Электр энергетикадағы өтпелі процесстер Негізгі түсініктер және анықтамалар


- автоматты резервті (ABP) енгізу жүйелерінің параметрлері анықталады



бет17/21
Дата01.02.2023
өлшемі490,64 Kb.
#64273
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Электр энергетикада ы тпелі процесстер Негізгі т сініктер ж не

- автоматты резервті (ABP) енгізу жүйелерінің параметрлері анықталады.
Есептеулер, әдетте, сызықтық емес және маңызды динамикалық сипаттамаларды ескере отырып жүргізіледі.
Қарапайым жүйенің статикалық орнықтылығы
Дәріс мазмұны: генератордың қуат сипаттамасы, жүйенің статикалық орнықтылық белгісі.
Дәріс мақсаты: генератордың қуат теңдеуін шығару, кішігірім ауытқулары бар қарапайым жүйенің жұмыс режимдерін қарастыру.
Қарапайым жүйе деп бір электр станциясы (эквиваленттік генератор), кернеуі өзгермейтін шинамен (энергетика жүйесімен) станциядан жүйеге қуатты беретін трансформаторлар мен желілер арқылы қосылған жүйе аталады (10.1 суретті қараңыз).
Жүйедегі электр станцияларының жалпы қуаттылығы қарастырылып отырған станцияның қуатынан көптеген есе артық деп қабылданады. Бұл жүйелік шиналардағы кернеуді, оның жұмысының кез-келген режимінде, өзгеріссіз (U = const) қалады деп қарастыруға мүмкіндік береді.



10.1 сурет
10.2 суретте осы қарапайым жүйенің алмастыру сұлбасы салынған, онда активті кедергілер мен сыйымдылықтар жоқ және тізбек элементтері тек олардың индуктивті кедергісімен көрсетілген.


10.2 сурет


Генератордың, трансформаторлардың және желілердің индуктивті кедергілерінің қосындысы жүйенің жалпы индуктивті кедергісін береді:
Хс = Хг + Хт1 + 0,5Хл + Хт2 
Мұнда және бұдан әрі генератордың индуктивті кедергісі оның өтпелі кедергісі деп түсіну керек.

10.3 суретте қарастырып отырған жүйенің қалыпты режимінің векторлық диаграммасы келтірілген.





10.3 сурет

Диаграммадағы OA = E sinδ және BC = Ia Xc кесінділерінің теңдігіне байланысты келесі теңдеу шығады:





мұнда, Iа – активті ток;
δ – генератодың ЭҚК векторының қабылдау жүйесінің кернеу векторынан ығысу бұрышы.
Теңдіктің екі жағын U / Xc-ке көбейте отырып, біз мыналарды аламыз:
,
немесе
(10.1)

мұндағы,
Р – генератордың жүйеге беретін активті қуаты;



  • - генератордың өтпелі ЭҚК.

Тәуелділік (10.1) синусоидалды сипатқа ие және генератордың қуат сипаттамасы деп аталады.


δ бұрышының ұлғайуымен қуат P алдымен артады, бірақ максималды мәніне жеткеннен кейін ол төмендей бастайды (10.4 суретті қараңыз).



10.4 сурет
Генератордың ЭҚК және қабылдағыштың кернеуінің нақты мәндері үшін белгілі бір максималды берілетін қуат бар:


, (10.2)

Бұл қуат қарастырылып отырған қарапайым электр жүйесінің идеалды қуат шегі деп аталады.


Турбина мен генератордың қуаттарының арасындағы тепе-теңдік, қуат мәндері Pm-нен аз болғанда ғана жүзеге асырылады. Ал осы кездегі турбинаның қуатына Р0 генератордың қуат сипаттамасындағы екі мүмкін тепе-теңдік нүктесі сәйкес келеді: δ бұрышының екі мәні δа және δb (10.4 суретті қараңыз).
Алайда, іс жүзінде электр энергиясын берудің орнықты режимі δа бұрышында ғана мүмкін болады. Сипаттаманың құлдырау бөлігіндегі δb нүктесіндегі режим орнықсыз және ұзақ уақыт орын алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет