Электр жєне магнетизм



бет19/49
Дата28.11.2023
өлшемі3,05 Mb.
#131057
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
УМК 2 часть

Жұқа линзаның формуласы:

Мұндағы: a – линзадан нәрсеге дейінгі, b – линзадан кескінге дейін қашықтық. Егер a= , яғни сәулелер линзаға параллель шоқ болып түседі (сурет (a)), онда b= f. Егер b= , яғни кескін шексіздікте орналасады және осының нәтижесінде сәулелер линзадан параллель шоқ болып шығады, онда a= f.


Екі жағынан бірдей ортамен қоршалған линзаның фокустық қашықтықтары тең болады.
- шамасы линзаның оптикалық күші деп аталады. Оның өлшем бірлігі -диоптрия (дптр) – фокустық қашықтығы 1м-ге тең линзаның оптикалық күші.
Оптикалық күші оң линзалар - жинағыш линзалар, ал оптикалық күші теріс линзалар - шашыратқыш линзалар деп аталады.
Жинағыш линзаға қарағанда, шашыратушы линзаның фокустары жорамал болады. Бас оптикалық оське параллель таралып шашыратушы линзаға түскен сәулелердің жалған жалғасы (сынғаннан кейін) осы жорамал фокуста жинақталады.


4. Оптикалық жүйенің аберрациясы
Нақты оптикалық жүйелерде параллель шоқтарға жуық шоқтар қолданылады, линзаның сыну көрсеткіші түскен жарықтың толқын ұзындығына тәуелді, ал жарықтың өзі монохромат емес болады. Осының нәтижесінде пайда болған оптикалық кескіннің бұрмалануы аберрация деп аталады.
С фералық аберрация. Параксаль сәулелерге қарағанда оптикалық осьтен қашық жатқан сәулелер үшін фокус осы параксиал сәулелердің фокусынан жақынырақ орналасады. Нәтижесінде жарқырап тұрған нүктенің бейнесі бұлыңғыр дақ сияқты болады.
С фералық аберрация астигматизмнің дербес жағдайы болып табылады.
Кома. Егер оптикалық осьтен тыс жатқан нүктелік жарық көзінен таралған қалың шоқ оптикалық жүйеден өтсе, осы нүктенің кескіні бұрыс пішінді ақ дақ болады.
Өлшемін ескермеуге болатын жарық көзін нүктелік жарық көзі деп атайды.
А стигматизм. Егер нүктелік жарық көзі жүйенің оптикалық осінен едәуір қашық болып, одан таралған жіңішке жарық шоғы жүйеге көлбей түссе, сонда жүйеден өткенде сынған жарық шоқтары бір нүктеде қиылыспайды, яғни нүктенің кескіні нүкте болмай, көмескі дақ немесе түзу кесінді тәрізді болады. Осындай кемістік астигматизм деп аталады.
Дисторция. Қарастырылып отырған дененің нүктелері жинағыш линзаның бас оптикалық осінен әр түрлі қашықтықта орналасқандықтан осы дененің нүктелерінің сызықтық ұлғаюы әр түрлі болады. Осының салдарынан дене мен кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады (мысалы, тіктөрбұрышты тор) (сурет (b)-жастық тәрізді дисторция, (c) – бочка тәрізді дисторция).
Хроматикалық аберрация.
А қ жарық оптикалық жүйеге түскенде оның жеке құраушылары - монохромат сәулелер әр түрлі нүктелерде жинақталады (қызыл сәулелердің фокустық қашықтығы ең үлкен, ал күлгін сәулелердігі - ең аз), сол себепті кескін бұлыңғыр және оның айналасы түрлі түстке боялады.
5. Фотометриядағы энергетикалық шамалар.
Фотометрия – оптикалық сәулеленудің энергетикалық сипаттамаларын, жарық шығару, таралу және затпен әсерлесу үрдістерін қарастыратын оптиканың бөлімі.
Фотометриядағы энергетикалық шамалар - оптикалық сәулеленудің энергетикалық параметрлерін сипаттайды. Мұнда сәулеленудің ерекшеліктері мен қабылдағыштарға әсері ескерілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет