Қатысушылармен қарым-қатынастың өзара сыйластыққа негізделген стилін таңдайды;
түсініспеушіліктен және қатысушыларға тіл тигізуден аулақ болу үшін тәлімгер қатысушылардың жасына, жынысына, діни нанымына және қатысушының өзге де ерекшеліктеріне қарай, олардың арасындағы қарым-қатынастарда дәреже сатысын сақтайды;
Қатысушылардың барлығына бірдей әділ, мейірімді және тілектес болады;
Қатысушыларға қатысты талап қою позитивті және негізді болуы тиіс;
Қатысушылармен дербестік, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, ынтымақтасу және басқаларға көмектесу ниеті сияқты оң қасиеттер мен сапаларды дамытатын жұмыс істеу әдістерін таңдайды;
Тәлімгер қатысушылардың ынтасын арттырып, олардың өз күші мен қабілетіне деген сенімін нығайтуға ұмтылуы керек;
Қатысушыны негізсіз төмендететін бағалау шешімдерін қабылдаған жағдайда, тәлімгер өзінің қателігін тез арада түзетуі тиіс;
заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, оған қатысушылар сеніп тапсырған ақпаратты құпия сақтауға міндетті;
өз қатысушыларын пайдакүнемдік мақсатта қандай да бір материалдық немесе материалдық емес пайда мен игіліктер алу үшін пайдалана отырып, өзінің қызмет бабын теріс пайдаланбауға тиіс;
Тәлімгердің қатысушылардан өз жұмысы үшін қосымша сыйақы талап етуге құқығы жоқ.