2 дәріс. Қысқа тұйықталу тогынесептеудің жалпы нұсқауы Дәріс мазмұны: қысқа тұйықталу токтарын есептеу кезіндегі рұқсаттамалар, алмастыру сұлбасын құру және оның параметрлерін есептеу. Салыстырмалы бірліктер жүйесі.
Дәрістің мақсаты: электрлік жүйелердің негізгі элементтерінің алмастыру сұлбаларымен және олардың параметрлерімен танысу. Салыстырмалы бірліктер жүйесін оқып үйрену.
2.1 Есептеу кезінде қабылданатын негізгі рұқсаттамалар Күрделі электрлік жүйеде барлық әсер ететін факторларды ескере отырып, өтпелі процессті есептеу өте қиын және көп еңбекті қажет етеді. Оны жеңілдету үшін бірқатар рұқсаттамалар берілуі қажет. Бірақ, бір есеп үшін қолданылған рұқсаттамалар екінші есепке жарамсыз болуы мүмкін. Сондықтан практикалық есептердің көпшілігінде пайдаланылатын рұқсаттамалар төменде көрсетілген:
1) Үш фазалы жүйенің симметриясының сақталуы (ол тек қана ақау болған жерде ғана сақталмайды).
2) Трансформатор мен автотрансформатордың магниттелу токтары ескерілмейді.
3) Магниттік жүйенің қанықпауы (яғни барлық сұлбалардың элементерінің сипаттамасы түзу сызықты болады).
4) Активті кедергілерді ескермеу ( 1000 В дейінгі желілердегі қысқа тұйықталу токтарын есептеулерден және уақыт тұрақтыларын бағамдаудан басқа жағдайлар үшін ).
5) Желілердің сыйымдылық өткізгіштіктерін ескермеу (бір фазалық жерге тұйықталу есебінен басқа жағдайлар үшін).
6) Тұрақты кедергілердің жүктемесін есепке алу.
7) Синхронды машиналардың айналу жылдамдығы тұрақты (өтпелі процессінің бастапқы сатысы үшін t - 0,1....0,2 с).
8) Есептеу сұлбасының ЭҚК-нің векторларының фаза бойынша ығысуын ескермеу.
Өтпелі процесті есептеуде, есептеу техникасын қолданып, кейбір рұқсаттамалардан бас тартуға және сол арқылы есептеудің дәлдігін жоғарылатуға болады. Нәтижесінде өтпелі процессті сипаттайтын құбылыстар толығырақ қамтылады.
2.2 Алмастыру сұлбасын құрастыру және оның параметрлерін есептеу Электрлік жүйенің өтпелі режімін есептеу алдында принципиялдық сұлба негізінде бір тізбекті есептік сұлба құрылады. Бұл сұлбада аппатық токтардың және оларың құрамдас бөліктері өтуі мүмкін элементтер ғана көрсетіледі.
Есептік сұлбада трансформаторлардың магниттік байланыстары бір эквиваленттік электрлік байланысты тізбекпен көрсетіледі. Күрделі электрлік жүйенің алмастыру сұлбасы жеке элементтердің алмастыру сұлбаларын жалғау арқылы құрастырылады. Және ондағы элементтер есептік сұлбадағыдай жалғанған.
Алмастыру сұлбасы құрылғаннан кейін оның параметрлері аталымдық және салыстырмалы бірліктермен есептеледі, содан кейін алынған мәндер кернеудің негізгі сатысына келтіріледі.