Электр және магнетизм пәНӘнен зертханалық ЖӘне студиялық сабақтарды орындаудың НҰСҚаулығЫ



бет5/29
Дата13.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82177
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Жұмыстың орындалу әдістемесі

Кедергілерді өлшеу үшін соған сәйкес схема құрылады. Реохордтың D жылжығышын оның қақ ортасына қояды. Кедергілер магазинінен кез келген кедергіні қосады да, К2 кілтті тұйықтап, гальванометрдің стрелкасы қай бағытқа ауытқығанын белгілейді. Содан кейін кедергінің шамасын өзгертіп, К2 кілтті қосып, стрелканың әуелгіге қарама-қарсы бағытқа ауытқуын қамтамасыз етеді. Әрі қарай қосылған кедергілердің шегін бір-біріне жақындата келіп, стрелка шамамен нөлге жуықтайтын кедергіні табады. Соңында, D жылжығыштың орнын ауыстыру арқылы стрелканы дәл нөлге келтіреді. Осыдан кейін реохордтың иіндерінің ұзындығын өлшейді де, Ro мәнін кедергілер магазинінен алып, (7) формула бойынша белгісіз кедергіні есептейді.


Томсон көпірімен жұмыс жасағанда гальванометр АС иініне косылады, сондықтан ондағы ток еш уақытта нөл болмайды. Сол себепті, К1 кілтті қосып және Ro = O етіп, потенциометрдің m жылжығышын а нүктесінен b нүктесіне дейін орын ауыстырып, гальванометр стрелкасы шкаланың ортасына дейін ауытқуын қамтамасыз етеді. Тек осыдан кейін ғана D жылжығышты реохордтың ортасына қойып, кедергілер магазинінен Ro кедергінің мәнін өзгерту арқылы С мен D нүктелерінің потенциалдарын теңгереді. С мен D нүктелерінің потенциалдары теңелгенде гальванометрден өтетін ток нөлге тең болмайды, бірақ К2 кілтті қосып-ажыратқанда оның мәні өзгермейді (гальванометрдің стрелкасы тербелмейді). Дәл теңдікті D жылжығышты қозғау арқылы қамтамасыз етеді.


Жұмыстың орындалу тәртібі

1-тапсырма. Уитстон көпірімен берілген өткізгіштердің кедергісін өлшеңіздер және өлшеу дәлдігін бағалаңыздар.


2-тапсырма. Томсон көпірімен гальванометрдің ішкі кедергісін өлшеңіздер және өлшеу дәлдігін бағалаңыздар.
3-тапсырма. Кольрауш көпірімен электролиттің кедергісін өлшеңіздер және өлшеу дәлдігін бағалаңыздар.
4-тапсырма. Манс көпірімен конденсатордың сыйымдылығын өлшеңіздер және өлшеу дәлдігін бағалаңыздар.
СОЗЖ үшін тапсырма. Екі өткізгішті тізбектей және парал­лель жалғаудағы жалпы кедергінің формуласының дұрыстығын эксперимент арқылы тексеріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет