Елді мекен жерін аймақтарға бөлу Кіріспе


Салық салу мақсатымен жерді кадастрлық аймақтарға бөлу сызбаларын әзірлеу



бет3/4
Дата24.04.2023
өлшемі67,4 Kb.
#86286
1   2   3   4
Байланысты:
реферат жер

Салық салу мақсатымен жерді кадастрлық аймақтарға бөлу сызбаларын әзірлеу

 

Кадастрлық аймақтарға бөлу жұмыстары табиғи және әлеуметтік экономикалық жағдайды бағалау негізінде әкімшілік аудан бойынша жасалады.


Аймақты қалыптастыру кезінде негізгі есепке алу бірлігі ретінде кадастрлық квартал алынады.Кадастрлық аймақтарға бөлу жұмыстары 3 кезеңмен жүргізіледі:

  1. дайындық кезеңі;

  2. аймақтарға бөлу жобасын әзірлеу;

  3. аймақтарға бөлу жобасын рәсімдеу,келісіп бекіту.

1.Дайындық жұмыстарына мыналар жатады: картографиялық материалдарды,жерді түгендеу,топырақ және геоботаникалық ізденістердің материалдарын инженерлік желілермен,қондырғылармен қамтамасыз етілуі,олардың орналасуы,сумен қамтамасыз етілуі,жолдардың күйі,қоршаған ортаның күйі жайлы материалдарды жинап талдау.
Картографиялық материал ретінде ауданның кадастрлық картасы алынады,немесе ауданның жобалық негізі жасалынады.Масштаб М 1:100 000,1:200 000.
2.Аймақтарға бөлу жобасын әзірлеу.Кадастрлық аймақтарға бөлу жұмыстары аудан территориясын табиғи және антропогенді факторлардың кешені бойынша салыстырмалы түрде бағалау негізінде жасалынады.
Қолайлы факторлар,яғни жер салығының базалық ставкаларын жоғарылататын коэффициенттер:

  1. жер учаскелерінің қала маңындағы аймақта орналасуы;

  2. көлік және инженерлік желілермен,қондырғылармен жақсы қамтамасыз етілуі;

  3. инфрақұрылымның жағдайы;

  4. өнімді сату нарықтарының қамтамасыз ету базаларының,қызмет көрсету орталықтарының жақындығы.

Салық ставкаларына кері әсерін тигізетін факторлар:

  1. пайдалану шарттары ерекше аймақтар болса немесе санитарлық қорғау аймақтары болса;

  2. экологиялық жағдайдың нашар болуы;

  3. көлік және инженерлік желілермен,қондырғылармен нашар қамтамасыз етілуі немесе мүлдем қамтамасыз етілмеуі;

  4. өнімді сату нарықтарының қамтамасыз ету базаларының,қызмет көрсету орталықтарының алыстығы.

Бірыңғай интегралдық көрсеткішті есептеу: 
K=k1*k2*k3*k4*k5*k6*k7*k8*….*kn,
мұндағы,
k1 – кадастрлық кварталдың орталығының ауданның орталағынан алшақ орналасуына түзету коэффициенті;
k2 – кадастрлық квартал орталығының облыс орталығынан ірі өндірістік орталықтан өнімді сату нарықтарымен қамтамасыз ету базаларынан алшақ орналасуына түзету коэффициенті;
k3 – жол желісінің сапасына түзету коэффициенті;
k4 – ауыл шаруашылық алқаптарының құрылымына түзету коэффициенті;
k5 – жайылымдардың суландырылуына түзету коэффициенті;
k6 – жайылымдардың сапасына түзету коэффициенті;
k7 – кадастрлық кварталдың қала маңындағы аймақта немесе курорт аймағында орналасуына түзету коэффициенті;
k– жерді пайдаланудағы шектеулерге түзету коэффициенті;
kn – басқа да есепке алынбаған шарттарға түзету коэффициенті.
Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу үшін интегралды көрсеткіштерінің ауданы бойынша орташа мәнін есептейді.
Түзету коэффмцментерінің мәндерін кадастрлық кварталдың интегралды көрсеткіштерін ауданның инетегралдық көрсекішіне бөліп анықтайды:
Түзету коэффициенттерінің мәндері бірдей немесе бір-біріне жақын кварталдарын жеке аймақтарға біріктіреді.
Коэффициенттердің интервалдарын 0,1-0,2 деп алады.Бір аймаққа табиғи экономикалық жағдайы бірдей бірнеше кадастрлық квартал кіруі мүмкін.Сонымен қатар аумағы әртүрлі табиғи экономикалық жағдайда орналасқан бір кадастрлық кварталдың территориясын әртүрлі аймақтарға жатқызуға болады,және аймақтың шекаралары жер бетінде анық көрінуі керек,мысалы,жол,өзен,жер бедерінің басқа ба элементтері.
Ауылдық елді мекендердің жерін кадастрлық аймақтарға бөлу.
Халықтың өмір сүруіне жағдайы қолайлы аймақтарға келесі елді мекендер кіреді:


  1. облыстық немесе ірі өндірістік орталықтың қала маңындағы аймағында немесе курорт аймағында орналасқан;

  2. аудан немесе облыс орталықтарына жақын орналасқан жолдардың сапасы жақсы республикалық маңызды автокөлік немесе темір жолдары бар елді мекендер;

  3. сумен,газбен және энергиямен қамтамасыз ету желілері жақсы қамтамасыз етілген;

  4. әлеуметтік және мәдени тұрмыстық қызмет көрсету объектілері бар елді мекендер.

Әр елді мекен бойынша интегралды көрсеткіш есептеледі: 
K=k1*k2*k3*k4*k5*k6*k7*….*kn,
мұндағы,
k– елді мекеннің аудан орталығынан алшақ орналасуына түзету коэффициенті;
k– елді мекеннің облыс орталығынан алыс орналасуына түзету коэффициенті;
k– жолдың сапасына түзету коэффициенті;
k4 – ауылдық елді мекеннің әкімшілік деңгейіне түзету коэффициенті;
k5 – елді мекеннің сумен қамтамасыз етілуіне түзету коэффициенті;
k6 – елді мекеннің коммуналды инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне түзету коэффициенті;
k7 – қала маңындағы немесе курорт аймағына түзету коэффициенті;
k– басқа жағдайларға түзету коэффициенттері. 
3.Жерді кадастрлық аймақтарға бөлу жобасын рәсімдеу,келісіп бекіту.
Жерді кадастрлық аймақтарға бөлудің аудандық сызбасының материалдары,есептеу кестелері бар,қысқаша түсініктеме парағы мен графикалық материалдардан тұрады.
Түсініктеме парағында жерді кадастрлық аймақтарға бөлудің негізгі принциптері көрсетіледі.Табиғи және әлеуметтік экономикалық жағдайларға түзету коэффициенттерінің қолдану қажеттілігі негізделеді,және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерінің есептеу тәртібі келтіріледі.
Графикалық материалда кадастрлық кварталдардың шекаралары нөмірлері мен атаулары,елді мекендер,олардың атаулары мен әкімшілік деңгейі,суарылатын және суарылмайтын егістіктің негізгі массивтерін,азық-ауқаттарының техникалық күйін,жол желісін пайдалану шарттары ерекше аймақтарды және қала маңындағы аймақтарды жобаның басқа да негізгі элементтерін түзету коэффициенттерін көрсетіп салық салу аймақтарының шекараларын көрсетеді.
Жобаның бос жерінде кадастрлық аймақтаудың кестелері келтіріледі.Кестелерде аймақтардың нөмірлері,ұсынылатын түзету коэффициенттері,кадастрлық кварталдар мен осы аймаққа кіретін елді мекендер көрсетіледі.Салық салу мақсатында жерді кадастрлық аймақтарға бөлу материалдарының 3 данасы жасалынады.Біреуі,аудандық жер ресурстарын басқару комитетіне,екіншісі,аудандық салық салу органына,үшіншісі,жобалау ұйымының мұрағатында сақталады. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет