Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар



бет18/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
232-бап. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

    1. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердi аймақтарға бөлу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiледi.

      2. Экологиялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету және өнеркәсiптік, көлiктік және өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдай жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға ықпал ететiн, көрсетілген жерлердi пайдаланудың ерекше жағдайларын жасау ескерiле отырып, аймақтар белгiленедi.

      3. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердi басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезiнде олардың шегінде аймақтарды белгiлеу мақсатына үйлеспейтін қызмет түрлерiне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескерiледi.

      4. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерінің және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің химиялық заттармен жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттарында белгіленген деңгейлерден астам ластануы оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезінде қосымша экологиялық өлшемшарт болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейіне жатқызылған жерлер консервациялауға жатады және босалқы жерлер құрамына ауыстырылады


  1. Топырақтағы химиялық заттардың ШРЕК-ін және лимиттеуші көрсеткіштерін белгілеу мақсатымен алты зияндылық көрсеткішке сипаттама беру.

Топырақтың ластануы деп, адам нақты учаскенің топырағымен тікелей жанасқанкезде немесе топырақ-су-адам; топырақ-атмосфералық ауа-адам; топырақ-өсімдік-адам; топырақ-өсімдік - жануар-адам сияқты, экологиялық (қоректік) тізбектер бойынша топырақпен жанасқан орталар арқылы байланысқан кезде, адамның денсаулығына қауіп тудыратын топырақтың құрамындағы химиялық және биологиялық компоненттерінің мөлшерін ғана түсінеді (В.Т.Мазаев, т.б. 2005).

Химиялық ластаушылар топыраққа агрохимикаттарды – минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, топырақтың құрылым түзушілерін, өсімдіктердің өсуін ынталандыратын және тағы басқаларды жоспарлы түрде енгізу нәтижесінде топыраққа түседі. Олардың қауіпті әсері (VIII тарау) қолдану кезінде тиісті агрохимиялық және гигиеналық талаптардың орындалмауынан жиі байқалады.

Минералдық тыңайтқыштар ретінде құрамына өсімдіктердің өсуін тездететін азот, фосфор, калий кіретін заттар пайдаланылады. Топыраққа енгізілген тыңайтқыштарды өсімдіктер пайдаланады, олар жер асты суларымен, жер бетіндегі су ағындарымен бірге ағып кетеді, ауға түсетін ұшқыш қосылыстар түзіп, топырақта ыдырайды. Адам денсаулығына шынайы қауіп тудыратындығына байланысты азот тыңайтқыштарына ерекше көңіл бөлінеді. Оларды артық мөлшерде қолдану топырақта, жер беті және жер асты суларда, өсімдіктерде нитраттар мен нитриттер концентрациясының едәуір жоғарылауына, сондай-ақ нитрозоаминдер түзілуіне әкеп соғады. Өсірілген өсімдіктердің қөректік құндылығы төмендейді, дәмділік сапасы өзгереді. Сумен және азық-түлік өнімдерімен адам ағзасына түскен кезде нитриттердің метгемоглобин түзетін әсеріне байланысты ағзаның улануы мүмкін, ал жоғары концентрацияларында нитраттардың да улы әсері байқалады. Айқын канцерогендік, тератогендік және эмбриотоксиндік әсер ететін нитрозоаминдер аса қауіпті болып табылады


  1. Атмосфераны ластаушы қатты материалдардың бөлшектерінің сулану қасиеті бойынша классификациясы.

Бөлшектердің сумен сулануы дымқыл шаң жинағыштардың тиімділігіне әсер етеді, әсіресе рециркуляциямен жұмыс кезінде. Тегіс бөлшектер беті тегіс емес бөлшектерге қарағанда жақсы ылғалдандырылады, өйткені соңғылары ылғалдануды қиындататын сіңірілген газ қабығымен жабылған.
Ылғалдану сипаты бойынша барлық қатты денелер үш негізгі топқа бөлінеді: 1) гидрофильді материалдар — жақсы суланатын: кальций, кварц, силикаттар мен тотыққан минералдардың көпшілігі, сілтілі металл галогенидтері; 2) гидрофобты материалдар — нашар суланатын: графит, көмір, күкірт; 3) абсолютті гидрофобты материалдар — парафин, тефлон, битумдар.

  1. Экологиялық сараптама түрлері.

экологиялық сараптаманың мынадай түрлерін:

   1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы;

    2) қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуге қойылатын талаптар белгіленеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет