Әлдихан Қалдыбаев Бауыржан деген бала бар



бет8/17
Дата12.04.2022
өлшемі83,07 Kb.
#30833
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

ƏНШІ


Бауыржан əнге бейім екенін күтпеген жерден байқатты. Алдыңғы күні Бауыржан, Раушан, Лəйлə үшеуі ерекше ұзақ ойнады. Сабақ жайына қалған.

– Бауыржан, ойынды қой, сабағынды оқы, – деді апасы оған.

– І-і, – деді Бауыржан жақтырмай. Апасы ұрыспақ болған.

Бауыржан өз қатесін түсіне қойды. Дереу «і-і»-сін созып, «Анаға сəлем» əніне айналдырып жіберіп, ыңылдап барып, жазу үстеліне отырды.

Апасы не десін енді, қайта Бауыржанның мына тапқырлығына жымиып қойды. Кеше кешкілік Бауыржан кітап оқып отырған.

– Бауыржан, теледидарды қоса салшы, – деді əкесі.

– І-і, – деді Бауыржан кітаптан бас алғысы келмей. Əкесі Бауыржанға алакөзімен ата қараған.

Бауыржан кешегіден тəжірибе алып қалған «і-і»-сін созып кеп жіберіп еді, «Əкеме» əні болып шыға келді. Бауыржан енді жалма-жан «Əкемені» ыңылдап барып, теледидарды токқа жалғады.

Əкесі енді болмаса ашу шақырып келе жатыр еді, шарасыз болып қалды. Бауыржанның аяқастынан таба қойған мына амалына разы болып, теледидарға ден қойды.

Бағана Бауыржан мектептен келген беті есіктен ішке енді ене берген.

– Бауыржан, жүгір, дүкен жабылып қалар, нан əкеле ғой, – дегені əжесі оған.

– І-і, – деді Бауыржан ат-тонын ала қашып.

Əжесі реніш білдірмек болып, оқтала берген Бауыржан машықтанып алған «і-і»-сін созып ыңылдап, «Əже туралы əнге» басты.

Əжесінің жүзіне мейірім үйірілді. Немересінің өзіне əн арнағанына ағынан жарыла қуанып, Бауыржанға себет, тиын ұстата берді.

Міне, өстіп, Бауыржан бас-аяғы екі-үш күн ішінде небір қиын əнді білетінін байқатып отыр. Бауыржанды осылай жұмсай берсе, ол əншілігін дамыта түсетін түрі бар. Сөйтіп жүріп, үлкен əнші болып кетпесе не қылсын?

Несі бар, əндеткен жақсы. Шын пейілімен айтса екен, əйтеуір.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет