3 дәріс. Симметриялық желідегі үш фазалы қысқа тұйықталу Дәрістің мазмұны: үшфазалы қысқа тұйықталудың соққы тогын және периодты құраушысын есептеу.
Дәрістің мақсаты: симметриялық желідегі үш фазалы қысқа тұйықталуды есептеу.
Егер үш фазалы желі симметриялы болса, онда фазалық кедергілері өзара тең болады, бір нүктедегі үш фазаның тұйықталуы (3.1 Суретті қара) олардың кедергілерінің азаюына әкеледі, бірақ тоқтар мен кернеулердің симметриясы сақталады. Жүктеме режімімен салыстырғанда желідегі ток өседі де, ал кернеу төмендейді.
Токпен кернеу арасындағы ығысу бұрышы φ, сұлбадағы активті кедергілерді ескермеудің нәтижесінде, заңды түрде ұлғаяды да, тізбекте таза индуктивті кедергі болған кезде 900 - қа жетеді.
Сурет 3.1
Қысқа тұйықталудың туындау мезетінен бастап зақымдалу тогын екі құрамдас бөліктен тұратынын көруге болады: апериодты еркін ток – қысқа тұйықталу тогының апериодты құрамдасы, периодты еріксіз ток – генератордың ЭҚК тудыратын, қысқа тұйықталу тогының периодты құрамдасы.
Қысқа тұйықталудың бастапқы мезетінде периодты құрамдастың мәні генератордың ЭҚК-нен, оның ішкі кедергісінен және сыртқы тізбектің кедергісінен тәуелді.
Апериодты құрамдастың сөну жылдамдығы ҚТ тізбегінің активті және индуктивті кедергілерінің өзара қатынасынан тәуелді: тізбектің активті кедергісі көп болса, апериодты құрамдастың сөнуі жылдамдайды.
3.1 Үшфазалы қысқа тұйықталу тогының периодты құрамдасының бастапқы мәнін есептеу Үш фазалы қысқа тұйықталуды сипаттайтын шарттар бойынша – сұлба симметриялы, қысқа тұйықталу нүктесінде фазалық және фаза аралық кернеулер нөлге тең:
Uk,АВ = Uk, ВС = Uk,СА= 0,
Uk,А = Uk, В = Uk,С= 0.
Осы кезде, генератор қосылған жермен қысқа тұйықталу нүктесі аралығындағы қысқа тұйықталу тізбегінің потенциалдар айырмасы осы генератордың ЭҚК-не тең болады.
Периодты құрамдастың бастапқы әсерлі мәнін Ом заңы бойынша анықтауға болады.
(3.1)
мұндағы, I"(3) - үш фазалы ҚТ-дың жоғарғы өтпелі тогы;
Е" – генератордың фаза аралық жоғарғы өтпелі ЭҚК-і;
- ҚТ тізбегіндегі қорытынды кедергі;
Х" – генератордың жоғарғы өтпелі индуктивті кедергісі;
Хвш, Rвш - генератордың шықпасынан ҚТ нүктесіне дейінгі сыртқы тізбектің индуктивті және активті кедергілері.
Активті кедергі ескерілмегенде (3.1) - ден келесі өрнекті аламыз:
, (3.2)
мұнда, ХΣ= Х" + Хвш - ҚТ тізбегіндегі қорытынды индуктивті кедергі;
ҚТ энергетика жүйесінен қоректенген кезде периодты құрамдасты есептеуге келесі өрнек қолданылады:
, (3.3)
мұндағы, Uср - энергетика жүйесінің шинасындағы кернеу;
- ҚТ тізбегіндегі қорытынды кедергі;
Хс - есептік сұлбадағы қосылу нүктесіне байланысты жүйенің қорытынды индуктивті кедергісі;
Хвш, Rвш - жүйенің қосылу нүктесінен ҚТ нүктесіне дейінгі тізбектің индуктивті және активті кедергісі.
Активті кедергі ескерілмегенде периодты ток анықталады:
(3.4)
мұнда, ХΣ – ҚТ тізбегіндегі қорытынды индуктивті кедергі.
Қысқа тұйықталу тогын біле отырып, берілген ҚТ нүктесінде базистік кернеу арқылы қысқа тұйықталу қуатын анықтауға болады.