Деңгейлер
|
Қатысу кезеңі
|
Стандартты қатысу
|
Марапат иелері
|
Қола
|
6 ай / 26 апта
|
Қолданылмайды
|
Күміс
|
12 ай / 52 апта
|
6 ай / 26 апта (егер қола деңгей аяқталса)
|
Алтын
|
18 ай / 78 апта
|
12 ай / 52 апта (егер күміс деңгей аяқталса)
|
Қатысушылардың мақсаттары
Қатысушыға мақсатқа жету жолында тиімді және нәтижелі қызмет ету үшін нақты және қолжетімді мақсаттарды анықтау маңызды. Тәлімгерлер қатысушыларға мақсаттарын анықтауға көмектесуі тиіс.
Мақсат қызметті сипаттап қана қоймай, сонымен қатар, табысты өлшеуге болатын (нәтижеге баға беру) мәліметтерді қамтуы тиіс.
Мысалы, домбыра шертуді үйрену — бұл жай ғана әрекетті түсіндіретін мақсат, және осындай мақсатты былай сипаттауға болады: «белгілі бір стандарт бойынша домбыра шертуді үйрену (үйірмеге барып, өзін-өзі оқыту) және күй шерту немесе концертте өнер көрсету».
Қатысушы, тәлімгер және сарапшы арасында талқылау барысында қажеттілігіне орай, мақсаттар қайта қаралуы мүмкін. Қойылған мақсат шынайы және қолжетімді болуы керек. Мақсат қатысушыларды ынталандыруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |