Жоспар. Кіріспе. Қазақстан-бейбітшілік пен рухани келісім мәдениетінің қасиетті қара шаңырағы. Зерттеу бөлім



бет1/7
Дата18.12.2023
өлшемі363,18 Kb.
#140503
  1   2   3   4   5   6   7


Жоспар.
1.Кіріспе.
Қазақстан-бейбітшілік пен рухани келісім мәдениетінің қасиетті қара шаңырағы.
2.Зерттеу бөлім. А) Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыру жолдары. Б)Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер мен этномәдени орталықьардың қызметі мен этносаралық қатынастар. В)Жалағаш мекені-достық пен келісімнің рухани орталығы.
3.Қорытынды.
Толеранттылық-бейбітшілікке апаратын жол.
4. Пайдаланылған қосымша мәліметтер.
5.Ұсыныс.

Мақсаты: 1.Толеранттылық ұғымының негізгі мән-мағынасын анықтау:
2.Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер мен орталықтардың қызметін және этносаралық қатынастарды түсіндіру; 3.Бейбітшілік пен рухани келісімнің бүкілқазақстандық үлгілерін насихаттау.
Міндеттері:
1.Қазақстандағытолеранттылықтың үлгісін көрсету; 2.Этносаралық қарым-қатынастар мен қооғамдық келісімнің Қазақстандағы көрінісін түсіндіру; 3.Этномәдени орталықтар мен бірлестіктердің жергілікті халық өкілдерімен арақатынасын ашу; 4.Жалағаш ауданы төңірегіндегі түрлі ұл өкілдерінің тыныс тіршілігімен жете танысу; 5.Жас ұрпақты толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетті қадірлеуге тәрбиелеу жолдарын қалыптастыру.


Аннотация
«Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңіне қатысу мақсатында әзірленген зерттеу жұмысы «Толерантты Қазақстан» деп аталады.Бұл зерттеу жұмысының негізгі бағыты-Қазақстан халқы Ассамблеясы- бейбітшілік пен қоғамдық келісім институты,яғни Қазақстан халқы бірлігінің тарихи тамыры,Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастар және рухани келісім мәдениеті,толеранттылық қазақстандық менталитеттің рухани негізі ретінде қарастырады.Осы негізгі бағыттарды басты бағдарға ала отырып менің оқушым Жалағаш ауданы мен Қызылорда облысындағы этносаралық қарым-қатынастарды зерделеп,тақырыпты ашуға мән берген.Бұл зерттеу жұмысын қолға алған сәттен бастап ең бірінші этносаралық төзімділік,қоғамдық келісім,толеранттылық ұғымдары мен олардың мағынасын жан-жақты түсінуге ұмтылды. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды сипаттай келе,өз ауданымыз бен облыс көлеміндегі түрлі ұлт өкілдерінің тарихы қатты қызықтырды.Толеранттылық ұғымын түсіне отырып,оның нақты мысалдары мен көрінісін туған өлкесінен тауып,үлгі етуді көздеді.Және бұл жұмыс өз мақсатына жетті деп есептеймін,себебі зерттеуші-оқушы бұл тақырыпты тек оқып,танысып қана қоймай,оның нақты дәлелдерімен өмірде бетпе-бет кездесті.Ауданымыздағы түрлі ұлт өкілдерімен сұхбаттаса отырып,олардың тұрмыс-тіршілігінен біраз мағлұматтар жинады.Тақырып аясында өзін қызықтырған сұрақтары бойынша құнды деректер жинады.Жалағаш ауданы бойынша этноконфессиялық қатынастарды реттеп отыратын құзырлы мекемелерге бас сұғып,олардың да қызметімен жете танысты.Осы зерттеулердің барысында оның бойында өзге ұлт өкілдеріне деген өзінің азаматтық ұстанымдары қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет