға көп көмек. 

Кейде  ана  бар  шаруаға  үлгере  алмай  жататы-

ны  бар.  Жас  баланы  тамақтандырып,  бесікке 

салып  қойып,  әлдилей  отырып,  тамақ  әзірлеуге 

уақыт табуға болады. Дер кезінде қажетті істерді 

атқарып  қойып,  сәбимен  ұзақ  тілдесуді  дағдыға 

айналдырған жөн.

        

Инаят БЕРІКҚЫЗЫ,

білімгер. 

З

аманға сай отбасында  бала тәрбиелеу  

аса үлкен  жауапкершілік пен білімді 

талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі 

ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана 

махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай 

қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық 

орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің 

ең алғашқы  ұжымы. Баланың тәрбиелі 

болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. 

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі 

– тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен баста-

лады. 

МЕЙІР


Өмір біреу болғанымен тағдыр 

сан  қилы.  Соқпағы  көп  бұралаң  жол-

дардан  тұратын  бұл  өмір  ешкімнің  ой-

найтын  «ойыншығы»  емес.  Қытымыр 

қыстың аязы, күздің қара суығы сияқты өмірдің де қатты 

тұстары бар. Сондай сәтте қалқа таба алмай, паналай-

ын  десең  сая  бола  алмайтын  жандар  біздің  қоғамда 

жетерлік. «Сананы тұрмыс билеген» заманда тасбауыр 

қоғам  қалыптасып,  сондай  жандарға    мейірімділіктің 

шуағын төгетін хақ тағаладан басқа жер бетінде тірі жан 

иесі  қалмағандай.  Зайырлы  мемлекет,  қуатты  қоғамда 

тағдырдың сын садағына іліккен адам баласының өміріне 

бей-жай қарау дұрыс па?

Мемлекетің  аса  басты  құндылығы  «адам»  дейміз. 

Онда  неге,  жүрек  түкпіріндегі  бар  мейірімді  оятып, 

қоғамға  жылулықтың  шуағын  таратып,  мейірімділіктің 

дәнін  екпеске.  Онсыз  да  тағдыр  тауқыметін  татқан 

жандарға қоғамның сорақы мінезін көрсетпегеніміз жөн-

ау шамасы. Жапырағынан айырылған теректей сүреңсіз 

өмір кешіп жатқан адамдардың басындағы тіршіліктің

машақаты  тек  сол  жандарды 

ғана  ойландырсын  деген  сұмдық 

ойдан  азат  болуымыз  керек.  Үміт 

пен  арман,  күдік  пен  жалған  қатар 

жүретін қоғамда күдіктің шырмауын-

да,  жалғанның  арбауында    қалатын  парықсыз  өмір  сүріп 

жатқан  адамзат  баласының    тағдырына    жазғаны  деп 

қарап  отыру  бұл  тек  «мәңгүрт»  қоғамның  ісі.  Азат  елде, 

бейбіт  күнде  өмір  сүріп  жүрміз  дегенді  өзгеге  мақтану 

үшін  айтқанмен,  жүректің  бір  пернесі  қиын  тағдырларды 

толғамай жатуы мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет