Елдігіміздің белгісі №12 (193), маусым, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата30.01.2017
өлшемі6,64 Mb.
#3028
1   2   3   4   5

Самал ТУЛЕУБАЕВА,

зав. кафедрой 

востоковедения

каждый ученик дополнительно 

выбирает секцию, в рамках 

которой он мог бы развивать 

свои навыки и увлечения – 

боевые искусства, различные 

виды спорта, музыку, рисование 

и др.


Сам господин Хирофуми 

Таката для поддержания 

необходимой физической 

формы ежедневно занимается 

с мечом по полчаса. Гость 

также отметил, что меч имеет 

свою энергетику и требует 

очень бережного отношения: 

его нужно помещать на 

специальную поставку на 

возвышении. 

Меч занимал важное место 

и в казахской культуре. В 

этой связи можно провести 

параллели между двумя 

народами, которые, по версии 

многих ученых, имеют общее, 

алтайское, происхождение на 

ранних этапах своей истории.

В культуре, верованиях 



2015 жылы 5 маусымда Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде Халықаралық 

қатынастар факультеті шығыстану 

кафедрасының жанынан «Арабтану» 

кабинеті ашылды. 

Кабинеттің ашылу салтанатына 

Египет, Катар, Кувейт, Оман, Палестина, 

Иордания, Сауд Аравия, Ливия, Ливан, 

«Арабтану» 

кабинеті ашылды

Ирак елдерінің дипломатиялық миссия 

өкілдері және Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің ректоры 

Ерлан Сыдықов, Халықаралық қатынастар 

факультетінің деканы Б.Сомжүрек, 

сондай-ақ, профессор-оқытушылар, 

магистранттар мен шығыстану 

кафедрасының студенттері қатысты.

Елбасы негізін қалаған еліміздің 

ең жоғары оқу орнынан «Арабтану» 

кабинетінің ашылуы – жоғарыда аталған 

елдердің елшіліктеріне қолдау көрсетумен 

қатар білім мен мәдениет және ғылым 

саласында қазақ-араб қатынасын одан әрі 

дамытуға үлес қосу болып табылады.

Кабинеттің лента қию рәсімін 

Еуразия ұлттық университетінің 

ректоры Ерлан Бәтташұлы мен Араб 

дипломатиялық корпусының дуайені 

Қазақстан Республикасындағы Палестина 

мемлекетінің Төтенше және Өкілетті 

елшісі  Хуссейн Әбу әл Ола мырза 

орындап, құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында университет 

ректоры ғылым, білім және мәдениет 

салаларындағы халықаралық 

ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі 

үшін Палестина мемлекетінің Төтенше 

және Өкілетті елшісі Хуссейн Әбу әл-

Ола мырзаға Лев Гумилев медалін табыс 

етті. Сонымен қатар проректорлар 

Еркін Оңғарбаев, Дихан Қамзабекұлы, 

Марат Сырлыбаев ғылым, білім және 

мәдениет салаларындағы халықаралық 

ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі 

үшін бірқатар елшілер мен дипломаттарға 

Алғыс хат табыстады.

«Арабтану» кабинетінің ашылу 

салтанаты  аясында білім алушы 

студенттер дайындаған концерттік 

бағдарлама ұсынылды. Үшініші курс 

студенті Томирис Тастанбекова араб 

поэзиясының әмірі Ахмед Шауқидың, 

төртінші курс студенті Бибінұр Әшенова 

Абу Нуаастың өлеңін мәнерлеп оқыды. 

Сондай-ақ, төртініші курс студенті Мөлдір 

Ктанова араб тілінде романтикалық ән 

салып, жиналған жұртшылыққа әдемі 

көңіл-күй сыйлады.


12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 12 (193), 

маусым, 2015 жыл

Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

ДИРЕКТОР – 

БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Жүніс  ОМАР

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ИП"Старков С.А." 

баспаханасында басылды.

Таралымы -1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, 

Қазақстан Республикасының 

Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс №2104

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2-үй, 

347 бөлме. Тел: 709500, 31325 (ішкі байланыс)

Shauenova_ga@enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

Білімді ақпараттандырудың 

ауқымы кең

МЕРЕЙТОЙ

ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақпараттық технологиялар факуль-

тетін де бастау алған Халықаралық жазғы 

ғылыми мектеп аясында информатика 

кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент 

Альжанов Айтуған Қайржанұлының 50 

жылдық мерейтойына орай  «Білімді 

ақпараттандыру» атты халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция 

өтті.


Қазіргі заманда білімді ақпараттандыру 

аса кең ауқымда таралған мәселелердің 

бірі, бұл –  оқыту мен тәрбиелеу 

ісінің психологиялық-педагогикалық 

мақсаттарын жүзеге  асыру бағытында 

білім беру саласын қазіргі кездегі жаңа 

ақпараттық технологияларды пайдалануды 

қамтамасыз ету үрдісі жайлы конференция 

барысында  ғылыми және тәжірибелік 

тұрғыдан жан-жақты қарастырылды.

Информатика кафедрасының ұйымдас-

тыруымен өткізілген конференцияның 

ашылу салтанаты ақпараттық 

технологиялар факультетінің деканы п.ғ.д., 

профессор Нұрбекова Ж.Қ. университет 

ректоры  т.ғ.д., профессор Сыдықов Е.Б. 

арнайы жіберген алғыс хатын оқып, 

құттықтаудан басталды. Конференцияға 

отандық және шетелдік ғалымдар, 

жоғары оқу орындарының оқытушылары, 

студенттері, магистранттары, 

докторанттары және мектеп мұғалімдері, 

ҚАЛЫҢ ОЙДЫ

ҚАЛЫҢ ШАШТАЙ 

ТАРАЙМЫН

Қалың ойды қалың шаштай 

                                             тараймын,

күдiктердi қара түнге қамаймын.

Санадағы жалғыз түйiр үмiттi,

                    қайта-қайта санаймын.

Таң атады күлiмдей,

Күн батады бiлiнбей.

Шимай-шимай қағаздарды 

                                           лақтырдым,

Жанып-жанып бiткен ойдың 

                                                күлiндей.

Жанып бiткен.

Қалар емес сонда да.

Ақ қаламым жүгiретiн қолбала.

Қара түндi қағаздайын умаждап,

Отыратын мен ғана.

қазақстандық және шетелдік баспалардың 

өкілдері қатысты.

Пленарлық отырысқа  Ж.Баласағұн 

атындағы Қырғыз ұлттық университетінің 

жоғары мектеп педагогикасы 

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., 

профессор Раимкулова А.С., аға оқытушы 

Туратбекқызы Жазгүл, 

Испания 


елінің өкілі Наварра университетінің 

профессоры 

Alfredo Pina онлайн 

режимінде, қазақ-түрік лицейінің 

информатика пәнінің оқытушысы Исмаил 

Гесена,  университетіміздің профессор-

ғалымдары, ақпараттық технологиялар 

факультетінің кафедра меңгерушілері мен 

профессор-оқытушылар құрамы қатысып, 

ізгі тілектерін білдірді.

Конференция Қазақстандық білім беру 

жүйесінің негізгі құндылық бағдарлары, 

ЖОО және мектепте білім беру 

мазмұнының өзекті сұрақтарын жүзеге 

асыру  бағыттарында,  «Білім беруді 

ақпараттандыру және оқыту мәселелері», 

«Ақпараттық технологияларды 

бағыттар бойынша бөлу мәселелері», 

«Математикадағы қолданбалы пакеттер» 

атты секциялар жұмыс жасады. Жалпы 

конференцияға  200-ге жуық мақала 

түсіп,  барлық қатысушыларға «Білімді 

ақпараттандыру» атты   халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік онлайн-

конференцияға белсенді қатысып, білім 

мен ғылымды дамытуда қосқан айрықша 

жеке үлесі үшін сертификат, диплом, алғыс 

хаттармен марапатталды. Конференция 

жұмысының барысында мақалалар 

жинағының диск түріндегі электрондық 

нұсқасы таратылды.

Жалпы аталмыш шара жоғары деңгейде 

өтіп, шетелден келген қонақтар мен барлық 

қатысушылардың көңілінен шықты.



Ж.А. БЕККОЖИНА,

Н.А. РАХЫМБЕКОВА, 

З.А. КУТПАНОВА

Қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлға, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, махамбеттанушы, поэзия 

айдынының киелі Маңғыстаудан ұшқан аққуы - Оңайгүл Тұржанова биыл мерейлі мерекесін өткізіп отыр. 

Оңайгүл Тұржанова - поэзия патшайымы, біртуар талант Фариза Оңғарсынованың, қазақтың Фаризасының 

бірден-бір ізбасары. Ұлттық әдебиетімізге өзіне ғана тән айшықты, рухты жырларымен орасан зор үлес қосып 

жүрген ақын, республикалық әдеби-көркем «Тұмар» журналының Бас редакторы. 

Қазақ поэзиясы  әлемінде өзінің жауһар жырларымен көпшілікті елең еткізген Оңайгүл шығармашылығының 

алтын қазығы болып табылатын "Самал", "Шерқала", "Теңіздер де шөлдейді","Жырдала" атты жыр 

жинақтары көпшіліктің кітаптарына айналды.

КИІКТЕР


Бойына қара зер түн киіп,

Ақ нөсер...ақ нөсер құйып тұр!

Далаға сыймаған мың киік,

Бір ауыз өлеңге сыйып тұр.

Көңілде қалатын жатталып,

Киіктер сезімнен аумайды.

Сәлден соң даланы бетке алып,

Өлеңнен шашыла заулайды.

Мерген жоқ сұқ көзі қадалар,

Шұбалған ақ шаңы – би сынды.

Домбыра шанағын паналар,

Тұяқтар дүбірі – күй сынды.

Зауласын! Желпісін самал леп!

Шарласын туған жер айлағын.

Киіктер сүрініп қалар деп,

Өлеңге нүкте де қоймадым

Ен-таңба салмай күндерге,

Өтетiн уақыт өктем-ақ.

Соғыстар жүрген бұл жерде,

Шинелiн оқпен көктеп ап.

Маңдайдан ащы ағып тер,

Ұмыт та қалып аялы үн.

Бұл жерде жазған танктер,

Соғыстың өмiрбаянын.

Қабырғасы елдiң кетiле,

Оққа ұшып жатса арыстар,

Таласып газет бетiне,

Суретке түстi соғыстар.

Көк майса шөбiн отап бар,

Жаншылып жатты өлiп қыр.

Бос қалған сорлы окоптар,

Солдатын өзi көмiп бiр.

Оқтары шашып өлi дем,

Тапап бiр суыт жүрiспен,

Даланың бейбiт көлiнен,

Соғыстар келiп су iшкен.

Шошына көре жұртыңды әр,

Жазылған үкiм-кесiмдей.

Бомбадан қалған шұңқырлар,

Соғыстың көп нүктесiндей.

Шырқалар Жеңiс жыры әлi,

Жүрекке ғажап күй тұна.

Бiр отар танк тұр әнi,

Танктер қалың ұйқыда.

Шуағын жайып жеңiс күн,

Жетсе де бiзге көктем боп.

Сұрапыл сол бiр соғыстың,

Сиясы әлi кепкен жоқ.

Нарын құм бұрқырап,

Дүниенi үптердей,

Өзiн-өзi жүн етiп түткендей.

Кейде құйын боп түрегеледi,

Махамбеттен бiр хабар күткендей.

Тарамыс бұталарының,

Саусақтары сақ-сақ күлгендей.

Сол күлкiсiмен жiгерсiздiктi 

                                                 бүргендей.

Осы құмды бiр-бiрiне қосып, 

                                                    көбейтiп,

Кейде желге ұшырып, азайтып,

Дала есеп шығарып жүргендей.

Дала ненi есептейдi?

Оны ешкiмге айтқан емес.

Ал құмдары 

айтқанынан қайтқан емес.

Көшем десе, көшедi,

Таудай боп өсем десе, өседi.

Жарты әлемдi ап жатам десе, жатады.

Кейде таулардан зор, 

Бұл құмдардың атағы.

Құм арқалаған ана қыр,

Қазаққа пана-дүр.

Бабаның батихасымен,

Құмдардың математикасымен,

Өрiлген дала бұл.

Мәрттiктiң ұясы,

Аптапқа да кеппей жатқан 

қанды жорықтың сиясы.

Бұл дала – қуаныш пен қайғының

Географиясы.

Тарихымның қапиясын,

Көзiмен көрген от-ұясын. 

Ауыр денемен жеп-жеңiл көшiп 

                                                       жүретiн,

Түсiнбейдi ешкiм 

бұл құмның философиясын.

ШИНЕЛІН ОҚПЕН 

КӨКТЕП АП...

ҚҰМ ФИЛОСОФИЯСЫ

«

Қалың ойды қалың шаштай тараймын...



»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет