Елді мекен жерін аймақтарға бөлу
Кіріспе……………………………………………………………………………3
1. Елді мекен жерін аймақтарға бөлу…………………………………………..4
2. Салық салу мақсатымен жерді кадастрлық аймақтарға бөлу сызбаларын әзірлеу……………………………………………………………...6
3. Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары………………..9
4. Елді мекен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары арқылы жер учаскесінің бағалық құнын анықтау……………………………………...11
5. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері………………………………………………………………..13
Қорытынды……………………………………………………………………...17
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………3
1. Елді мекен жерін аймақтарға бөлу…………………………………………..4
2. Салық салу мақсатымен жерді кадастрлық аймақтарға бөлу сызбаларын әзірлеу……………………………………………………………...6
3. Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары………………..9
4. Елді мекен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары арқылы жер учаскесінің бағалық құнын анықтау……………………………………...11
5. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері………………………………………………………………..13
Қорытынды……………………………………………………………………...17
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………18
Кіріспе Жерді бағалау – пайдаланып жүрген жерлерді олардың құндылығы жөнінен бақылау. Жерді бағалаудың негізгі көрсеткіштері біртұтас жүйені құрайды, онда әрбір көрсеткіш өз белгісіне ие әрі басқалармен қызметтік байланыста болады. Жерді бағалау көрсеткіштері белгілі сапаның 1 га жеріне есептеледі. Бағалау бірлігін бөлу жер бағалық аудандарға бөлу жүйесі және топырақты топқа бөлу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жерді аймақтарға бөлу – жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдалану режимін белгілей отырып айқындау.Жерді аймақтарға бөлудің міндеті: жерді нысаналы мақсатында пайдалануын шектейтін немесе ықпал ететін аумақтардың қасиеттерін анықтау.
Кадастрлық (бағалық) аймақтарға бөлу жұмыстары табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалау негізінде әкімшілік аудан бойынша жасалады.Жерді бағалық аймақтарға бөлу жұмыстары жердің кадастрлық құны негізінде іске асырылады.
Жердің учаскесінің кадастрлық бағалау құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны. Жер кодексіне сәйкес, төлемақының базалык ставкасы – мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уакытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) кұнын айқындауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы. Нақты жер учаскесінің құны жердің санаттарына және олардың нысанына пайдаланылуына байланысты, яғни алқаптардың түрі мен топырақтардың үлгісі бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаника, топырақ-мелиорация және басқа зерттеулердің материалдары негізінде анықталады.Түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекаралары аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекендерде, аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (Астана және Алматы қалаларында) облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органның үсынысы бойынша облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкілді органның шешімімен бекітіледі.
Жер учаскелерінің құнын (жер учаскесін пайдалану құқығын) белгілеуді жергілікті атқарушы органның басшылығымен, азаматтар мен заңды ұйымдардың өтініші бойынша Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитеттің аумақтық органдары немесе өндірістік бөлімшелері жүргізеді. Өтініштер жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитетке жіберіледі.