Елді мекен жерін аймақтарға бөлу
Елдi мекендер жерi мен оның құрамы: қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi.
Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi.
Елдi мекендер жерiнiң құрамына:
1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;
2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымдар, орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдар және жоғары бiлiм беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу мекемелерi, ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер;
3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер;
4) темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi;
7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;
8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлiк жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;
9) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзiндiк қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер;
10) крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер;
11) қорғаныс қажеттерi үшiн берiлген және өзге де пайдалану режимiндегi жер кiруi мүмкiн.
Елді мекен жері басқа жерден қалалық және ауылдық шекарамен бөлінеді.Әр елді мекеннің бас жоспары болады.Республикалық,облыстық маңызы бар қалаларының бас жоспарын үкімет бекітеді,ал одан кіші қалалардың бас жоспарын облыстық атқару органдары бекітеді.
Ірі қалалардың маңында қала жанындағы аймақтар бөлінеді.Олар қала шекарасының сыртында орналасады,және осы қаламен біртұтас аймақтардың экономикалық,табиғи аймақты құрайды.Бұл аймақтарға ауыл шаруашылық өндірісі қарқынды дамыған аймақтарды,жасыл аймақтарды,орман астындағы аймақтарды және қала құрылысын ерекше реттеу аймақтары бөлінеді.
Елді мекен жерін бағалық аймақтарға бөлу мақсатында елді мекен жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны анықталады. Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |