Елбасы мұраты – ел бақыты



бет2/2
Дата12.12.2022
өлшемі27,76 Kb.
#56622
1   2
Байланысты:
Тәуелсіздік жылдарындағы еңбектер

«1.Ұлттық келбетті ұлықтайық;
2. Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы;
3. Мәдениет келешегі
4. Алаш мұрасы және осы заман
5. Ұлтық бірегейлік туралы.
6. Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымды
7. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары
8. Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде», - деген тарауларды аңдаймыз[1].
Елбасының жарық көрген бұл еңбегінде қазақ тілінің мәртебесі де сөз етіледі. Төбе құйқаңды шымырлатып, жылы сөйлеп жыланды інінен еріксіз шығаратын, тас жар алмаса да бас жаратын, сүйексіз болғанмен сүйектен өтетін қасиетті тілдің мәртебесі жайлы сөз еткен Елбасының тілге деген сүйіспеншілігін байқауға болады. Ұлттың сүйенетін тамыры да, асыл ойдың қайнар бұлағы болып саналатын тілдің ұлттың рухани жаны екендігін аңғартады. Тіл деп аталатын ұлттың рухани тамырының тереңге жайылуын қалап, қайнар бұлағына иненің жасуындай болса да ластануына жол бергісі келмейтін Елбасының ана тілге деген ланды інінен еріксіз шығаруға қауқары бар тілім.Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі. зор құрметі ел болашағының кемелдене түсуінің кепілі. Бұл сөздерімізде төмендегі жолдармен нақтылайтын болсақ: «Қазіргі Қазақстанда қазақ тілін жаңғырту мәселесі тек қана қазақ халқына қатысты проблема емес. Бұл ретте, тілдің тұтынылу аясынан тысқары тұрған үш түрлі жағдайға ғана тоқталуға болады. Біріншіден, қазақ тілі өзінің барша құдірет-қуатымен әлемдік тіл кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ тілін дамыту дегеніміз жалпы гуманитарлық тұрғыдағы қуатты қаруды шыңдау деген сөз, қоршаған ортаны парықтап-бағалаудың бір құралын жетілдіру деген сөз[1, 63]». ...Екіншіден, қазақ тілі – ұлт болмысының бір көрінісі. Қазақ санасының көз көріп отырған, ойдан шығарылмаған драмаларының бірі – қазақтардың бір бөлігінің ана тілін толық білмейтіндігі. Ана тілін толық білмесе де, ұлттық сана-сезімін сақтай алып отырған мысалдар әлемде кездеседі. ...Үшіншіден, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі болғандықтан, ол еліміздің барлық жерінде қолданылатын тіл болып табылады. Әрине, Қазақстанды қоныс еткен барлық ұлттардың өкілдерінен қазақ тілін ана тілдеріндей меңгеруді талап етудің қисыны жоқ. Бірақ негізгі мемлекеттің тілді бірте-бірте меңгеру де жалпыұлттық кірігу тетіктерінің бірі болса керек[1, 66]», - дегендей Қазақ жерінде тұратын ұлт өкілдеріне де зор құрметпен қарап, олардың мемлекеттік тілді мәжбүрлі түрде емес, демократияланған қатынастың нышанын танытуы елдегі татулық пен ынтымақтастықтың айғағы.
Н. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабы арқылы қазіргі біртұтас Қазақстан жəне Еуразияның барша халықтары үшін де уайым безбенін киетіндігі байқалады. Бұл айтуға себеп, кейбір уақытша қиыншылықтардың ел басында болу шарттылығы, сол шарттылықты мұзжарғыштай өтіп өтуі ел руханиятының қайсарлығын танытады [2]. Кітапта дүниежүзілік даму барысында бірден бір күш ұлттардың бір-бірімен қатынасуында еш қиындықсыз, мәмілелі бәсекеде болуы. Автор кейбір мәйекті мәселелердің ел басында толғақтай туып, елдің саналы сау, бауырының бүтін болып тууына ықпал ететіндігін анықтайды.
Ұлттың салихалы саясатына тұжырым жасауда автордың қызыл сөзбен әсірелеуден гөрі, таптық-идеологияға жол бермей, асыра сілтеп көркемдеуден гөрі елдің нақты жеткен жетістіктері, ізденістері мен іркілістерін сараптауы, қайткен де дамушы елдің қатарынан бой көрсетіп, қазақ елі дегенде басқа жұрттың тамсанып тұруы үшін ой елігінен өткен қорытындыларын жасайды. «Адам қайда жүрсе де, туған бойдан, ана əлдиін ести сала, өзін қазақпын, орыспын, украинмын, грузинмін, өзбекпін деп сезінеді. Адамның ол сезімінің қандай үлкен калибрлі идеологиялық снарядпен атқыласаң да, бəрібір құрта алмайсың» [3, 167] дей келе, автор ұлттық ерекшеліктің қалыпты құбылыс екенін сипаттай келе, ол қасиеттердің қанмен келгенін түсіне отырып, оған толеранттылық танытуымыз керек екендігіне бағыттайды. «...ұлттық-мемлекеттік бірегейлік, тілдік, мəдениеттік жəне аумақтық тұтастық, тіпті, ол аз десеңіз, бір кездегі мемлекеттіліктің, белгілі бір жұрнақтары жұртшылық санасында бұрынғысынша сақталып қалады» [3, 164] демекші ұлттардың арасындағы мызғымас бірліктің болуы ел келешегінің кемел, болашағының жарқын болуының басты көрсеткеші және оның жұртшылық санасында сақталып қалатындығын танытады.
Сөзімді түйіндей келе, қазақ елі – ұлы халық, ата-бабаның асқақ намысымен, адал аналардың ақ сүтімен дарыған қастерлі қасиеттер сіңген халых. Сол халықтың бірден бір единицасы, бірлігінің берекесі – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанға сіңген еңбегі еш уақытта ұмытылмайды. Сана төрімізде алтын әріптермен жазылатын ерен ерлік. «Біздің алдымызда төл тарихымызды қалпына келтіріп, оның жетістігі мен кемшілігін, жеңістері мен жеңілістерін барша шындығымен көрсету міндеті тұр» [3, 32], — деп жазғандай ұлт тарихын қалпына келтіріп, оның ізденістері мен іркілістерін, жоғымызды тауып, уысымыздан ышқынып шыққан жәдігерлерімізді қалпына келтіру, Тәуелсіз Қазақстан тарихының тұғыры биік болуына бар күш-жігерімізді арнау нұр үстіне нұр болмақ.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. – 258 б.

  2. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 294 б.

  1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Атамұра, 199. – 294 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет