Елбасы мұраты – ел бақыты ...Ұлы халық.... Ордалы ел...Қазақ елі... Бұл атау қайдан шықты, қалайша халық солтүстігінен оңтүстігіне қарай 1600, батысынан шығысына дейін 3000 шақырымға созылып жатқан дархан даланың иесі мен киесіне айналды?
Ен далада есіле, кең далада көсіле ғұмыр кешкен бұл елдің басына күн туса, толарсақтан саз кешкен батырлар, ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса төске озған ақындар жүріп өткен сартап жолдарды жас ұрпаққа әйгілеп тұрған суреткер дала қандай ұлы, қандай сәулелі десеңші. Атырау мен Алтай арасындағы көз тартар шалқар дала ала қозыдай құлпырады дерсің. Бұндай сұлулықты еншілеген қазақтың маңдайының бағы бес елі. Көз жетпей жақындаған сайын алыстайтын тарлан таулары, еңку-еңку жерлері, керімсал сылқым желі, асқар белі, ұлан-ғайыр атырабы, бәрі-бәрі жан дүниеңді өрекпітіп, бойыңды мақтаныш кернейді.
Ұлы даланың ұлы күні туды. Ұлт тарихының алтын әріптермен жазылатын ұлы да ұлықты сәті жетті, қастерлі ел! Қазақ елінде азаттықтың ақ таңы атып, жұлдызы жарық түні туды. Тәуелсіз елдің тұмары ел деген алып бейтерекке тағылды. Тамырын тереңге жайған қарт тарихтың тағы бір жаңа беттері ашылды. Көк аспанда шарықтап ұшқан қыран алтын күннің астында қанатыңды еркін жаятын сәтің жетті. Ұлтым деп боз інгендей боздаған ел жанашырларының сенімі ақталды. Сондай ел жанашырларының бірі де бірегейі, ел мен жер деген алып бәйтеректің баптаушысы, елдің берік тұтқасын нықтап ұстай, татаулық пен бірліктің бастаушысы, елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Ғасырлар бойы армандап келген, ел болып қол жеткізген тәуелсіз Қазақстанымыз және отыз жыл бойы биік шыңында жүрген қайсар мінезді елбасының жасаған игіліктері мен батыл қадамдарын айтпай өту атымыз бен затымызға сын болар. Әсіресе, тәуелсіздікке жеткен елдің болашағы мен бақыты жайында сөз еткен кітаптары жайлы сөз етсек нұр үстіне нұр болар.
Азаттықтың ақ таңында Елбасының еліне арнап, егемен елдің ерен еңбегін сөз етер, мағыналы да мәйекті шоқтығы биік үш кітабы жарық көрді. Олар: «Тарих толқынында»(1999), «Сындарлы он жыл»(2003), Ғасырлар тоғысында» (2003), «Тәуелсіздік белестері» (2012). Осы үш кітап жайлы әңгімеміздің әлқиссасына көшсек.
«Сындарлы он жыл» - Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты мен жаһандану, халықаралық құқық, Каспий аймағы, қауіпсіздік, соңғы он жылда біздің елде ғана емес, өзге әлемде болып жатқан саяси ахуал мен өзгерістер жайында өрелі әңгіменің мәйегін жеткізеді[1].
«Тәуелсіздік белестері» - Елбасының Қазақ жұртының болашағын ойлап, мемлекеттің қайткенде бақытқа кенелетіні жайында айтқан сарабдал стратегиясы. Оны төмендегі жолдардан байқасақ болады: «Қадірлі халайық! Мeн сіздeргe, Қазақстан халқына, қoғамымыздың бoлашағы мeн мeмлeкeтіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жoлдап oтырмын. Мeн Сіздeргe oсынау бoлашаққа қoл жeткізіп, өз мұратымызды іскe асыруға жәрдeмдeсe алады-ау дeгeн сeнім ұялататын стратeгияны ұсынғым кeлeді». Осы жолдарды оқи отырып Елбасының болашаққа деген бағдары – бақытты қоғам құру. Сол қоғамда іргесі оңайшылықпен ажырай қоймайтын саналы ұрпақ қалыптастыру». «Тарих толқынында» - Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына көз жүгіртіп, тарлан тарихтың беттерін ақтарып, халықтың игілігі мен рухани бірліктің қазақ жұртына ауадай керекті екенін топшылайды. Қазақтың ұлт болып, мәңгілік елдің жарқын бейнесін беру үшін, ұлтаралық қатынастың берік, тату сақталуы қажет екендігі анық байқалады[2].
«Ғасырлар тоғысында» - Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу[3].
Тәуелсіз Қазақстан тарихында Елбасының есіл еңбегі, орасан зор төккен тері том кітапқа жүк болар қасиеттер. Еңсесі түскен елдің кеудесінің тік ұстауына, өз болашағына жарқын көзқараспен қарауына, елдің қаймықпай, әркімнің есігінің алдында құл болуынан сақтайтындай сарабдал саясат құра білу, бәлкім, Жаратушының бойына дарытқан қасиетін тұншықтырмай, ердің азаматтық борышын шамадан тыс орындауы шығар. Елбасының еліне деген ыстық махаббаты қандай да жүрегі қазағым деп соққандардың сана төрінде орын тебері ақиқат.
«Сындарлы он жыл» еңбегінде егемен елдің алғашқы он жылда жеткен нәтижелердің нақтылануын көруге болады. Бұл еңбегі мынадай бөлімдерді қамтиды. Олар: «Жалынның жады, Үрей империясы және торрордың тәлкегі, Дінде экстремизм жоқ, Белгісі бедерлі белдем, Мыңжылдықтар тоғысындағы Каспий, Қауіпсіздік жолдары». Осы еңбектің «Жалынның жады» деп аталатын бөлімінде: «Шаң мен түтіннің қою шымылдығын көз қарықтырар ақ будақ жалқын қарқыратып өтеді, бейне бір төңірегіне ұшқын шашқан от-шашу сияқты. Мен темір «найзаның» үйреншікті қимылымен домна пешінің көмейін ашамы, сол сәтте қара бұлттың арасын жарып, жарқ етіп күн шыққандай болады. Бұл темір құрсаудан тепсініп шыққан сұйық метал, атқақтаған ақ алтындай ағын өзегін қуалап келіп, отқа орана ұшқындаған қалпы сарқырамадан тасқындай құйылады. Жалындаған ауа лебі менің бетімді шарпиды. Қызудың қаттылығы сонша, мұндай сәттерде көзіңе жас үйіріліп, бір мезет ауа жетпей тынысың тарылып кетеді. Күні кеше сияқты, бар-жоғы отыз жылдай бұрын, әлі тәжірибесізбалаңдау шағымда, көмейінде от пен металл ойнақ салған алып шомбал пештің жанында тұрғанда немесе қаңылтыр қақтау станының құлақ жаратын тарсыл-гүрсілін ести жүріп жұмыс істеген кездерде, мен сайын даланың жанға дауа саумал самалын аңсайтынмын, еркіндігін шырт тыныштығында ұйып тұрған жусаниісін құныға сіміргім келетін»[1, 5], - деген кіріспе сөзінщде Елбасының ауыр жұмыстың қиындықтарынан ләззат алатынын, оны сайын даланың керімсал желімен, табиғаттың тамаша қырларымен, Асқар Алтай, Алатау тауларын көз алдына елестетіп, бойын мақтаныш сезімі кернейтіні байқаймыз. Яғни, осындай сайын даланың қожасына айналған қазақ жерінің бағының бес елі екендігін Елдің еңселі басшысы жүрек түбінде сақталған асыл қазынадай сезінсе керек.
Шекара шегенделіп, ұлттық теңгенің түгенделіп, Ата заңын айқындап, ана тілін ардақтауы, мәдениет пен дәстүрдің қайта жаңғырып жаңаруына бірден бір себепкер Елбасының бастамалары ел тарихының ұмытылмас беттеріне айналуы хақ.
Елбасының ішкі саясатты межелі деңгейде реттеп, сыртқы саясаттың да әлемдік аренада халықаралық шешімдер қабылдаудың батыл қадамдарын жасауы елдің болашағының гүлдене түсуіне мұрындық болды. Мәселен, ірі әлемдік ұйымдардың құрылуына себепкер болуы, сыртқы саясаттағы салмағымызды еселей түсті. Мысалы, көптарапты сыртқы саясат, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Еурозиялық Экономикалық Одақ, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезі, Қазақстанның білімгерлік дипломатиясы, ЕҚЫҰ-ға және БҰҰ ҚКЕ-ге төрағалық етуі, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі т.б. жетістіктердің болуы сыртқы саясаттың әлемдік аренада бой көрсетуі десек ләзім болар.
Ұлттың жасампаз әлеуетін үйлесімде ұстап, жарқын болашаққа ұмтылу үшін «Қазақстан барысының секірісіндей» кейіпке енгізуі Елбасының тарихи феномен бола отырып, қоғамды болашаққа ұмтылыс жасауына жұмылдыруымен ерекшеленеді. Даңғазалық пен ысырапшылыққа жол бермей, қоғамның барлық саласындағы трансформация үдерісі мен маңызды әрі нақты реформалардың арқасында дүниежүзі «Қазақстан» деген Ордалы елдің егемендігі мен жетістігі жайында айта бастады. Әлбетте, мұны қалыптастырған авторы - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдыра отырып, ерен еңбегін мақтаныш етпей, халыққа деген жүрекжарды сүйіспеншілігін кітаптарының ішіне кіріктіру Елбасының көргенділігі
«Тарих толқында» кітабындағы кездесетін 8 тарау елдің өткен тарихы мен бағдарлы болашағына қол созған ұлықты елдің бейнесі болып табылады. Ол тараулар мән беріп, топшылай түссек: