233-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн және сауықтыру мақсатындағы жерлердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін пайдалану режимі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі.
2. Сауықтыру мақсатындағы жерлердің аумағында қолайлы экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды сақтау мақсатында оларды аймақтарға бөлу кезiнде санитариялық-қорғаныш аймақтары белгiленедi.
3. Туристік операторлық және (немесе) туристік агенттік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақта туризмді жүзеге асыруды көздейтін туристік өнімді қалыптастыру және іске асыру кезінде мынадай экологиялық туризм қағидаттарын басшылыққа алуға міндетті:
1) белгілі бір аумақта бір мезгілде болатын туристердің жоспарланған санының осындай аумаққа қатысты белгіленетін рекреациялық жүктемелерге сәйкес келуі;
2) қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеу;
3) қоршаған ортаға неғұрлым аз жағымсыз әсер ететін көлік құралдарын таңдау;
4) тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуін барынша азайту және оларды жинау үшін белгіленген жерлерде орналастыруды не ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан өз бетінше әкетуді қамтамасыз ету;
5) туристерге баратын жерлері туралы хабар беру және ондағы жүріс-тұрыс қағидалары туралы нұсқау беру;
6) баратын аумақтарда және (немесе) олардың маңында тұрақты тұратын адамдарды турларды ұйымдастыруға және жүргізуге және экономикалық пайда алуға тарту.
Топырақтағы химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының санитарлы нормалары.
Достарыңызбен бөлісу: |