Электр энергетикадағы өтпелі процесстер Негізгі түсініктер және анықтамалар


Дәріс. Бейтарабы оқшауланған жүйелердегі өтпелі процестер



бет10/21
Дата01.02.2023
өлшемі490,64 Kb.
#64273
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
6 Дәріс. Бейтарабы оқшауланған жүйелердегі өтпелі процестер
Дәрістің мазмұны: бейтарабы оқшаулаған жүйелердегі бір фазаның жерге тұйықталуы, жерге тұйықталудың сыйымдылықты тогын компенсациялау.
Дәрістің мақсаты: бейтарабы оқшаулаған жүйелердегі бір фазаның жерге тұйықталуын есептеу әдістерін және жерге тұйықталудың сыйымдылықты тогын компенсациялау әдістерін оқып үйрену.
Бейтарабы оқшаулаған 6-35 кВ электр желілері тарату тораптарын құрайды және осы тораптар арқылы тұтынушылардың көп бөлігі электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Жоғары кернеулі тораптармен салыстырғанда тарату тораптарының сенімділігі едәуір төмен болады. Олардың үлесіне барлық үзілістердің 70-80% кіреді.
6.1 Бейтарабы оқшаулаған жүйедегі бір фазаның жерге тұйықталуы
Бір фазаның жерге тұйықталуы кезінде ток тораптың тек қана сыйымдылықты кедергісімен анықталады. Тораптың элементтерінің сыйымдылықты кедергісі олардың активті және индуктивті кедергілерінен әлдеқайда көп болады. Сол себепті токты анықтау кезінде соңғыларын ескермеуге болады.
А фазасы жерге тұйықталған қарапайым үш фазалы жүйені қарастырамыз (6.1 сурет):

6.1 сурет
В және С фазаларының токтары төмендегідей анықталады (6.1,б сурет):
,
.
 және  токтарын, САВС және UА= UB= UC=UФ ескере отырып анықтаймыз:
.
Жердегі ток, IB және IC токтарының геометриялық қосындысынан табылады: 
.
Практикалық есептеулерде жерге тұйықталу тогын жуық шамалап бағамдауға келесі формула қолданылады:

мұнда,  - фазаның орташа номинал сатылық кернеуі;
N – коэффициент, әуе желілері үшін 350 тең, ал кабелдік желілер үшін – 10;
L  – тұйықталу нүктесімен электрлік байланысқан әуе желілерімен кабелдік желілердің жалпы ұзындығы, км.

Бұл, жерге тұйықталу тогының мөлшері тұйықталу нүктесінен тәуелсіз екенін және желілердің жалпы ұзындығымен анықталатынын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет