Әлдихан Қалдыбаев Бауыржан деген бала бар



бет5/17
Дата12.04.2022
өлшемі83,07 Kb.
#30833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Бауыржан деген бала бар 3-4

НЕ ІСТЕСЕ БОЛАР


Қағаз қалдықтарын жинауға үшінші сынып оқушыларының көзқарасы əртүрлі. Біреулер бар:

– Бұл жаман қағаз неге керек? – деп мұрын көтереді. Енді біреулер:

– Қайтеміз, жинау керек екен, жинаймыз да, – деп бас салбыратады.

Бауыржан үшін бұл – бір қуанышты оқиға. «Қағаз қалдықтарын жинау керек» деген хабар естілісімен, екі білегін сыбанып шыға келеді.

Міне, бұл жолы да осылай болды. Бауыржан балаларды жинап:

– Ал балалар, бізге қағаз қалдықтарын жинауға команда берілді. Тездетіп іске кірісейік, – деді.

– Ура! Қағаз қалдықтарын жинаймыз.

– Несі бар, жоспарды орындаймыз. Бəріміз жабылып жинаймыз, қатырамыз.

Бірақ бес саусақ бірдей емес.

– Жабылсаңдар, жабылыңдар. Біздің үйде ескі газет-журнал толып жатыр. Мен өзім соны əкелемін, – деп қиқайды Талғат.

– Біздің үйде де жетеді! – деп қостай кетті оны Шоқан. Бауыржанға бұл сөздер мүлде ұнаған жоқ. Əркім өзді-өз үйінен газет-журнал көтеріп əкелетін болса, оның несі қызық?

– Жоқ, бұл болмайды. Бəріміз бірігіп шығамыз, үй-үйді аралап, кеңселерге кіріп жинаймыз.

– Сол да сөз екен! Сен біздің əрқайсымыздың қанша килограмнан қағаз өткізетінімізді айт, біз Шоқан екеуіміз сонша əкеліп береміз.

– Иə, сөйтеміз.

– Не, сонда сендер бөлектенбексіңдер ме?

– Неге? Өз үлесімізді қоссақ, жетпей ме?

– Артығымен қосамыз. Жетеді.

– Жетпейді. Біліп қойыңдар, сендер əкелген қағаздарыңды бізбен бірге өткізбейсіңдер.

– Мейлі. Өзіміз-ақ өткіземіз.

Талғат пен Шоқан өстіп, балалардан бөлініп қалды. Бауыржан бастаған балалар мектептің жанындағы Жамбыл құрылысы тресіне келді де, ұзыннан-ұзақ дəліздің екі қапталындағы қаптап тұрған есіктерді шетінен ашып, қағаз сұрай бастады. Бұлар қай есікті ашпасын, отырғандар қуана қарсы алады:

– О, о, балалар келіп қалды. Қағаз қалдығы ма? Бар, бар.

– Келіңдер, келіңдер, балалар. Білеміз, сендер жылда осындай кезде қағаз қалдығын жинайсыңдар. Дайындап қойғанбыз, – десіп буда-буда қағаз ұсынды.

Үлкендер де, балалар да көңілді. Кəдімгі бір мереке сияқты. Балалардың əкелген ыдыстары, қойны-қонышы қағазға толды да кетті. Соның бəрін тасып əкеліп, таразыға салғанда, жоспар анағұрлым артығымен орындалған болып шықты.

Қағаз қалдықтарын қабылдап тұрған оныншы сынып оқушысы Айгүл Берікбаева бұлардың өткізген қағазын дəптерге тіркеді де:

Жарайсыңдар, балалар! Сендер бірінші болып өткізіп біттіңдер. Бұларыңды енді қабырға газетіне жазамыз, – деді.

Балалар қол шапалақтап жіберді. Осы сəт қолдарында бір-бір себет газет-журнал Талғат пен Шоқан келе қалды.

– Мына балалар да сендердің сыныптарыңда ма еді? – деді Айгүл.

– Иə, біздің сыныпта оқиды.

– Онда əкеліңдер қағаздарыңды, таразыға қойыңдар.

– Бізге олардың қағазының қажеті жоқ, қоспаймыз. Өздері өткізе берсін.

– Неге?

– Олар бізбен бірікпей қойған. Қағазды өз үйлерінен барып əкелді.

Сендер қосқызбасаңдар, бұлардың қағазын мен де қабылдамаймын. Мұны қай сынып өткізді деп жазбақпын?

– Апыр-ау, бұларға керегі не, қағаз қалдықтары емес пе еді? Не деп тұр өздері?

Бауыржан бастаған балалар мəз-мейрам болып сыныпқа беттеп бара жатыр.

– Енді қайттік? – деді Талғат.

– Білмеймін. Құрысын, бұдан былай не көрсек те, сыныппен бірге көрейікші, – деді Шоқан.

– Шынында, мұнымыз ұят болды.

– Ұятың не, масқара?

Мына қағазды қайттік, ал?

– Қайдам?

Талғат пен Шоқан не істерін білмей дал болып тұр. Не істесе болар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет