Электр энергетикадағы өтпелі процесстер Негізгі түсініктер және анықтамалар


Электр жүйелерінің орнықтылығын есептеудің міндеттері



бет16/21
Дата01.02.2023
өлшемі490,64 Kb.
#64273
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Электр энергетикада ы тпелі процесстер Негізгі т сініктер ж не

9.3 Электр жүйелерінің орнықтылығын есептеудің міндеттері
Статикалық орнықтылықты талдау кезінде жобалау және пайдалану ұйымдарында шешілетін бірқатар мәселелер туындайды:

1. Шекті режимдердің параметрлерін есептеу (электр жүйелері бойымен берілетін шекті қуат, жүктемені қоректендіретін жүйенің буын нүктелерінің критикалық кернеуі және т.б.).


2. Қор коэффициенттерінің шамаларын анықтау. Кернеу мен қуат бойыша қор коэффициенттерімен бірге, қоздыруды автоматты реттеу (АРВ) параметрлерін баптау бойынша қор коэффициенттерін есептеуге болады:

мұнда, және статикалық орнықтылықтың шекарасына сәйкес келетін баптау параметрлерінің максималды және минималды мәндері.

3. Энергетикалық жүйелердің статикалық орнықтылығын арттыру немесе берілген өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ету шараларын таңдау.


4. Жүйелердің орнықтылығын арттыруға бағытталған талаптарды әзірлеу. Кернеудің қажетті дәлдігін қамтамасыз ету үшін қоздыруды автоматты реттеу (АРВ) бабы таңдалады.
Бұл мәселелерді шешу, жүйенің өзін-өзі тербету мүмкіндігінің туындауын ескере отырып жүзеге асырылады.


Динамикалық орнықтылықты талдаудың міндеттері жүйенің бір тұрақты күйден екінші күйге ауысуымен байланысты.
Бұл келесі міндеттер:
а) электр жүйесінің жүктелген элементтерін эксплуатациялық немесе апаттық түрде өшіру кезіндегі динамикалық ауысу параметрлерін есептеу;
б) әр түрлі факторларды ескере отырып, жүйеде қысқа тұйықталу кезіндегі динамикалық ауысулардың параметрлерін анықтау:
- бір симметриялық емес қысқа тұйықталудың екіншісіне ауысуы (мысалы, бір фазалыдан екі фазаға);
- қысқа тұйықталудан кейін ажыратылған элементті автоматты түрде қайтадан қосудың жұмысы және т.б.
Динамикалық орнықтылықты есептеу нәтижелері:
- жүйенің ең қауіпті нүктелерінде ҚТ-дың есептік түрін сөндірудің шекті уақыты анықталады;
- электр жүйесінің әр түрлі элементтеріне орнатылған автоматты қайталап қосу (АПВ) жүйелерінің кідірістері анықталады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет