Электр және магнетизм пәНӘнен зертханалық ЖӘне студиялық сабақтарды орындаудың НҰСҚаулығЫ



бет12/29
Дата13.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82177
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Жұмыстың орындалу тәртібі

1-т а п с ы р м а. Берілген ток көзінің ЭҚҚ электродинамикалық әдіспен өлшеңіздер де, өлшеу дәлдігін бағалаңыздар.


2-тапсырма. Берілген гальванометрден оқытушының тапсырмада берген кернеуіне арнап вольтметр құрастырыңыздар.
3-тапсырма. Құрылған вольтметрді градуирлеңіздер.
4-тапсырма. Құрылған вольтметрдің техникалық паспортын жасаңыздар. Паспортта өлшеу шегі, ішкі кедергісі, бөлігінің құны, дәлдік класы көрсетіледі.
5-тапсырма. (СОЗЖ - студенттердің оқу-зерттеу жұмысы үшін). Ток көзінің полюстеріндегі кернеудің сыртқы кедергілердің шамасына тәуелділігін (17) теңдеудегі R-гe әр түрлі мән беріп, зерттеңіздер.
Бақылау сұрақтары
1. (9) формуланы қорытып шығарыңыздар.
2. (14) формуланы қорытып шығарыңыздар.
3. Ток көзінің полюстеріндегі кернеу тізбектегі ток күшіне қалай тәуелді?


Лабораториялық жұмыс №6.


ЭҚК-ІН ЖӘНЕ КЕРНЕУЛЕРДІ КОМПЕНСАЦИЯ ӘДІСІМЕН
ӨЛШЕУ


Керекті құрал-жабдықтар: реохорд, Вестон эле­менті, өлшенетін ЭҚҚ көздері, аккумуляторлар батареясы, бір және екі полюсті кілттер, контактылы кілт, кедергі немесе кедергілер магазині.
Жұмыстың мақсаты: ток көздерінің ЭҚҚ-ін және кернеуді компенсация әдісімен өлшеп үйрену.
Жұмысқа жіберілер алдында студенттердің білуге тиісті сұрақтары:
1. ЭҚҚ дегеніміз қандай физикалық шама?
2. Компенсация әдісінің мазмұны неде?
3. Вестон элементінің құрылысы қандай?
4. Вестон элементінің ЭҚК-і неге тәуелді?
5. Қай уақытта полюстердегі кернеу ток көзінің ЭҚҚ-іне тең болады?


Теориядан қысқаша мағлұматтар

1. Сан мәні тізбектің ішкі жэне сыртқы бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең шаманы ток көзінің ЭҚК деп атайды. Толық тізбек үшін Ом заңы бойынша: мұндағы r - ток көзінің ішкі кедергісі, R - тізбектің сыртқы бөлігінің кедергісі. Осыдан: E=IR+Ir, IR=U болады, мүндағы U - ток көзінің полюстеріндегі кернеу, І r - ток көзінің ішкі кернеуі, демек, E=U+Ir. І0 ұмтылғанда EU, яғни тізбекте ток жоқ болғанда ЭҚК-і ток көзінің полюстеріндегі кернеуге тең.


2. Химиялық элементтер, термоэлементтер және т.б. осының ЭҚК-тері бойынша үлкен емес ток көздерінің ЭҚК-ін өлшеу үшін компенсация әдісі кеңінен қолданылады. Компенсациялық әдісте тізбектегі ток нөлге дейін төмендейтін кездерде ғана гальвано­метр қолданылады. Құралдарды осылайша пайдаланғанда олардың ішкі кедергісі өлшеу дәлдігіне әсерін тигізбейді. Компенса­ция әдісімен ЭҚК-ін өлшеудің дәлдігі 0,01 %.
3. Компенсация әдісімен ЭҚҚ-ін өлшеу үшін 36-суретте көрсетілгендей электрлік тізбек құрылады. Электр тізбегі К кілт арқылы АВ потенциометрімен тұйықталатын аккумуляторлар батареясынан тұрады. Қарапайым жұмыстарда АВ потенцио­метрі ретінде реохорд қолданылады. Бұл потенциометрдіц АС бөлігіне Е1 және Е2 ЭҚК көздері, гальванометр және К1 кілті бар екінші электр тізбегі қосылады.

36-сурет 37-сурет


Ажыратып-қосқыштың (пере­ключатель) көмегімен тізбекке әуелі ЭҚК белгілі (Е1) (I күй) ток көзі, сосын ЭҚК белгісіз (Е2) (II күй) ток көзі қосылады. Потенциометрдің AC бөлігіне ЭҚК-тері Е, Е1 және Е2 элементтердің аттас полюстері А нүктесінде түйісетіндей етіп жалғанады. Е2 ЭҚК-ті өлшеу мынадай тәртіппен жүргізіледі. Ажыратып-қосқыш кілтті әуелі I күйге қойып, К және К1 кілттерді тұйықтайды да, потенциометрдің жылжығышын қозғау арқылы гальванометрден өтетін ток күшінің нөлге тең болуын қамтамасыз етеді. Осы шарт орындалғанда ток көзінің Е1 ЭҚК-і, аккумулятор батареясының реохордтың 1 бөлігінде туғызатын кернеуіне (Uас1) тең болады, яғни
E1=U ас1 (1)

(компенсация шарты). Әрі қарай, ажыратып-қоскышты II күйге қойып, реохордтың жылжығышын қозғау арқылы бірінші жағдайдағы сияқты гальванометрдегі токтың нөл болуын (компенсациялануын) қамтамасыз етеді. Егер АС2 бөлігінде компенсация болса, онда




E2=UAC2. (2)
Гальванометрдегі ток нөл болғанда:

және де

осыдан
(3)
мұндағы - реохордтың АС1 бөлігінің ұзындығы, - реохордтың АС2 бөлігінің ұзындығы. (1), (2) және (3) теңдеулерді біріктіріп шешкенде мыналар шығады:
(4)

4. Бұл жұмыста эталондық элемент ретінде ЭҚК-і белгілі (Е1) қаныққан нормаль элемент (Вестон элементі) қолданылады. II класты қаныққан нормаль элемент - қайтымды гальвани элементі және арнайы электр өлшеуіш схемалардағы электр өлшеуіш құралдарды тексеру немесе градуирлеу кезінде ЭҚК-ті тексеретін құрал ретінде қолданылады. Элементтің қабықшасы Н тәрізді химиялық төзімді шыны түтікше және оған дәнекерленген екі платина электродтардан тұрады (37-сурет). Элемент ингридиенттермен (күрделі қоспаның бөліктерімен) толтырылғаннан кейін, оның қабы дәнекерленіп жабылады. 20°С-да элементтің ЭҚК-нің мәні - 1,01860 В. Температура қалыпты (20°С) күйден ауытқығанда ЭҚҚ-і мына формуламен есептелінеді:





мұндағы Et - t° градус температурадағы ЭҚК, Е20 - 20°С температурадағы ЭҚК. Элементтің ішкі кедергісі rо = 1000 Ом. II клас­ты нормаль элементтерді 100С-дан 300С-ға дейінгі температуралар араларында қолдануға ғана рұқсат етіледі. Жұмыс кезінде нормаль элементтің температурасының орташа өзгерісі сағатына 0,5°С-дан аспау керек. Ондай элементтерден алынатын, не өтетін токтың шамасы Ішек =1 мкА (10-6 А) аспау керек. Элементтерді күшті жарық көзінен және жылудан, сол сияқты сілкулерден, дірілдерден сақтау (қорғау) қажет. Элементтерді аударып-төңкеруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет