Электр және магнетизм пәНӘнен зертханалық ЖӘне студиялық сабақтарды орындаудың НҰСҚаулығЫ



бет16/29
Дата13.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82177
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
Электр және магнетизм пәнінен лабораториялық жұмыстар (1)

Ескерту: егер минималь уақыт теріс болып шықса, жұмысқа алынған амперметрдің қатесінің 1%-дан үлкен болғаны. Демек не амперметрді қатесі амперметрмен алмастыру керек, немесе k-ның дәлдігін азайтып (2-3%) есептеу керек.
Тәжірибе төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
1. 99-суреттегі схема бойынша тізбек құрылады.
2. Электродтарды ертіндіден шығарып, миллиметрлік сызғышпен олардың біреуінің ертіндіге батырылатын бөлігінің ауданының (S) орташа мәнін анықтайды.
3. Батырылған ауданның (S) және ток тығыздығының шекті мәнін (j0) білгеннен кейін, IjoS шартына сәйкес ертіндіден өтетін ток шамасын есептейді.
4. Ток күшін анықтағаннан кейін ток жүретін минималь (tmin) уақытты есептейді. Тәжірибенің ұзақтығы tmin-нан артығырақ болу керек.
5. Электродтарды ертіндіге батырып, тізбекті тұйықтап, реостаттың көмегімен керекті ток күшін тағайындайды.
6. Содан кейін, ештеңені өзгертпей, тізбекті қайтадан ажыратады да, катодты шығарып алып, кептіріп, оны зімпара (наж­дачная) қағазбен мұқият тазалайды. Сумен жуып, электр плитканың үстіне ұстап кептіріп, аналитикалық таразыға өлшейді.
7. Массасы өлшенген катодты ваннадағы орнына қайта орнатады. Тізбекті тұйықтап, сонымен бір мезгілде секундомерді де қосады. Тәжірибенің басынан аяғына дейін тізбектегі ток күші өзгермеу керек.
8. Тәжірибе біткеннен кейін катодты қайтадан шығарып алып, оны сумен жуады, кептіреді, тағы да өлшейді.
9. Фарадей санын табуда электродта бір грамм-эквивалент зат массасы бөліну үшін ертіндіден қанша электр мөлшері өтетінін есептеу керек. Заттың бір грамм-эквивалентінің массасы -ге тең. Бөлініп шығатын барлық грамм-эквивалент саны:



t уақыттағы ертіндіден өтетін заряд шамасы: q=It. Сонда бір грамм-эквивалент зат бөліну үшін керекті заряд мөлшері мынаған тең:


q0 – дің сандық мәні Фарадей саны деп аталады да, Ғ әрпімен белгіленеді. Демек, Фарадей саны:

  1. Фарадей санын тапқаннан кейін бір ионның зарядын анықтауға болады. Заттың бір грамм-эквивалентінде Авогадро санына (No) тең бірвалентті ион бар. Олардың таситын зарядының қосындысы Фарадей санына (Ғ) тең. Олай болса:








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет