1 . Юнг әдісі. Жарық S саңылаудан шығып когерентті жарық көздерінің міндетін атқаратын екі S1 және S2 саңылауға түседі. ВС интерференциялық суреті Э экранда бақыланады
2 . Френель айналары. S жарық көзінен шыққан жарық шашырайтын шоқ болып екі А1О және А2О жазық айнаға түседі. Бұл айналар аз φ бұрыш жасай орналасқан. S–тің жорамал бейнелері, S1 және S2, когерентті жарық көздерінің қызметін атқарады. Интерференциялық бейне экранда бақыланады. Ал Э экранға жарық тікелей түспеу үшін оның алдына Б бөгеті қойылған.
3 . Френель бипризмасы. S жарық көзінен шыққан жарық призмадан сынып өткенде екі S1 және S2 жорамал когерентті жарық көзінен шыққандай таралады.
4 . Ллойд айнасы. S нүктелік жарық көзі М жазық айнаның бетіне жақын орналасқан. S жарық көзі және оның S1жорамал кескіні когерентті жарық көздерінің қызметін атқарады.
11. Жарық екі саңылаудан өткенде пайда болған интерференциялық бейнені есептеу. S1 және S2 саңылаулары бір-бірінен d қашықтықта орналасқан және екеуі де көгерентті жарық көзі болып табылады. Э экраны саңылауларға параллель және олардан l>>d қашықтықта орналасқан. Кез келген А нүктесіндегі жарық интенсивтілігі жол айырымы арқылы анықталады , мұндағы , бұдан немесе . l>>d шарттан шығады, сондықтан
.
Максимумдардың орны:
Минимумдардың орны:
Екі көршілес жатқан максимумдардың (минимумдардың) арасындағы қашықтық интерференциалық жолақтың ені деп аталады:
Интерференциялық сурет экранда бір-біріне параллель ақ және қара жолақтардың кезектесіп орналасуынан пайда болады.