Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер



бет22/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
Сараптама жауаптары

206-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер

      1. Атмосфералық ауаға зиянды антропогендік әсер етудің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының экология заңнамасында адамның қызметін жүзеге асыру кезінде сақтауы үшін міндетті атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар белгіленеді.

      2. Адамдардың өмірі және (немесе) денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіптілік дәрежесі ғылыми тұрғыдан анықталмаған заттарды атмосфералық ауаға шығаруға тыйым салынады.

   3. Жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында атмосфералық ауа сапасының белгіленген экологиялық нормативтері сақталмайтын жағдайларда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің нормативтік құқықтық актілерінде осындай аумақтарда атмосфералық ауаны қорғау саласында арнайы экологиялық талаптар енгізуді көздеуге құқылы



  1. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және қалдықтарын орналастыру нормативтері.

1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен эмиссиялардың әрбір стационарлық көзі және тұтастай кәсіпорын үшін есептеулер негізінде белгіленетін эмиссиялар шамалары болып табылады. 

2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру кезінде шығарындылардың станционарлық және жылжымалы көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерін, техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Белгіленген ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерінің, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтерінің қолданылу мерзімі І, ІІ, және ІІІ санаттардағы объектілері үшін – табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес, бірақ күнтізбелік он жылдан аспайтын мерзімге, ІV санаттағы объектілер үшін табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес немесе егер өтінімде сұралып отырған мерзім көрсетілмесе мерзімсіз кезеңге белгіленеді. 



  1. Топырақ сапасының экологиялық нормативтері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет